400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің президентім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің Президентім»

Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта, бейнероликтер


Жүру барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік. Арнайы репортаж көрсетіледі «Менің Президентім»
Мұғалім:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі. Ендеше «Менің Президентім» тақырыбына арналған сынып сағатымызды бастаймыз.

Ел болдық, ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі,

Нұрсұлтаннын атымен басталады.

Тақтаға «Назарбаев » және «Қазақстан» сөздері ілінеді. Бұл екі сөзді бір-бірінен бөлуге болмайды. Егіз ұғым. Назарбаев десек Қазақстанды айтамыз, Қазақстан десек алдымен Назарбаевты айтамыз. Солай емес пе? Онда осы егіз ұғымды сөзді сөйлетейік.

1-топ: «Қазақстан» сөзі бойынша сөйлеп, жұмыстарын қорғайды (слайд, бейнеролик көрсетіледі)

2-топ- «Назарбаев» сөзі бойынша сөйлеп, жұмыстарын қорғайды (слайд, бейнеролик көрсетіледі)

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді президенттер кезегімен.

Елбасы- Назарбаев –егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

Мұғалім: Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді.Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің арқасында! Бүгінгі сынып сағатының соңында сіздерден Президент деген кім? деген сұраққа жауап алғым келеді.

(оқушылар бір сөйлеммен немесе бір сөз арқылы жауап береді)

Мұғалім:

Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының  бергенінен  әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін.Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!

Айдынбаева Айгерімнің «Елбасына арнау» атты көркем сөзі тыңдалады.

 Барлығы:

Ақыл парасатымен, есті істерімен еліне ұйытқы болған қазақтың күре тамырына нәр берген менің Президентім мәңгі жасай берсін!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі