400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілергше арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 12.12.2018.


Тақырыбы: Менің Қазақстаным

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Балаларға Тәуелсіздік туралы түсінік беріп, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, еліміз, жеріміз, тіліміз туралы өлең-тақпақ үйрету арқылы тілдерін жаттықтыру. Отанына деген сүйіспеншілікке патриотық сезімге тәрбиелеу.


Тәрбиелік мәні: өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу
ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу
.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні


Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқы жеткен,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
!!


Сіздерменен,  өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын елім.

Ортамызға жиналған ақ  ниетпен,

Қош келдіңіз, баршаңыз, халқым менің!!


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын, сәби күлкісі мен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!


Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына байланысты Менің Қазақстан!

атты ойын-сауығымызды бастаймыз

Жүргізуші: Бүгін 16 желтоқсан егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі.

-Балалар, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Оған Қазақсатнның жас ұлдары мен қыздары шықты. Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Мухамеджанова, Ләззат Асановалар болды. Бұлар Отан үшін, туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты Ендеше балалар, осы ағаларымыз бен апаларымызды еске алайық. (1 минут үнсіздікпен еске алу)

Ән: «Елтаңбасы елімнің» әні.

Өлең- шумақтар:

Нұрби: Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел - Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.


Әлиби: Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен- байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!


Жанболат: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Нұрдос: Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды,

Биік көтер , жас ұлан.


Илияс: Ақ ниетті-алтын күн,

Саған айтам асқақ ән.

Әрқашан да қазақ боп,

Туғыныма мақтанам!


Нұрсұлтан: Шұғылалы таңымыз

Қазақ жері-бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір,

Сусындайды жанымыз,


Айжамал: Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.

Тазша бала қонаққа келеді

“Ассалаумағалейкум! балалар

Мен Тазшабаламын

Балалармен ойнаймын

Ренжітер сәбилерді,

Тентектерден қорғаймын.

Өмірімді арнармын,

Бақытты үшін халқымның.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәрбиеші:- Қош келдіңіз Тазща бала бүгінгі мерекеміздің қонағы болыңыз.

Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан қандай ел?

Балалар: -Егеменді, тәуелсіз мемлекет.

Тәрбиеші: -Тәуелсіздігіміздің арқасында рәміздеріміз пайда болды?

Еліміздің рәміздерін кім атап береді?

Балалар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Жүргізуші:-ҚР Президентті кім?

Балалар:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Ақзер: Батырлық бар тегімде

Көк байрағым көгімде

Әнұранды жатқа айтам

Елтаңбам тұр төрімде.


Дидарбек: Қатар шапқан қос тқлпар

Ай астында қазақ үй

Қалытаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күн

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.


Жүргізуші: Күн шуақты Қазақстан

Саған ғана үн қосқан.

Жүрегімнің дүрсілі

Төгіледі жыр дастан.

Ән: «Отан-ана» Бауыржан, Илияс, Нұрдос жеке орындауларында

Бауыржан: Батырлық бар тегімде

Көк байрағым көгімде

Әнұранды жатқа айтам

Елтаңбам тұр төрімде.

Кәусар: Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.


Аяжан: Біліммен жұпар жинаймын,

Еліме бақыт сыйлаймын.

Жүрекпен сүйіп отанды,

Жүректен мәңгі жырлаймын.

Тазша бала балалармен бірге ойын ойнайды

Ойын: Ұлттық ойындар; «Тақия тастамақ», «Асық ату»

Жүргізуші: Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

Ән: «Туған жер» әні

Жүргізуші: Арайлап тәуелсіздік таңы атты,

Кең далама көктен күн нұрын шашты.

Бейбіт өмір сүрсін деп ата – баба

Қанша еңбек маңдайдан терін төкті.

Тәуелсіз елдің бақытты ұл , қызымыз,

Әрқашанда желбіресін көк туымыз.

Қыраны көкте қалықтап еркіндікте,

Орнасын мәңгі бейбітшілік елімізде.


Құрметті ата – аналар! Ұстаздар! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап өткізілген Менің Қазақстаным атты мерекелік ойын-сауығымыз осымен аяқталды. Егеменді елің болашағы сендерсіңдер балалар! Елім қазақ, жаным қазақ, жүрегім қазақ деп соққан, кішкентай бүлдіршіндерміз аман болсын. Еліміз тыныш болсын, Қазақстанның көк байрағы көгімізде желбірей берсін! Кішкентай сәбилеріміз бақытты өмір сүрсін!

«Менің Қазақстаным» биі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі