Менің Қазақстаным- менің болашағым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің Қазақстаным- менің болашағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1) Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. 2) Оқушыларды ана тілін сүюге, халқымыздың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу. 3) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің Қазақстаным- менің болашағым

Мақсаты: 1) Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен

таныстыру.

2) Оқушыларды ана тілін сүюге, халқымыздың әдет- ғұрпын, салт-

дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

3) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды

өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

Көрнекіліктер: Карта, нақыл сөздер.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы: а) Кіріспе әңгіме

- Балалар, біз күнделікті өмірде бір- бірімізбен сөйлесеміз, пікір

алысамыз, әңгімелесеміз. Егер бізге мынандай сұрақ қойса?

- Сен қандай ұлтсың? Онда біз не деп жауап берер едік?

- Қазақпын.

- Ал қазақ екендігіңізді қалай дәлелдейсіздер?

- Қазақ болып туғам, әкем- шешем, ата- бабам қазақ.

- Шынында да біз өзіміздің қазақ екенімізді дәлелдейтін:

1. Қазақ тілі

2. Діні

3. Салт- дәстүрі

4. Тарихы

5. Туған жері

ә) Негізгі бөлім

Біздің планетамызда 6 миллиардтан астам адам тұрады. Олар әр түрлі мемлекеттің

Азаматтары. Мемлекет- адамдарды біріктіретін үлкен отбасы. Дүниеге келген

бірінші күннен бастап- сен мемлекеттің қамқорлығындасың. Сен Қазақстан

Республикасының жас азаматысың! Сен Ата заңда жазылған құқықтар мен

бостандықтарды пайдалана аласың.

Конституция – біздің мемлекетіміздің негізгі Заңы. Бұл – Қазақстан

азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері. Негізгі заңға құрмет ретінде – біз

Конституция сөзін бас әріппен жазамыз. Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш

Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30

тамызда қабылданды.

-Оқушылар ата Заң туралы жаттаған өлеңдерді еске алайық:

1 оқушы: Келе жатыр келім күн

Халық сүйіп қалаған

Ата Заңын елімнің

Құрметтейді бар адам


2 оқушы: Алтын заңым қорғайды

Бар адамның теңдігін

Әділетті қолдайды

Арқа тұтып ел бүгін

3 оқушы: Ол баршаға жөн нұсқап

Жетелейді жарыққа

Елбасы оны қолға ұстап

Ант береді халыққа



1991 жылы 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заң

қабылданды.

Ежелгі заманнан әр тайпалар мен руларды біріктіретін белгілер болған. Белгілер –

сөздердің орнына қолданылатын таңбалар. Бір топ адамдар үшін қолданылған

белгілер- бір мағынаны білдіреді. Ал, рәміздер- белгілі топтар бейнесінің бірігуі.

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік

рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан

Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу- әрбір

азаматтың міндеті.

Ал, 1997 жыл 10 желтоқсан- Ақмола қаласы ҚР астанасы болып жарияланды.

ҚР жерінің аумағының үлкендігімен әлемдегі 10 мемлекеттің қатарына кіреді. Ал

біздің планетамызда 160 мемлекет бар емес пе!

ҚР Еуразияның ортасында орналасқан. Ол Ресеймен, Түркімен, Өзбек, Қырғыз

Республикалары, Қытаймен көршілес. Сондықтан болар, ертеде үлкен керуендер

қазақ жері арқылы өткен.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атамыз: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»- деген.

- Елбасының бұл айтқан сөзінен нені түсінесіздер?

- Әрине дұрыс айтасыңдар білімді болсақ қана барлығын жеңе аламыз!

- Елбасымыз сіздердің барлығыңыз білімді жақсы меңгеріп, жақсы оқушы атансаңдар

мынандай бес ғибрат сөзін есте сақтауларыңа кеңес береді.

Елбасының дарынды балаларға

айтқан бес ғибраты:


Бірінші: Алдыңа мақсат қоя біл. Талмай алға ұмтыл. Мақсатыңа қолың бірден жете

қоймас да, мойыма, алған бетіңнен қайтпа.

Екінші: «Қолымнан келмейді» деген ұғымды санаңнан бір жола өшіріп таста. Ылғи да

«қолымнан келмейтін іс жоқ. Мен алмайтын асу жоқ!» деген сенімде бол! Бұл сенім –

жігеріңді жанып, жеңіске бастайтын бірден – бір жол.

Үшінші: Санаңда үрей, қорқыныш, өшпенділік пен күншілік сезімдері үстемдік құрып

жүрсе, одан тез арыл.

Үрей мен қорқыныш алға қадам басуыңа бөгет болып, аяғыңды тұсайды. Біреуге деген

өшпенділігің оның да саған деген өшпенділігін қоздатады. Ешкімді күндеме, күншілік

дерт, айықпас ауру.

Төртінші: Қанша білімді болсаң да, ешқашан білімдімін деп мақтанба.

Бесінші: Әрқашан денсаулығыңды сақтап, нығайтып отыру – парызың. Тәніңді таза

ұста. Бейауыз болма, былапыт сөз айтудан – аузыңды, тыңдаудан құлағыңды сақта.

2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы

елдер үшін үлгі болатынына сенемін деген сөзін оқығанда бойымызды мақтаныш

сезімі билейді

- Ал, сендер Отанымыздың астанасы Астана қаласының тұрғындары екендіктеріңізге

мақтанасыздар ма?

- Тағы нені мақтан ете аларсыздар? (сұрақ- жауап жұмысын жүргізу)


Қорытындылау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.01.2018
385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі