400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің қалам - Талдықорған.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің қалам - Талдықорған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Менің сүйікті қалам – Талдықорған

Начало формы

Конец формы

Менің сүйікті қалам - Талдықорған. Ол маған өте ұнайды. Себебі, мен осы қалада тұрамын және білім аламын. Талдықорған- әсем қала! Оның жері кең, әрі байтақ, сонымен қатар, бұл жерде көп ұлтты адамдардың мекені деп айтса болады. Өйткені, бұл жерде басқа ұлттың адамдары тұрады. Атап айтатын болсақ: орыс, татар, өзбек, қырғыз, дүнған,ұйғыр, кәріс, қытай тағы да басқа ұлттың адамдары бар. Сонымен қатар, соңғы жылдары Президентізіміздің жолдауы бойынша біздің қаламыздың,еліміздің санын көбейтіп, байыта түсуде.

Талдықорғанда көптеген үйлер, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындары, колледж, демалыс және сауда орталықтары, кітапхана,театр, кинотеатр, емхана, дәріхана, завод- фабрикалар және тағы басқада қаламызды көркейтетін әсем жерлер көп.

Соңғы жылдарда қаламыз адам танымастай гүлденіп келе жатқаны белгілі. Себебі, күннен- күнге әдемі ғимараттар салынып, көшелеріміз кеңейтіліп, Талдықорған қаласының атына сай көптеген әдемі ағаштар отырғызылып, жайнау үстінде. Сонымен қатар айта кететін жайт, соңғы жылдарда қаламызды байыта түсетіндей бірнеше мектептер-білім ордасы ашылда. Соның бірі менің сүйікті мектебім. Мен осы мектепте оқығаныма өте қуаныштымың және оны мақтан тұтамың.

Менің өзімнің сүйікті қалама тілейтінім және де болашақ өскелең ұрпаққа айтарым осы қаламызды атына сай етіп гүлденуі үшін бар күшімізді салайық дегім келеді. Яғни, біздің қаламызды таза ұстап, оқушыларды жақсы оқып, ата- анамызға көмектесіп жүрсек, ол одан әрі гүлдене түсетініне мен сенімдімін!

Менің қалам-Талдықорған!

Жер жәннәті –Жетісуда орналасқан,

Орманы мен көлдері бастан асқан.

Бейбіт аспан көгінде,тәуелсіз халық жерінде.

Әдемі де,шырайлы

Жерлері де құнарлы,

Бау-бақшасы жайқалған,жайлауға да тұрарлы.

Тұрғындары мейрімді,сабырлы да керімді.

Табиғатына көз салсаң,

Тоймайды көзің қарасаң.

Кіндік қаным тамған жер,

Шырайлы қалам-Талдықорған!

Жер жәннәті –Жетісу деп айтады екен,

Осы жерде орналасқан байтақ өлкем.

Атам қазақ мекендеген осы жерде

Өмірімнің қалған шерін тарқап өтем.

Талдан қаланған бұл қамал ыстық бізге,

Мың алғыс осы жеткен күнімізге.

Сүйікті қалам менің –Талдықорған,

Өлсем де сен қаларсың мәңгі есте…



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2023
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі