Түрі: ашық
сабақ
Тақырыбы: «Менің
Президентім»
Мақсаты:Жас ұрпаққа президентіміздің
сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің
таныту.
Көрнектіліктер:Елбасы суреті,
слайд,кітап көрмесі,көрнекіліктер.
Тәрбиеші: Балалар, біздің
сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Кәне балалар, қонақтармен
амандасайық.
Балалар:Сәлеметсіздер
ме!
Тәрбиеші: Барлығымыз тұрып әнұранды
орындайық. Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызда
Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы,
мына суретте кім бейнеленген?
Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті.Балалар, сендердің
аналарың, әкелерің жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы
президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім
біледі?
Тәрбиеші:Өте дұрыс. Астанада
Ақордада. Балалар Астанада тағы да не
бар?
Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің
елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін
білесіңдер ме?
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Балалар,
біздің туымызға қараңдаршы, нелер
бейнеленген?
Тәрбиеші:Дұрыс! Ал бұл суреттер не
білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі
қандай?
Тәрбиеші:Дұрыс! Ол аспанымыз ашық
болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің
сәулелері біздің еліміздегі ұлттар
саны
Қыранның бейнесі – еліміз
әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Ою-тудың
қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар, Елтаңбамызға
қараңдар. Елтаңбаның ортасында не
тұр?
Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің
елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үлкен ортақ үй деген мағынаны
білдіреді. Тағы да не бар?
Тәрбиеші:Дұрыс, қанатты ат бар. Атты
біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты
деген.
Төбесіндегі жұлдыз – біздің
еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды
білдіреді.
Ал астындағы «Қазақстан» деген
жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін
білдіреді.
Шаршадыңдар ма
балалар?
Тәрбиеші:Кәне келіңдер сергіту
сәтіне.
Сергіту
сәті.
Біз бақытты
баламыз,
Шырқап әнге
саламыз.
Туыспыз біз
бәріміз,
Бір Отанды
сүйеміз.
Тәрбиеші: Балалар тақтадағы суретке
назар аударыңдаршы. Суретке қарап әңгіме құрайық. Бұл суретте нені
көріп тұрсыңдар?.
(зәулім үйлер мен
ғимараттар,бәйтерек,әсем, көркем қала
Астана)
Сөздік жұмыс:
«Елбасы», «рәміздер» ,
«бәйтерек» барлығы
қайталайды.
Қорытынды:Балалар біз бүгін сабақта кім
туралы айттық?
Тәрбиеші:Ол
кім?
Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай
аталады?
Тәрбиеші:Дұрыс! Маған біздің елдің
рәміздерін атап беріңдерші.
Жарайсыңдар, балалар! Сендерге
сабақ ұнады ма? Егер ұнаса күннің көзінің суретін , ұнамаса бұлттың
суретін тақтадағы қалташаға
салыңдар.
Осымен сабағымыз аяқталды.
Рахмет балалар.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі
керек: ҚР рәміздерін, оларға
сипаттама беруді, аңық сөйлеуді.
Істей білуі
керек: Негізгі сұрақтарға жауап
беруді, ойларын толық жеткізе білуді.
Болуы
керек: патриоттық
сезім.