400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің педагогикалық философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұнда менің балабақшаға жұмысқа орналасқан күнім, жалпы педагогикаға деген көзқарастарым қамтылды. Эссе болса да, барлық адамға пайдалы ойлар бар деп есептеймін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбиеші болу бір бақыт

Эссе

Менің педагогикалық философиям «қарапайымнан жоғарыға» яғни қарапайым тәрбиелей отырып жоғары білім шыңына жетелеу, бағындыру.

Әрине қиялдағының бәрін жеткізу мүмкін болғанымен орындау уақытты қажет ететіні болмаса…
Мен өзім №40А.Қыраубаева атындағы орта мектеп жанынан ашылған «Шаттық» шағын Орталығының тәрбиешісімін. Мұғалім мамандығын тандап тер төгіп, еңбек еткеніме міне, бірнеше өтіпті. Қиыны

мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым- үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр бүлдіршіннің бойынан жақсылық тауып, оларды биік мақсаттарға жетелеу. 

Тәрбиеші алдындағы балапан үшін өз ата-анасынан кейінгі екінші жақын адам. Сондықтан да болар, тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне жетелейтін тұлға. Сонымен қатар жас сәбидің бойына балдәурен шақтан бастап, біліммен тәрбиенің негізін қалыптастыра алатын адамгершілігі жоғары, мәдениетті, шыншыл да адал, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, спорттың, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын маман болуы керек. Қазіргі таңдағы балабақша тәрбиешісіне деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Сондықтан тәлімгер алдымен өзі тәрбиелі, сауатты болу керек. Сонда ғана бар баланың емес әр баланың жүрек төрінен орын алады деп білемін.
Ия, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі балабақшаның қызықты бір күнін өткізген соң, ертеңгі сабаққа тың ой, идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек.

Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз-киелі мамандық. Мен тәрбиеші ретінде балдырғандарды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт-санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

Адам тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету- өте қиын екені белгілі. Тәрбиеші - өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек.
Менің мамандығыма деген қызығушылықтың, дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Ұжымдағы тәжірибелі педагогтардан үлгі-өнеге аламын. Олар ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, кешірімшіл болу, ата-анамен және сырт адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.
Менің бір ұққаным әр таңда жұмысына, мектепке, оқушыға асыға жеткен ұстаз,

ол –үлкен жүректі тәрбиеші.Ол қай кезде де балабақшаның жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдерсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білімді балабақшадан бастап сауатты беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев бүгінде мұғалімдерге, тәрбиешілерге зор жауапкершілік жүктеді. Себебі, әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы- балабақшадан бастап берілгенсапалы білімде.


Акимова Гулнур

«Шаттық» шағын Орталығының әдіскері

Қызылорда облысы

Шелі ауданы

Сұлутөбе ауылы















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі