400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің қандай білгенім, тиіспін нені білуге? 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ -ға дайындық сабақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: "Менің қандай білгенім, тиіспін нені білуге?"

Сабақтың мақсаты:

білімділік - оқушы сабақта алған білімін ҰБТ тапсыру кезінде

қолдана алатындай жағдай туғызу;

дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету,

ой-өрісін шыңдай отырып, көзқарастарын қалыптастыру;

тәрбиелік - сабақта қолданатын түрлі әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар

арқылы оқушылардың бойына адалдық, мейірімділік, еңбек

ете білу сияқты адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың түрі: білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

Сабақтың әдісі: практикалық сабақ

Жұмыс түрлері: жұптық, топтық, ұжымдық

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, АКТ


Сабақтың барысы:

I. Мотивация кезеңі

1. Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.

1) Бүгінгі сабақтың ерекшелігін ұғындыру.

2. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау.

1) "Ассоциативті қатар"әдісі

Тақтаға сабақ тақырыбын жазамын да, жазылған сөздерден пайда болған

пікірлерін оқушылардың бір бет параққа түсірулерін сұраймын.

2) Парақтарды жинап алып,оқушылармен бірге жазылған ойларды

қорытындылаймын.

3. Сынып оқушыларын топқа бөлу (Сөз таптарына қатысты).

Зат есім

Сын есім

Етістік

1


2

3

4


5




6

Сұрағы: кім? не?


Жалпы, жалқы

Деректі, дерексіз

Көптеледі, септеледі, тәуелденеді

Адамның мамандығын, туыстық атауларын, жас кезеңдерін білдірсе, жіктеледі

Сұрағы: қандай? қай


Сапалық, қатыстық

Салыстырмалы, күшейтпелі

Негізінен септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді

Заттанған түрі тәуелденеді, септеледі, көптеледі

Сұрағы: не істеді? не қылды? қайтті?

Болымды, болымсыз

Сабақты, салт

Етіс


Есімше




Көсемше


II. Кешенді білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру

  1. Интербелсенді тақта арқылы үш топқа сұрақтар қойып, ауызша жауап

аламын


"Жорға "сұрақтар

I топ

  1. Сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы

(жанасу)

2) Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем (жайылма)

3) Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем (жақсыз)

4) Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі (диалог)

5) Ертеректе жиі қолданылғанымен, қазірге кезде басқа сөзбен

алмастырылған сөздер (архаизм)

6) "Көптен көрген- ұлы той" мақал ма , мәтел ме? (мәтел)

7) Cөйлем мүшесі атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді?

(Екі: тұрлаулы, тұрлаусыз)

II топ

  1. Сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып

байланысуы (қабысу)

2) Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем (жалаң)

3) Бастауышы бар сөйлем (жақты)

4) Кейіпкердің ішкі көңіл күйін білдіретін толғау сөзі (монолог)

5) Күнделікті өмірде қолданыстан шығып қалған сөздер (историзм)

6) «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады» мақал ма, мәтел ме? (мәтел)

7) Сөйлем мүшесі құрылысына қарай неше түрге бөлінеді? (дара, күрделі,

үйірлі)


ІІІ топ

1) Сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы (матасу)

2) Қажетті мүшелері толық қатынасқан сөйлем (толымды)

3) Іс-оқиға жайын баяндамай, соған қатысты мекен, мезгіл, құбылысты атап

көрсететін сөйлем (атаулы)

4) Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер (неологизмдер)

5) Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер

(табу)

6) «Еңбек ер атандырады» мақал ма, мәтел ме? (мақал)

7) Әртүрлі тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер

тобы қалай аталады? (сөйлем)

2. «Ойлан.Тап.Бөліс.» Топтық жұмыс.

Берілген сөйлем бойынша әр топқа 3 түрлі талдау жасатылады.

Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді.

1) Фонологиялық талдау (асты сызылған сөзге)

2) Сөз құрамына талдау

3) Синтаксистік талдау


ІІІ. Білімді ұқсас және жаңа жағдайда өздігінен қолдану

1.1) «Ротация» әдісі

Әр топ тест жазып, келесі топ мүшелері жауабын жазады.

2) Айналып келіп, өз тобы тексереді.

2. «Араның ұясы» әдісі

Екі оқушыдан тұратын жұпқа кім не білетіні туралы ой бөлісуді, әр

жұп кезекпен сұрақтарын қоюды сұраймын. Сұрақтарға жауаптарды

басқа оқушылар береді.


IV. Сергіту сәті.

«Пазл» жаттығуы

Жаттығудың сипаттамасы. Екі топқа пазл беріледі.(Осыған арнап алдын-ала жартысында ашық ірі суреті бар парақшаны кесіп қоямын). Команданың міндеті - картинканы барынша жылдам құрастыру.

Талқылау. Жалпы топта талқылау. Әр команда тапсырманы орындау барысында өздеріне ненің көмектескендігін немесе кедергі келтіргендігін айтып береді.

Жаттығудың психологиялық мәні.

Коммуникативтік қабілеттерін, команда ішіндегі ауызбірлікті, өз әрекеттерін басқалармен келісу және қойылған міндеттерді шешу қабілеттерін дамыту.


V. Бақылау және өзін-өзі бақылау .

1. Алдарындағы бағалау парақтарына топтағы оқушылар бір-біріне және өздеріне баға қойып отырады.


Оқушының аты-жөні

Сабақ барысындағы жұмысы

Топтық тапсырмалар бойынша жұмысы

Қорытынды баға







2. Бағалардың қойылу себебін түсіндіреді.


VI. Түзету (Сабақты қорытындылау)

1. Оқушылардың бүгінгі біліміне тоқтала отырып, тиісті жеріне түзету енгіземін.

2. Абайдың 31-қарасөзі жіберіледі.


VII. Рефлекция кезеңі.

Сабақ туралы ойларымен бөлісу.


Бүгін нені білдім?

Енді нені білуге тиіспін?


































Мұғалімнің аты-жөні, тегі: Сеитова Майгуль Кабдыгалиевна



Байқаудың атауы: «Менің үздік сабағым»



Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық



Пәні: қазақ тілі


Сыныбы: 11-сынып



Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Санаты: Жоғары


Пед. өтілі: 29 жыл


Білім мекемесінің атауы: «Индер аудандық білім бөлімінің

Жамбыл атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мекен жайы: Атырау облысы Индер ауданы

Есбол селосы Тайманов көшесі №43


Жұмыс телефоны: 8 (7123424) 6-99


Мекен жайы: Атырау облысы Индер ауданы

Есбол селосы Шүйінішқалиев көшесі

30-үй


Телефон: 8 (7123424) 6-84


Ұялы телефон: 8702 558 96 43


e-mail: sejtovam @mail.ru



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі