Материалдар / Менің педагогикалық философиям
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің педагогикалық философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз мамандығының қыр-сыры
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2020
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Менің педагогикалық философиям»

Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.

ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын елбасымыз Н.Назарбаев: «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады» - деп атап көрсеткен.

Әлемнің талай ой алыптары, небір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Сондықтан, ұстаз мақсаты өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеу. Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін: «Ұстаз – шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күн бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы», - деп биік баға берген.

Мұғалім ең алдымен бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс.Сондай-ақ,ұстаздың өз мамандығына деген үлкен сүйіспеншілігі болуымен қатар, ол оқушыны да сол пәнге қызықтыра білуі тиіс. Себебі, мемлекеттік тілге үйретуде сабақ үрдісінде оқу деңгейі, психологиялық ерекшеліктері әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізетініміз құпия емес. Бірі – осы пәнге деген қызығушылықтары бар, оған бірқалыпты қарайтын оқушылар болса, бірі – пәнге ешқандай қызығушылық артпайтын, санасы төмен оқушылар екендігі белгілі. Сондықтан әр баланың қабылдау ерекшелігін де ескере білім беретін - ұлы ұстаздар.

Мен оқу бітіргеннен кейін еңбек жолымды ұстаздық етуден бастадым. Мамандығым - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Өз мамандығымды сүйемін. Өйткені қызығынан қиындығы көп мұғалімдік мамандық балаларды шексіз жақсы көруді, талмай іздену мен қажырлылықты, қарапайымдылық пен шыдамдылықты қажет етеді.

Менің мамандығыма деген қызығушылығым сонау мектеп қабырғасынан басталған.Менің ұстаздақ мамандығына қызығуыма бірден бір себепкер менің өзімнің ұстаздарым еді.Атап айтсам, Нұрила, Гүлбағда, Данагүл апайларымның еңбектері зор. Қарап отырсаңыз, өмір алма кезек екен. Біз өз ұстаздарымызға қызығып мұғалім мамандығын таңдасақ, бізге де қызығып осы мамандықты таңдайтын шәкірттер де болары анық.

Міне, мен осыдан оқушыға білім бере отырып, оларды сол пәнге қызықтыра білу керек екендігін түсіндім. Өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай, яғни ақпараттық технологияны пайдалана отырып тиімді білім беруді алдыма мақсат етіп алдым.

Қазір жаңа ақпараттық технологиялар заманы. Ұстаз жан-жақты, шығармашыл болы тиіс. Жаңа білім беруде ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білу ұстаз шеберлігі.

Өз тәжірибемде оқушылардың ой – өрісін, тіл байлықтарын дамытуға, ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру мақсатында үнемі ойын элементтерін қолдануды негізге аламын.Интерактивті тақтамен жүргізілген ойын арқылы оқушының біріншіден, сабаққа қызығушылығы артады,екіншіден білім де алады. Жүргізілетін жұмыстарды түрлендіріп, оқушыларға мазмұны әр түрлі мәтін жаздыртуға болады.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, сабағымда бүкіл оқушыларды қызықтырардай бастауға зор мән беремін. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын, сол тақырыпқа қажеттілік туғызамын. Сабақ кіріспесін жазушылар, түрлі өнер адамдары, зиялы қауым өмірінен алынған қызықты фактілерді мысалға алып, көркем шығармалардан үзінді оқып, мақал-мәтелдер, фразеологизмдерді пайдалану сияқты әр түрлі тәсілдермен бастаймын. Сондықтан әр сабақта оқушылар өздеріне: «Бүгін сабақ қалай болар екен?» - деген сұрақ қойып отырады. Қызықты сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыратындығы осындай мәселелерден туындайды.

Ұстаздың еңбегі шәкіртінен көрінеді. Жан-тәнімен білім берген ұстазының еңбегін жарқыраған жұлдыздай көкке көтерсе, ұстазға одан асқан бақыт жоқ.

Мен де еңбегімді алдымда отырған шәкірттерім арқылы көрсетсем деймін. Ертеңгі менің шәкірттерім туған еліміздің мемлекеттік тілін дүние жүзіне танымал етіп, мойындата алатын ғалым , зерттеуші, ұстаз болып өссе, менің еңбегімнің еленгені,тәлімімнің текке кетпегені, жемісімнің жетілгені дер едім .

Менің ұстаздық жолымда әр шәкіртіме сенім білдіріп , жүрегіне жол таба алсам , жаңашыл , құзіреттілігі жоғары қалыптасқан ,ақпараттық технологияны өте жақсы меңгерген ұстаз екенімді көрсетсем деймін.

Таңғажайып оқушылар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Мамандығымның қиындығына қарамастан оқушылармен жұмыс жасау маған ұнайды. Мен үшін – үлкен бақыт. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!