400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің педагогикалық ұстанымым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға арналады. Ұстаздыңб үгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің педагогикалық ұстанымым

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда

ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтасымен оның

мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинскйй

Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі – білім. Білім берудің жаңа үлгісі жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек. Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім жүйесі осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал бүгінгі таңда мұғалімнің міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Әрбір жеке тұлғаны дамытуда оқытудың жаңа технологиясын қолдану қажет. Оқу жүйесінде осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай тандауы керек. Өйткені, технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс-тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады. Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, мұғалімнің бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі оқушының  да бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдану үшін педагогикалық ұстанымымыз мықты болу керек.

Мұғалімнің педагогикалық ұстанымы-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның педагогикалық ұстаным аясы да соғұрлым кең болмақ. Менің ойымша, педагогикалық ұстаным - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны және қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және тәжірибелік деңгейін жоғарылатады, сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруы және шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.
Қазіргі мұғалім: оқушымен ортақ тіл табыса алатын, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, білімді, шебер, іскер, тілді жақсы меңгерген білімді болуы тиіс. Заманның талабына қарай бұрынғы оқушылар мен қазіргі оқушыларды салыстырсақ арасы жер мен көктей. Олай дейтінім бұрынғы оқу жүйесінде мұғалім сабақты тек дәстүрлі тәртіппен, бір сарында ғана өткізетін. Мысалы сұрақты мұғалім қоятын, мұғалім оқушыны өзі бағалайтын және оқушының ой пікірімен санаспайтын, сабақты өзі қорытындылайтын. Яғни, оқушы дайын білімді алушы болатын. Ал білім саласындағы жаңа технологияның көздеген мақсаты оқушыны жеке тұлға ретінде тану, өз бетінше білім алуға жетелеу, сұрақ қоюға, нақты жауап беруге, өзіндік ой-пікірін білдіруге, болжам жасауға, зерттеуге, ынтымақтасып,бірлесіп жұмыс жасауға, өз-өзін бағалауға үйрету. Сондай-ақ педагогикалық технологияның ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тындаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушының — өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Менің осыдан он жыл бұрынғы тәжірибемді еске түсірсем біз оқушылардың дамуына көп кедергі келтіргенімізді түсінемін. Ал қазір мүлде басқаша. Қазіргі оқушылардың дүниетанымы кең, дарынды, өнертапқыш, ізденімпаз, талапты өз алдына мақсат қоя алатындай болып тәрбиеленуіне біздер, ұстаздар қауымы тікелей жауаптымыз.

Абай атамыздың: Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға

- деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.

Қорыта келгенде, бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Осындай тұлғаны тәрбиелеуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ. Ұстаз оқу-тәрбие мазмұнына және ұйымдастырылуына асқан жауапкершілікпен қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен тәжірибеде іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез құлық қасиеттерді бойына сіңірген тұлға. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің педагогикалық ұстанымы – бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі