400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің педагогикалық ұстанымым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің педагогикалық ұстанымым» (эссе)

Менің бастауышта оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым:

«Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп ал» «Ұстаздық еткен жалдықпас, үйретуден балаға »,-деп ұлы Абай ай тқандай,ұстаздық атаққа шынайы шеберлік арқылы қол жеткізуге болады.Білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді. Қазір мен жаңартылған бағдарлама бойынша 2-сынып оқушыларына сабақ беремін.Одан байқағаным ,оқушылар бұрынғыдай емес, өз ойын еркін айта отырып, тың жаңалықтарды іске асырудың тиімді жолдарын табуға тырысады.Бір-біріне кері байланыс жасап,өтіп жатқан тақырыптың қаншалықты маңызды екенін іштерінен саралап отырады Оқушы білімін бағалау тың өзгеріске толы десе болады.Жаңартылған бағдарламаның негізгі мақсаты мүлде бөлек. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқушының өз қатасін өзі түзеуіне мүмкіндік береді.Оқушылардың пән бойынша үлгерімі бүгінде екі тәсілмен бағалануда. Олар қалыптастырушы және жыйынтық бағалау. . Оқу әдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірліктегі іс-әрекеті қимыл-тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді. Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті.

    Мен ұстазбын ақылдымын абзал жанмын

    Арманның қиялынан таңдағанмын

    “Ұстаз” деген ұлы істің мәнін біліп,

   Өміріме діңгек қып таңдап алдым - деген  жүрекжарды ұстаздық ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарыммен бастауды жөн көріп отырмын.

. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, «Ұстаз ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе,шәкірт шәкірт емес,өз ұстазын сүймесе» дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. . Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек.

Сондықтан мен мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан мұғалімдік мамандықты таңдап Хожелі педагогикалық училищесіне түсіп, ол оқу орнын бітіргенен кейін,   мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып орналастым. Мұғалімдік 21 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет,. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек.

Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек.    Мыңдаған мамандық ішінен оқ бойы озық тұратын ұлы қызмет ұстаздық .Халқымыздың алғашқы оқытушысы Ыбырай Алтынсарин өз сөзінде «:Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі».деп атап көрсеткен.Сол ұшын оқушының бойындағы қаблетін шыңдай түсу үшін бар ынта –жігерін жинап келген жеткеншектерге ерекше көз қараспен қарап досыңдай сырласа білу қажет. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі