жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің Қазақстаным
16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ
АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙ
Жүр. Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді
еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды.
Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 26
жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман
орнады.
Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де
білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын
бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.
Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби
күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Ән-ұран
1-ші
жүргузуші.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін
біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің
ерен ісімен, кешегі дүниені дүр
сілкіндерген Желтоқсаноқиғасымен келген тарихымызда алтын
әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім,
мақтанышым
2-ші жүргузуші. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа
үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына
кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға,
дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз
тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ
халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті
үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат
Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира
Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың
аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір
ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың
кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға
арналған таппақтар тыңдаңыздар:
1-ші сынып
оқушылары
1
Бала:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
2 Бала:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
3 Бала:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
4 Бала:
Он
алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
5-бала:
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
6-бала:
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
7-бала:
Тәуелсіздік мәңгілік
сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін
ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол
жеткізді.
4 сынып
оқушылары
Жас арудың жанарында –
Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздікке жетудің ең ауыр және азапты күні
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі
жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады.
Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш
машинамен, итпен және т.б. таратады. Сол күндері Қ.Рысқұлбеков үшін
де ауыр болып келді.
2-ші сынып
оқушылары.Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар
Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан
кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран
бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на
допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир
мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің
бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды
қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің
бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген
жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу
көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен
беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші:
Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім»
деп
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды
өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп
көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ
болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом
алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе,
мақұлық?
Қайрат:
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған
ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім
керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар,
атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
1-ші жүргузуші:
Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп кім үшін?не үшін? Мерт болуға тиіс екендігін сезе алмаған еді.
2-ші жүргузуші
Бостандықтың жарық сәулесі
үшін аяңбай арпалысып, жатқанда оның тағдырына бүкіл әлем құлақ
түрген еді. 1987ж-дың шілдесінде КСРО-ның төрағасы Громыканың атына
хат келді. Христоф Боркет Қ. Рысқұлековты босатуды талап етті.
Америкада Ронольд Рейкан 1987ж 19 шілдеде Горбачев пен бас пракурор
бұл жас жеткіншектің босатылуын талап
етті.
1 -
жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не
ерлік?....
Өлең « Желтоқсан желі.»
4-ші сынып оқушыларының орындауында «Қазақ биі»
1-ші
жүргүзуші
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
2-ші
жүргузуші
Тәуелсіздік оңайлықпен
келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға
тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция
қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты,
түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып
келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін
үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі
күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі
тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
Көрініс 3-ші сынып «Азаттық
жолында».
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
2 -
жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ
тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда
Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз. Және көптеген
жетістіктерге жеттік.
3-ші
сынып.
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет
Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,
әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының
Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет
айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев
көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі
орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы
қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада
тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің
көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы
тойланды.
1-ші жүргузуші
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2 -
жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
0-сынып шығады. Музыка ойналады.
2 -
жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
4-ші сынып «Көк тудың желбірегені.»
1-ші жүргузуші.
Тәуелсіздік мәңгі сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қанын төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таны мәңгі жасасын.
2-жүргузуші.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры
биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп
тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген