жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің Қазақстаным- менің болашағым!
|
13.12.17ж. |
|
||
|
Пәні : |
Ашық тәрбие сағаты |
||
|
Мұғалім: |
Берекбаева Эльмира Рысбекқызы |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Менің Қазақстаным – менің болашағым!» |
||
|
Мақсаты: |
Оқушыларды Отаншылдыққа,ұлтжандылыққа,туған жеріне , атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру,өз елінің тарихын білуге үйрету,оқушыларға патриоттық тәрбие беру. |
||
|
Күтілетін нәтиже: |
Оқушылардың туған жеріне,Отанына деген сүйіспеншіліктері артады, дұрыс бағыт-бағдар алады, өз елінің тарихын біледі, патриоттық тәрбие алады. |
||
|
Көрнекілігі: |
Суреттер, маркер,стикерлер; |
||
|
Қолданатын әдіс- тәсілдер |
Мозайка әдісі, сәйкестендіру, топтастыру,конверт,эссе,бес жолды өлең |
||
|
Кезеңдер |
Қолданылатын әдіс -тәсілдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Білу (ұйымдастыру кезеңі) 5мин |
|
Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып, «тәуелсіздікке тілектер» айтқызамын. Оқушыларды орындарынан тұрғызып, мемлекеттік гимнді айтқызамын. |
Шаттық шеңберге орындарында тұрып , бір-біріне тілек айтады Мемлекеттік гимнді айтады |
|
Түсіну 10мин |
Тақырыпты ашу «Мозайка» әдісін қолдану Кіріспе Тарихқа шолу |
«Мозайка» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. Кіріспе (тәуелсіздік туралы жалпы шолу жасаймын) Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстанның бастан кешкен оқиғасы Ия, сол бір 1986жылғы 16 желтоқсан.Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан, әрі жақын ,әрі қаралы да күн еді. Араға 5 жыл салып,1991жылы еліміз Егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болдық. |
Оқушылар берілген тапсырманы орындап, тақырыпты ашады. 1-оқушы: Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті 2-оқушы: 1925-33 жылдарында «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштықпен қуғын-сүргін жайлады.Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 3-оқушы:1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.Олар:Шәкәрім,Ахмет, Мағжан,Міржақып,Жүсіпбек,Бейімбет,Ілияс, Сәкен. Т.б. 4-оқушы:1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500 ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олар: Мәншүк, Әлия,Бауыржан, Мәлік ,Төлеген т.б. 5-оқушы : 1986 жылы Атыраудан Алтайға ,Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында : Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев,Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков бар. Тәуелсіздік тур.өлең шум.оқиды. 1-оқушы: Республика! Ерікті ел –Қазақстан! Келді ақыр көп күткен жазалыстан, Келді алыстан аңсатып,армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. Мен айғақпын ,ұстамын ертегіге, Мен басымды иемін, бүгінге,ертеңіме. 2-оқушы: 1991жылы 1 желтоқсанда Республикадан бүкіл халықтың Президент сайлауы болып өтті. |
|
Қолдану 5мин |
Топтастыру әдісі |
1 – топқа Топтастыру. Н.Ә.Назарбаев- қандай тұлға? Топтастыру әдісін қолданамыз. 2-топқа Сәйкестендіру |
1-топ Н.Ә.Назарбаев қандай тұлға екенін топтастыру арқылы көрсетеді. 2-топ Қазақ елінің азаттық жолындағы оқиғаларды сәйкестендіру арқылы көрсетеді. |
|
Талдау 10мин |
«Бес жолды өлең» , «Эссе» әдісін қолдану (әуен ойналады) |
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктеріміз. (Мұғалім сөзі) Оқушыларға екі топқа екі тапсырма беремін: 1-топқа «Бес жолды өлең» бір шумақ өлең шығарады. 2-топқа «Менің Қазақстаным!» атты тақырыпқа кішігірім эссе жаздырамын. |
1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998жылы «Астана» деген ат берілді.Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитинде «Астана 2012жылғы түркі әлемінің Астанасы» деп жарияланды. (суретпен жұмыс.Суреттен жетістіктерді көрсетеді) Берілген тапсырмаларды екі топта орындап ,оқып шығады. |
|
Жинақтау 7мин |
«Конверт» әдісін қолдану |
«Конверт» әдісін қолданамыз. Мына сұрақтарға жауап береді: 1.Біз 30жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? 2.Болашақта асқақ армандарымыз қалай жүзеге асады? 3.Болашақтағы менің мектебім. 4.Болашақта әліпбиімізге қандай өзгерістер енгізілмекші? 5.Рухани жаңғыруымызда қанша бағыт бар,атап бер? Т.б. сұрақтар беріледі. Суретпен жұмыс. Оқушылардың «Болашақтағы Қазақстан» |
Екі топ басшылары шығып,бір конверттен алады.Топ мүшелері берілген сұрақтарға жауап береді. Екі топ басшылары шығып,бір конверттен алады.Топ мүшелері берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар«Болашақтағы Қазақстан» тақырыбына салған суреттерін іледі. |
|
Кері байланыс 3мин |
Стикермен жұмыс |
-Балалар ,бүгінгі өткен ашық тәрбие сағатымыз қалай өтті? |
Оқушылар сабақтың қалай өткенін стикерге жазып, жабыстырады. |
|
Үйге тапсырма: |
«Менің болашақтағы ауылым» атты тақырыпқа шығарма жазу |
Оқушыларға үйге «Менің болашақтағы ауылым» тақырыбына шығарма жазу. |
Үйде берілген тапсырманы жазып келеді. |
«Бекітемін»
Мектеп директоры: ..........
М.К.Молдакулова
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
Менің Қазақстаным- менің
болашағым!
3 «А» сынып жетекшісі: Берекбаева Э.Р.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген