Материалдар / "Менің психологиялық кәсіби ұстанымым"

"Менің психологиялық кәсіби ұстанымым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім таңдаған мамандықтың қыр-сырын баяндау. Осы сала бойынша қызмет атқарудың ерекшеліктеріне талдау жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
808
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия- интернаты»

















«Менің кәсіби ұстанымым»









Әбжанова Сымбат Маратқызы
















Петропавл қаласы

Менің кәсіби ұстанымым


Қоғамның ең басты байлығы – адам. Дені сау рухы биік, білімді ұрпақ нұрлы болашақтың іргесін қалайтындар. Ендеше, жарық дүние есігін ашып, өмірге келгендердің өсіп жетілуіне, азамат болып қалыптасуына, бақытты өмір сүруіне тек ата-ана ғана емес, қоғам да жауапты. Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген өте терең мағыналы нақылы бар.Ол еліңнің  ертеңі  – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Баланың кішкентай кезіндегі мінез-құлқы, ойлау үрдісі, эмоциясы ересек  өмірдің іргетасы фундаменті болып табылады. Ендеше, сол фундаментті берік  етіп орнатуда тәрбиенің орны бөлек. Баланың ерік-жігері, ақыл-ойы, қабілеті мен талантын жас кезінен көре білуде, оларды тек көріп қана қоймай, ары қарай дамытып жетілдіруде, бала бойындағы қайнап жатқан энергияны қазіргі нарықтық заманда дұрыс, қоғамға пайдасы бар нәрселерге жұмсай білуге бағыттауда  психологтың кәсіби  шеберлігінің  алар орны ерекше деп ойлаймын.

Мен осы педагогика- психология мамандығын 2021 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде тәмамдадым. Қазіргі уақытта «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында» қызмет атқарудамын. Қазіргі уақытта мектеп ұжымында оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасап,олардың қиындықтарын тыңдап, оларға психолог маманы ретінде әрқашанда ақыл-кеңес бере отырып қолдау көрсетемін.

«Адамның жанын түсіне білу, оны зерттей білу» - үлкен өнер деп Австриялық ғалым З. Фрейд айтқандай, жүрек қалауымен психолог мамандығын таңдап, шәкірттерімнің қоғамдағы өз орнын дәл табуына көмегім тиіп жатса, менің арман мақсатымның орындалғаны. Осы бір жауапкершілік маған жалықпастан ізденіп, тынбай еңбек етуіме қанағаттандырады, шабыт беріп, жұмысқа деген құлшынысымды арттырады.

Адам өмірі өзінше бір әлем... Небір сәттерде күш – жүгеріңді сынайтын, мойымай ерік күшіңді таразылайтын кезде мықты да төзімді, шыдамды, ақылды болып жеңіске жету үшін әркімге психологиялық көмек қажеттілігіне куә болып жүрміз. Сондықтан психолог маман алдына келген адамға көмек қолын созуға дайын тұруы керек деп ойлаймын. «Қуанышты бөліссең, көбейеді, ал қайғыны басқамен бөліссең азаяды» деп дана халқымыз айтқандай, әр оқушымның көңіл – күй сандығына бар жүрегіммен үңіліп, қуаныш пернелерін дәл басу – менің психологиялық шеберлігімнің шыңы.

Егер баланың жүрегінде сізге деген көңіл толмаушылық пен күмәндылық орын алса, ол бала сіздің көзқарасыңыз бен пікіріңізге ешқашан қосыла алмайды. Баланы менің пікіріме  қосыл деп мәжбүрлеуге болмайды. Ал егер жылы-жылы сөйлеп, ақылмен әрекет жасасаң, бұған оңай қол жеткізуге болады деп  ойлаймын. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады»,- деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Мен егер баланы өз жағыма тартқым келсе, алдымен оны шын ниеттес дос екендігіме сендіремін. Бала жүрегін жаулап алар бір тамшы бал – жылы сөз. Осы арқылы оның ақыл-ойына жол табамын.

Өмірде әркім өз жолын табуды, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды.

Алдыма қойған мақсатыма, аңсаған арманыма жету үшін жан – жақты ізденіп, білім алуды, өзіме деген ішкі сезімнің берік болуы үшін тынымсыз еңбек етуді негізге ала отырып, әр оқушының «жеке тұлға» болып қалыптасуына барлық күш – жігерімді, ыстық жүрегімді арнағым келеді. Күнделікті жұмысымда сол бір бақытты да жігерлі, дені сау, білімге құштарлығы артып келе жатқан жеткіншектермен жүздесумен басталатыны мені қуантып, алға жетелейді. Өйткені күлкіге толы қуанышты, шат – шадыман, елгезек те еңбекқор шәкірттерім менің де жемістерім емес пе?! Мен олардың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып рухани әлем беттерін оқимын.

Психология ғылыми негіздеріне сүйеніп, жетілдіру, диагностикалау - түзету шараларын жүргіземін. Әр оқушының тән сұлулығы мен жан сұлулығы бір – бірін толықтырып, жарқырай түссін деген мақсатымда күнделікті жүзеге асыруға ұмтыламын.

Адам – ең жоғары құндылық, ал оның өмірі бәрінен де қымбат екенін естен шығарған емеспін. Адам шын ниеттенсе, оның қолынан бәрі келеді. Білім мен біліктілік, еңбек жетістіктің ең сүйікті досы. Жетістіктер, асқан қиыншылықтар, адал еңбекпен келеді. Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамгершілік қасиеттерді сақтай білуде жатыр.

Мен оқушыларымның әркез мықты ерік – жігермен, нұрлы ақыл, ыстық қайратпен болашаққа деген балалық құштарлықтарының өмірлік кредоға айналатынына нық сенемін !

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ