400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»

Материал туралы қысқаша түсінік
өтан туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»

ҰОҚ: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру.Балалардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Туған елін, жерін сүюге, отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Қостілділік: отан-родина-homeland, астана-столицы- capital, ұлт- нации — nations, ту-флаг- flag

Сөздік жұмысы: отан, астана, ұлт, ту

Қажетті көрнекілік құралдар: отан туралы мақал -мәтелдер, тақпақтар, рәміздердің суреттер, тақырып бойынша суреттер жинағы, слайд

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды  даламыз.

Тәрбиеші:  Балалар, біз қандай мемлекетте тұратынымызды мақтанышпен айтайык. Балалар, біз өте бақытты, тыныш, достығымыз жарасқан мемлекетте өмір сүреміз.Сендер білесіңдер ме? Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балалар үшін, еліміз үшін, отанымыз үшін ештеңе аямады. Сен басқа мемлекетке бара қалсаң, өзіңнің тіліңді, отаныңды, туыңды яғни рәміздерді мақтанышпен жеткізсең сонда ғана сен нағыз патриотты азамат екеніңді дәлелдей аласың. Қазір балабақшада жүрсеңдер де, мен отаным үшін не істей аламын деген сұрақ көкейлеріңде тұру керек.

Сен үлкен азамат болғанда отбасың үшін, отаның үшін қолыңнан келгенше аянбай еңбек етсең, қорғасаң, бір кірпіш қаласаң да міне осының өзі де сенің қазақстан үшін тер төккеніңнің дәлелі болмақ.

Ата -бабамыз біздің тыныштығымыз үшін күресіп, осындай бейбіт елде өмір сүруімізді нәсіп етті. Мен деп, қазағым деп жүрегі соққан азаматтарды әрқашан биік асу күтіп тұр.

Елбасымыз қаншама ұлттармен тату -тәтті өмір сүруімізді және бір шаңырақ астында тұрып жатқанымызды мақтанышпен айтады. Біздің тобымызда күрт, қазақ, орыс ұлттарының балалары бар. Мадина мен Алина орыс халқының қыздары болса, Касым күрт халқының тумасы. Ал, біз қазақтың қара домалақтарымыз.

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Елтаңбаның орталық элементі -шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Елбасына құрметпен

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Тақпақтар

Біздің ту”

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Әнұран”

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Мақал -мәтелдер

-Отан оттан да ыстық.
— Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
— Отан – елдің анасы.
— Отан үшін отқа түс, күймейсің.
— Отаным — алтын бесігім.

Сергіту сәті:

Қара жорға”

Балалар ортаға шығып, ұлттық биді билейді.

Отан- отбасынан басталады

(слайд)

Дидактикалық ойын:
“Өз туыңды тауып ал”

Барысы: тақтаға көптеген мемлекеттердің туы ілінген. Осы тулардың ішінен өз туыңды көрсет.

Ия, біз Қазақстанымызды, туған жерімізді, отанымызды, ұлтымызды, тілімізді, отбасымызды ең жоғары бағалайтын азаматпыз.

Біз елдің ертеңгі болашығымыз”! Бізден үлкендер көп үміт күтіп отыр. Сондықтан да біз сол арқалаған үмітті ақтауымыз керек.

Сонда ғана біздің болашағымыз жарқын болатынын нық сеніммен айта аламыз.

Қорытынды:

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біз қай қалада тұрамыз?

-Елордамыз қай қала?

Қоштасу шеңбері

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі