Материалдар / «Менің Қазақстаным»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің Қазақстаным»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің Қазақстаным» атты 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы. Оқушыларды Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2022
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңатоған ауылының №14 ЖББ мектебі » КММ







«Менің Қазақстаным»










Әзірлеген: Абдырахманова С.К.









2022-2023 оқу жылы

Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

Жүргізуші1: Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар жәнеқонақтар! Еліміздің  Республика күні баршаңызға Құтты болсын!Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі–біздің жетістігіміз,сондықтан бүгінгі«Менің Қазақстаным» атты 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты жиынымызды  ашық деп жариялаймыз! 

Жүргізуші 2:  Салтанатты жиын 2 бөлімде өткізіледі:

1бөлім:2- сынып білім алушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі;

2бөлім:25 қазан Республика күніне арналған салтанатты жиыны.

Олай болса, салтанатты жиынымыздың алғашқы бөлімін бастау үшін сөз кезегін Ұланбасшысы Төкен Айбарға беріледі.

Фанфар ойналып, ортаға Ұланбасшы шығады.

Ұланбасшы: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар,оқушылар 25 қазан Республика күніне орай Республикалық Бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны ұйымдастырылып отыр.

Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынын бастаймыз!

Қазақстан Республикасының Туына түзел, тік тұр! Ту әкелінсін!

Туы әкелінеді.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Ұланбасшы:

Жаса мәңгі ,Тәуелсіздік ұраны ,

Шарықтасын қазағымның жыр әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің «Жас Қыраны»

«Жаңатоған ауылының №14 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.



Отанымның Жас ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Мәңгілік ел жолында,

Ант беруге дайын бол!

Ұланбасшы:Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуге дайынбыз.

Табыс тізгіні білімді болашақ жастардың қолында. Біз – Қазақстан болашағымыз! Біз мақтаныш тұтуға лайықпыз!

Ұланбасшы: Біз?????

Барлығы: Жас Қыран

Ұланбасшы: біздің ұран:

Барлығы: Қазақстан - Жас Ұлан (3 рет)

Ұланбасшы: Ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде төсбелгі тағу рәсіміне көшейік.

Дабыл маршымен төс белгі тағу рәсімі жүргізіледі.

Ұланбасшы: «Жас Қыран » ұйымының антын айту құқығы «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелеріне беріледі.

Антты айтады.

Ұланбасшы: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Дюсенова Баян Төлеуханқызына беріледі.

Құттықтау сөз

Ұланбасшы: Құрметті 2- сынып білім алушылары, Сіздерді республикалық «Жас Қыран» балалар ұйымына мүше болуларыңызбен құттықтаймыз!

Ұланбасшы: Ұйым! Қазақстан Республикасының Туына түзел, тік тұр! Ту шығарылсын!

Қазақстан Республикасының Туы шығарылады.

Ұланбасшы: Республикалық «Жас Қыран » балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымына алғаш рет мүшелікке қабылданған балаларды құттықтай отырып, жиынды аяқтаймыз.

Жүргізуші 1:Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. 1990 жылы 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл – қазақ тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күнді мереке етіп өткізу қазақ халқының қуанышы деп білем.

Жүргізуші 2: Йә, дұрыс айтасың. Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді. Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйек күні тиісті заңға қол қойды. Ендеше осындай айтулы күнмен құттықтау сөз кезегін директорың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдырахманова Салтанат Қойшыбекқызына береміз.

Жүргізуші 1: Қиялым қыран құстай қанат сермеп,

Шарықтап, барған сайын қияға өрлеп,

Жүрегім жүйрік аттай көсіледі,

Шапқылап, тамырымда қан дүбірлеп.- деп келесі кезекті 1 сыныпбілім алушыларына береміз.


Жүргізуші 2: Жаңарып, жасарып тұр байтақ Отан,

Халықтың пейілінен нұр себелеп.

Елімнің болашағы өрендер ғой,

Тастүлек, құрыш білек, жалын жүрек! - дей келе ортаға 2- сыныпбілім алушысы Жұмабай Ақниетті «Мен –қазақтың ұлымын» әнімен шақырамыз.


Жүргізуші 1: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

              Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

              Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

              Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

5-сынып ұлдарының биін тамашалаңыздар


Жүргізуші 2:Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.



Жүргізуші 1: Дұрыс айтасың. Мен сенімен толықтай келісемін. ЖәнеРеспублика күнінде Қазақстанның мұқым хал­қының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүд­десі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак­торлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын. Келесі кезекте сіздердің назарларыңызға 4- сынып білім алушыларының «Атамекен» әнін ұсынғым келіп тұр. Қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 2:Білгенде егемен ел, Отанымды –

Кетеді жүрегімді шаттық кернеп.

Көк туы – Күн шапақты, қыран қанат,

Шалқиды ел төрінде нұр салтанат. – деп ортаға 8- сынып білім алушыларын «Алға, Қазақстан» биімен ортаға шақырамын.


Жүргізуші 1: Уығын егемен ел, керегесін

Ұстап тұр тұлпар тұғыр қара шаңырақ.

Шырқалса “Алтын күн” деп Әнұраны,

Ғажайып құйылады жанға шуақ.Алдарыңызда Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен 9- сынып білім алушылары.


Жүргізуші 2:Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!

Жүргізуші 1: Осымен Республика күніне арналған концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше! Қош, сау болыңыздар!










 























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!