Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің педагогикалық мамандығым" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе «Менің педагогикалық мамандығым»


Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгаршілік рухта бағыт-бағдар беруді ұстаздың еңбегі зор. Менің де өмірдегі жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым-ұстаз болу.

Ұстаз . . . бұл сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамған қарыздар. Ол-ұстаз! Осынау сөздерді санамызға құйып білім мен тәрбиені қатар сусындатқан ұлағатты ұстазым Ардақ Амангелдіқызы мен Нүрия Қадемқызының асыл қасиеттерін бойыма сіңіріп мен болашақ өміріме ұстаздық жолды таңдадым.  Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама  алғысым шексіз. 

Мен 2002 жылы бала шақтан болашаққа қадам басып Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебін бітіріп, еш ойланбастан мұғалімдік мамандықты таңдап Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжіне оқуға түстім. Алға қойған мақсатымның алғашқы қадамын аттай жүріп, колледжден ұстаз болудың қыр,сырын меңгеріп, бойыма өзіме деген сенімділік пен ізгілік оты ұялады.

Ұстаз атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәнінде үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың» - деген сөздерді санама тоқи отырып, 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Бастыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауышта оқытудың педагогикалық әдістері» факультетіне түсіп, 2009 жылы тәмәмдадым. Бұл менің ұзақ жылдар бойы ұстаздық ететін қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.

Мен 2006 жылы қолыма мұғалімдік диплом алып бастауыш сынып оқушыларына сабақ бере бастадым. Ұстаздық жолда ең бірінші алға қойған ұстанымым: 1. Оқушыға білім беру үшін өзің білімді болуың керек.

2.Оқушыға тәрбие беру үшін тәрбиені өзіңнен бастауың керек деген ұстаным болды.

Алғашқы еңбек жолымда әрине бәрі жақсы бола қойған жоқ, сондықтан мен өзіме ұстаздық жолда үлгі болатын нағыз маманды іздедім. Сол жолдан менің екінші ұстанымым негіз болды: «Өз ісіңнің үздігі болу үшін, өзгеге қарап бой түзе», сөйтіп мен өз әріптестерім арасынан Жанила Құбайқызының ұстаздық тәжірибесін өзіме үлгі ететін болдым.

«Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман»- деп елбасымыз

Н. Назарбаев айтқандай ұстаздар бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай үнемі ізденіс үстінде жүруі керек. Жаңа заманға лайық жаңа білім мен тәрбие беру- заман талабы. Мен жас бүлдіршіндерге арнаған 10 жылға жуық жұмыс уақытымды өмірдегі бағалы уақытым, қызығы да қиындығы қатар жүрген бақытты кездерім деп айта аламын. Балалардың санасына жеткізу үшін дайындалғын әрбір сабағым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Әрбір сабақ оқушы үшін өз құпиясын ашқан сырсандық болса, ұстаз сол әлемнің сиқыршысындай.

Қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғырту процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаһандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына түбегейлі өзгерістер әкелуде. Ал жаңа заманның жас жеткіншектері жаһандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Ақпараттар легі өте көп. Сондықтан бүгінгі ұстаз баланың алған білімінің сапасы мен тәрбиелік мәніне көңіл бөліп отыру керек деп ойлаймын.

 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
1127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12