Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Менің Қазақстаным"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Менің Қазақстаным»
(Ассамблеяның 20 жылдығына арналған және Ш. Қалдаяқов әндерін орындау ән кешінің сценариі)
Тақырыбы: Менің Қазақстаным.
Мақсаты:Ұлы сазгер Шәмші
Қалдаяқовтың әндерін әр ұлт өкілдеріне орындату арқылы, олардың
туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту,
ел арасындағы татулық пен бірлікті нығайту және Шәмшінің
шығармашылығын насихаттау.
Түрі: шығармашылық
ән
кеші.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты
презентациялар. Ш.Қалдаяқовтың портреті,
суреттер.
Кештің барысы: Сахнаға жарық, света музыка беріледі.
1-бөлім. Бар ұлт- өкілін әнімен тамсандырған - Шәмші аға.
\ Қазақстан халқы Ассамблеясы және Шәмші Қалдаяқовтың өмір-шығармашылығына арналады\
«Ассамблеяға қатысты және Шәмші аға жайлы құрылған диалог».
4 «А» сынып оқушылары.
Аяна :
Сәлем, Исадил! Қандай әдемі ән, бұл әнді кім шығарған?
Исадил:
Сәлем, Аяна ! Бұл әнді атақты Шәмші Қалдаяқов жазған.
Шіркін! Шәмшінің әндері қандай керемет.
Аяна:
Шәмші Қалдаяқов деген кім?
Исадиль:
Шәмші аға - атақты композитор. Оны қазақ вальсінің королі деп атаған.
Зере:
Шәмші Қалдаяқов қай жылы туған?
Исадиль:
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырарда туған.
Зере:
Қандай әндер жазған?
Исадиль:
Шәмші аға 500-ден артық ән жазған.
Оның әндері: туған жер, ана жайлы, дос-махаббат жайлы.
Бүгін «Достық үйінде» мерекелік кеш өтіп жатыр.
Зере:
Қандай мерекелік кеш?
Исадиль:
Ассамблеяның 20 жылдығы мен Ш.Қалдаяқовтың 85 жылдығына арналған кеш..
Зере:
Ендеше барайық, асығайық! Бірге барып көрейік.
Исадил:
Мен қуана-қуана барамын. Кеттік.
1-жүргізуші. Индира. Армысыздар, кұрметті кешке жиылған халайық. Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші. Бағым. Биылғы жыл халқымыз үшін ерекше жыл, өйткені 2015 жыл айтулы оқиғаға толы жыл. Атап айтсақ , биыл халқымыз қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата Заңымыздың 20 жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық тойын, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын, Шоқан Уалихановтың 180 жылдығын, Ш. Қалдаяқовтың 85 жылдық мерей-тойын тағыда басқа айтулы оқиғаларды Республикалық деңгейде атап өтуде.
Индира. Келе жатқан НАУРЫЗ мерекесімен баршаларыңызды құттықтап, наурыз мерекесі аясында «Қазақстаным менің» атты шараны Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы ның қолдауымен, нұсқауымен қалалық деңгейде өткізіп отырмыз.
Бүгінгі біздің кешіміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Ш. Қалдаяқовтың әндерін орындауға арналады.
Бағым.
Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын халайық! Бүгін №6 гимназияның мұғалімдері мен оқушылары сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсетеді. Ендеше, әр ұлт өкілдерінің сіздерге арнап дайындаған «Менің Қазақстаным»атты шығармашылық ән кешін тамашалаңыздар.
Индира.Қазақстанның осы уақытқа дейін жеткен жетістігі осы мемлекетте тұратын этникааралық келісім мен бейбітшіліктің арқасы.
Бағым.Қазақ даласында осы бейбітшілік пен татулықтың сақталуына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі зор. Мемлекет басшысы
Н. Назарбаев Төрағалық ететін Ассамблея бүгінде 20 жылдығын атап отыр.
Индира. Ендеше осындай ерекше той құрметіне«Қазақ елі осындай» әнін арнайық. Кешімізді бастауыш сынып мұғалімі Байгужинова ГүлжанатШаменқызы және 2 «В»- сынып оқушысы Магауина Дарина ашып бермекші. Қарсы алыңыздар!(Тақырыпқа байланысты слайд-шоу көрсетіледі.)
ІІ.«Әр ұлт өкілдерінің ұлттық киім үлгісі». (Оқушылардың өз қолдарымен тіккен ұлттық киім үлгісінің көрмесі.)Видио ролик.
II.I «Балдаурен» би тобы. Өнер көрсететін 1 «ә» сынып оқушылары.
Бағым:
Композитор шығармасының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, дос - жаранға деген сүйіспеншілік - Шәмші ағаның шығармашылығының басты тақырыбы болды. Ұлы дарын өмірден өткенімен көңілден кетпеді.Сахна төріне бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Бақтыгүл Дәулетқазықызын және ағылшын тілі мұғалімі Жантұрғанова Мөлдір Мәуленқызын «Шаттық валсі» әнімен шақырамыз.
Индира.
Шәмшінің әнін шырқасаң атар таң күліп,
Жүректе қалар әуендері мәңгілік.
Жылы нұр сеуіп жаныңа ләззат беретін
Әндері-ай шіркін, Шәмшінің кетті жаңғырып!
Шәмші Қалдаяқовтың әндері тұнып тұрған махаббат лирикасы . Өз заманында Шәмші ағаның мұндай әндері отырыстарда, той-Домалақтарда шырқалмай кетпейтін болған. Келесі орындалатын ән «Сыр сұлуы». Орындайтын 11 «А»- сынып оқушысы , Иващенко Яна.
Бағым:
Композитордың марш екпінді,
жігерлі, шаттықпен шырқалатын «Менің Қазақстаным» әні егемен
еліміздің ән ұранына айналды.
6 қаңтар 2006 жыл, Республика Парламентінің бірлескен отырысында
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Шәмші Қалдаяқовтың «Менің
Қазақстаным» әні мемлекетіміздің Әнұраны болып
қабылданды.
Индира: :Шәмші ағамыз бір сөзінде.
«Сендер менің әл - Фарабимен жерлес екенімді ұмытпаңдар.
Ол да, мен де Отырарда туғанбыз деген екен.Шәмші ағаның өзінің
туған жеріне арнап жазған әндерінің бірі «Отырардағы той». Қарсы
алыңыздар ортаға 5
г сынып
оқушысы Муртазина
Сандриняны шақырамыз. Өлеңін жазған С.
Асанов, әнін жазған Ш. Қалдаяқов.
«РОДИНА МОЯ».Орындайтын «Колокольчик» вокалдық тобы. Жетекшісі Кенжебаева Л.С.
Бағым:«Ана» тақырыбы қай ақын-жазушыны болмасын толғандырмай қойған жоқ. Біздің бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасаған аяулы да ардақты аналар!Ендеше, Шәмшінің келесі әні «Ана туралы жыр». Осы әнді орындауға 4 сынып оқушысы Макулбаева Даянаны шақырамыз. Сөзі: Ғафу Қайырбековтікі. Әні: Ш. Қалдаяқковтікі.
Индира: Махаббат лирикасы тақырыбында Ш.Қалдаяковтың әндері өте көп. Келесі орындалатын ән «Қайдасың». Сахнаға Байгалиева Адеманы шақырамыз.
Бағым: Келесі сөзімізді ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзіменжалғастырсақ. «Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды». Расында, Елбасымыз айтқандай қазір әр-түрлі ұлт өкілдері «Қазақстан» атты туған елдің туының астында бірігіп өмір сүріп жатыр. «Елім-ай» әні. Орындайтын2б сынып оқушысы Мурсалимова Ақнұр.
Индира:
«Сұлу Арыс сулары,
Еркелеп ағар тербеліп.
Ғашықтар жүрді жағада
Жүрекке әнмен дем беріп», - демекші, Шәмші ағаның келесі әні Арыс
жағасында. Шәмші Қалдаяқовтың барлық әндерінің шығу тарихы бар.
Оның атақты «Арыс жағасында» әні бір жас жігіттің «Әндеріңіздің
ішінде Арыс жоқ, неге ерке өзеннің сұлуларын ән етпейсіз?» деген
сұрауынан туған екен.
Осы әнді 2-сынып оқушысы Ихсанова Азиза орындап беремекші.
Индира: Келесі орындалатын ән «Кестелі орамал»
Орындайтын 6 «А» сынып оқушысы Эсаулова Настя.
Бағым: М. Шахановтың сөзіне жазылғанекі жастың бір-біріне деген шынайы махаббатын ән еткен Шәмші ағамыздың «Өмір-өзен» әнін қанша тыңдаса да, жалықпаған қазақ жоқ шығар. Аталған әнді тағы бір мәрте
2 «ж»- сынып оқушысы Дускужанова Дарияның орындауында тыңдайық.Қарсы алыңыздар!
Абдулов Эльдардың орындауында баянның сүйемелдеуімен «Татар әні».
Индира : 4 а сынып оқушысы Шекербекова Балжан «Қазақ вальсі».
Индира. Құрметті кешке келген қонақтар! Осы уақытқа дейін туған жерге деген махаббат жайлы ән-жырлармен қатар, Шәмшінің жан тербететін әндерін естігеннен қазақ елі ешқашан шаршаған емес. Шәмшінің өзі өлсе де, әні мәңгілік өлмес. Жанынды тербететін, жанға жайлы әнін қазақ елі мәңгілік жадынан шығармас.
Бағым. Ән кешіміді тамашалап отырған ағайын, бүгін біз Шәмші ағаның әнін, Қазақ елі жайлы жазылған әндерді өз әлімізше шырқадық. «Менің Қазақстаным» атты ән кешімізді «Атамекен» әнімен қорытындылайық . орындайтын 1 «ә» сынып оқушысы Даниял Дамир.
Индира: Құрметті ән кешіне жиылған қауым «Менің Қазақстаным» атты ән сайысымызды аяқтаймыз.Тыңдағандарыңызға рахмет.