400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал шағын орталыққа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Қазақстаным»


Дайындаған шағын орталықтың аға тәрбиешісі.

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты:Балалардың Отан,Рәмәздер, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Балаларды Отанын елін сүюге тәрбиелеу.

Еліміздің тәуелсіздігіне орай өткізілген ертеңгілікке балалар залға топпен кіреді.

Балалар мұнан соң әнұран орындайды.

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдерме балалар,қонақтар,әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз!

Тәрбиеші:Балалар біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз.Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз бар.

Балалар біз өзіміздің рәміздерімізді білуге міндеттіміз. Балалар біздің рәміздерімізге не жатады?

Балалар:гимн,елтаңба,ту

Тәрбиеші:Балалар сендер гимн, елтаңба, ту, жайлы кім не біледі, қандай тақпақ білесіңдер?

Балалар ортаға шығып өз тақпақтарын орындайды.

Ерзат: Елтаңбасы елімнің

Нетке әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Асыл: Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Аяулым: Ән ұраным жан ұраным

Аян: Ақ кетті – алтын күн

Асқақ арман қыраны

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі мақтаны.

Тәрбиеші:Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан

Еркежан: Отан жерім отан суым

Отан қуат нәр береді

Отан ұран отан туым

Отан мәңгі гүлденеді

Кәусәр: Бақытты етіп осірген

Отанымның гүлімін

Тәрбиеші:Балалар Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар:Тәуелсіз егеменді мемлекет

Тәрбиеші:Балалар біз тәуелсіз егеменді мемлекетте туғандықтан біздің елбасымыз кім екен?

Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші:Балалар біздің ел ордамыз қалай аталады?

Балалар:Астана

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар Астана.Балалар Астана қандай қала?

Балалар:Астана-бас қала, әдемі үлкен қала

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі біздің осындай тәуелсіз елде тұрып жатқанымызға Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев,Асанова Лаззат, Мұхамеджанова Сабира осындай аға әпкелеріміз үлкен еңбек сңірді осы кісілерді біз үнемі мақтан етіп жүруіміз керек.

Балалар біз өз отанымызды сүйе білуіміз керек сондықтанда мына жалауды бояп шығайық.

Міне балалар біз өз отанымызға деген сүйіспеншілігімізді осылай білдірейік.

Ал енді балалар сабағымызды аяқтай келе « Елбасы және тәуелсіздік» атты байқауымыздың жеңімпазы күміс жүлде иегері Асқарқызы Еркежанның орындауындағы Қайрат Әлімқұловтың.Тәуелсіздік жолында атты өлең шумағымен аяқтаймыз.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын

Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік ұлы той

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күнімен

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үнілем

Оналтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі