Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің Қазақстаным"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Құрастыру.

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Туған ел, отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Отансүйгіштікке баулу, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ҚР рәміздері, Бәйтерек суреті, дидактикалық ойын материалдар ы

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Ту, елтаңба, гимн, бәйтерек.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметі ерекше болмақ. Себебі бізге қонақтар келді. Ал, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін құрып, қонақтармен амандасайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме?!



Балалар қонақтармен амандасып, шаттық шеңберіне тұрады.


Іздену - ұйымдастырушы

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде ауа – райында қандай өзгерістер болады?

Сендер күз мезгілінде ауа – райында болатын өзгерістерді жақсы біледі екенсіңдер, енді ұмытпай естеріңде сақтап жүріңдер.

-Балалар біз қай Республикада тұрамыз, еліміз қалай аталады?

Таңғажайып сәт: Қызықты әуенмен ішке Томпақ келеді. Ол айналасына қарап, таңырқап қайда келгенін білмей, балаларды көріп:

-Мен қайда келдім, бұл қандай жер?

-Сәлеметсіз бе, Томпақ, қош келдіңіз. Қане балалар, Томпақпен бәріміз амандасайық.

Томпақ бұл «Болашақ» балабақшасы. Ал сіздің қай елге келгеніңіз туралы балалармен бірге айтып береміз. Жайғасып отырып, тыңдаңыз.

-Балалар біз қай елде тұрамыз?

Қане, Томпаққа Қазақстан туралы, туған жер туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Балалардың тақпақтар айтуды ұсынады.









-Ал, Томпақ сен енді қайда келгеніңді түсіндің бе?

-Олай болса, мұқият мені тыңдаңыздар, мен Қазақстан туралы айтып беремін.

Интербелсенді тақтадан слайд арқылы мәлімет береді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Оның президенті Н. Ә. Назарбаев. Елордамыз – Астана қаласы. Еліміздің Ту, Елтаңба және Гимн деген рәміздері бар.

-Еліміздің рәміздерін айтып беріңізші?

Балалар мына суретте біздің туымыз. Оның түсі көк. Тудың ортасында сәулесін шашқан күн бейнеленген. Аспанда қалықтап ұшқан қырын құс , және қазақтың ұлттық ою – өрнектері бейнеленген. Мемлекеттік туымыздың авторы Шәкен Ниязбеков. Енді туымыз туралы тақпақ айтайық.



-Балалар туымыздың пішіні қандай пішінге ұқсайды?

Еліміздің тағы бір рәміздерінің бірі – елтаңба. Елтаңба көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың күн сіулесі тәріздес бес уықтар таралған. Оң жағы мен сол жағында пырақ ат бейнеленген. Оның жоғары бөлігінде бес бұрышты жұлдыз орналастырылған. Ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Ол мемлекетіміздің атын білдіреді. Елтаңбаның авторы Шота Уәлиханов пен Жандарбек Маліков. Елтаңба туралы тақпақ айтайық.



-Елтаңбасымыздың пішіні қандай пішінге ұқсайды?

Келесі рәмізіміз – Гимн. Ол салтанатты мерекелерді орындалады. Балабақша ертеңгіліктерінде шырқаймыз.Гимн туралы тақпақ айтайық. Ал енді орнымыздан тұрып, Мемлекеттік Гимнді бірге шырқайық.

Д/О: «Гүл»

Мақсаты: Балалардың гүлдің пішінін ажырату білуге үйрету.

Шарты: Гүлдің бөліктерін орналыстырып қою.

Тәрбиеші Томпақпен бірге балаларды бақылып, мадақтайды.

Балалар орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: «Көңілді күн» бейнетаспа арқыры өткізеді.

Балалар әр елдің өз елордасы болады. Біздің елордамыз – Астан қаласы. Ол өте әдемі, сәулетті қала. Астанада «Бәйтерек» монументі бар. Ол биік ағаштың бейнесіне ұқсайды. Бәйтерекке мұқият назар аударайық. Енді «Бәйтеректі» құрастырайық.

Д/О: «Бәйтерек»

Мақсаты: Балаларды пішіндермен таныстыру.

Шарты: Төменнен жоғарыға қарай бәйтеректі құрастыру.

-Күз мезгілі

-Күн суытады, жапырақтар сарғаяды





-Қазақстан республикасы


Балалар Томпаққа назар аударады.


Балалар Томпақпен амандасады.


Томпақ балалардың жанына жайғасып отырады.

-Қазақстан Республикасы


Отан -менің ата- анам

Отан-досым,бауырым

Отан-өлкем,астанам

Отан- туған ауылым.


Қазақ жері – Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын

Отаным сен Қазақстан.


-Иә, түсіндім


Балалар интербелсенді тақтаға назар аударып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.





-Ту, Елтаңба, Гимн


Тудың түсі көк, күннің түсі сары.




Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп нұр

Күн жаяды шапағын


-Төртбұрыш









Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі


-Дөңгелек

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте


Балалар мемлекеттік Гимнді орындайды.




Балалар дидактикалық ойын ойнайды.




Балалар бойларын сергітеді.









Балалар Бәйтеректі қызығушылықпен құрастырады.


Рефлексті - коррекциялаушы

-Балалар бүгінгі біздің оқу қызметімізді Томпақпен бірге Қазақстан республикасы туралы әңгімелесіп, рәміздермен таныстық.

-Біздің республикасыз қалай аталады екен?

-Еліміздің президенті кім?

-Елордамыз қай қала?

Еліміздің рәміздерін атап беріңізші?

-Бізге қонаққа кім келді?

Томпақ енді Қазақстан Республикасы туралы біліп жүретін болады. Тәрбиеші мен балалар томпаққа алғысың айтып, қоштасады.





-Қазақстан

-Н. Ә. Назарбаев

-Астана

-Ту, елтаңба, гимн

-Томпақ


Балар томпақпен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: ҚР мемлекеттік рәміздерін атап білуі керек;

Баланың қолынан келуі: Тақпақтар айтып, дидактикалық ойындар ойнап, «Бәйтеректі» құрастырып біледі.





















МКҚК «Болашақ» балабақшасы





Бекітемін:

«Болашақ» балабақшасының

әдіскері Н. А. Амирова______

«14 » «қазан » 2016жыл









2 «Еркетай» ІІ кіші тобында өткізілген «Менің Қазақстаным» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі






Тәрбиешілер: Куатова Н. О.

Сарина П. Б.

Әдіскерлер: Амирова Н. А.

Нурмаганбетова А. М.












Құрық ауылы

2016 жыл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12