400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің педагогикалық философиям» (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің педагогикалық философиям»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Менің педагогикалық философиям»

Бастауыш сынып мұғалімі: Тукенова Бахытжан Закировна

«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана

адамның жүрегінен орын алады»

Әбу Насыр әл- Фараби


Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады» - деп атап көрсетті. «2030 жобасын» басшылыққа алған біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Ұстаздың білімділік, абырой-беделінің айнасы – шәкірті, - деп халық тегін айтпаған.

Әлемнің талай ой алыптары, небір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Сондықтан, ұстаз мақсаты өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеу. Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін: «Ұстаз – шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күн бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы», - деп биік баға берген.

Мұғалім ең алдымен бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс.

Ол оңайлықпен келе ме, бала жүрегінен орын алуға жол қайда? Ұстаздың өз мамандығына деген үлкен сүйіспеншілігі, терең білімі, айқын қойылған мақсат жолындағы ізденіске толы еңбегі – бала жүрегіне жол табар – қыл көпір.

Осының бәрін мейірімділікке ұштастыру нұр үстіне нұр, ұстаз шеберлігінің бір қыры.

Ұлтымыздың жарық жұлдызындай ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Білімділікке жеткізер баспалдақ, ол біліктілік, сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп айрықша көрсеткен. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.

Әрбір өмірге келген жаңалық, бұрында өмірде қолданылып келе жатқан жаңалықтан бастау алалы. Соны негізге ұстайды. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» - дегендей мен оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Тағы бір ескертетін нәрсе, ең алдымен, ұстаз өз ұлтын шын сүюі керек. Өз ұлтын сүюі арқылы ұстаз бала бойына ұлтжандылықты, елге, тілге деген құрметті дарытады.

Екінші, сабаққа дайындалған сәтте әуелі нені өттім, енді нені айтамын, қалай сұраймын деген ой туу керек.

Сабақты бүкіл аудиторияны қызықтырардай бастауға зор мән берілуі керек. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын, сол тақырыпқа қажеттілік туғызамыз. б Сондықтан оқушылар: «Бүгін сабақ қалай болар екен?» - деп отыруы тиіс. Қызықты сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.Сабақты ұйымдастыру сәтінде ұстаз барлық оқушыға дұрыс көзқараспен қарап сабақты дұрыс, әдемі, жаймашуақ бастауы керек. Бұлай ұйымдастыру оқушының ұстазға деген махаббатын туғызары анық.

Үшінші, тәжірибелі ұстаздардың озық тәсілдерін өз сабағында көп қолдану керек. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.

Оқушының таным құштарлығы, шығармашылық белсенділігі, оқу сарыны, жеке басының ерекшелігіне жақын, оңай жолды іздестіру көбінесе ұстаздарға байланысты болады. Өйткені оқушыларға ықылассыз жұмыс істеттіруге болмайды. Егеменді еліміздің тәуелсіз мемлекет тәрбиесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттарының бірі – өз жеткіншегін жан-жақты дамыған, парасатты адам етіп тәрбиелеп, тиісті мамандық беру болып табылады.Әр оқушы өзін еңбек аланында тұрғандығын сезініп,жеке пікір айта алу дағыларын қалыптастыру.

Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденді, балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» - деген сенімі жай айтылған жоқ. Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны қайта қаралып, жаңару үстінде. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып қазіргі кезде жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру қабілеттерін ашу міндеті туындады. Яғни, білім мазмұнын жаңарту – қазіргі заман талабы.

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
911
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі