15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің Қазақстаным-менің болашағым
Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым
Мақсаты: а) Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірі жайлы,еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру.
ә) Бүгінгі ұрпақ бойына елжандылық сезім,Отаншылдық рух дарыту, аңсап жеткен азаттылықтың құндылығын сезінуге, оқушының ой өрісін кеңейтіп, жеке қабілетін, шығармашылығын дамыту.
Түрі: Танымдық кеш
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған
«Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Ортада жасұландықтар ( Тәуелсіздік жайлы тақпақтар айтады)
2-жүргізуші: Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы-егемендік пен тәуелсіздікке міне 25 жыл болды.Аңсаған тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Халқымыз бұл жолда суға да батты,отқа да күйді. Қазақ халқының өткен тарихы ата-бабаларымыздың бостандық пен болашақ бақыты жолындағы ұзақта ауыр күресінің тарихы.
1- жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан
кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
2-жүргізуші:
1723-1727 жылдар Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама жылдары
1723ж Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
Қазақ халқының азаттық жолындағы күрестерінің тарихта алатын орны ерекше.Олар:
1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
1937-1938 жылдар жазықсыз жазалау. Қазақстан бойынша саяси қуғын сүргінге ұшырағандар 103 мың адам, атылғандары 25 мың.Қазақстанның зиялы қауымы 3 рет қуғын-сүргінге ұшырады.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы. Ер жүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір кісідей аттанды, қаһармандықпен қаза тапты.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
1-жүргізуші: Кеңес елінің құрамындағы еліміздің тарихына келер болсақ. Осыдан 30 жыл бұрын яғни 1986 жылы Алматы қаласының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Желтоқсан көтерілісіне ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова сияқты аға-апаларымыз қатысты. Міне осы Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздігіміздің алғашқы баспалдағы еді.
2-жүргізуші: 1991 ж 16 желтоқсанда алған еліміздің тәуелсіздігінің басталуы сол 1986 жылғы қаһарлы желтоқсан күндерінде жатыр. Азатта тәуелсіз ел болуға ұмтылысымыздың негізі сол күндері қайта жанған болатын.
1-жүргізуші:
Оқушылардың шығармашылығына кезек берелік
«Тәуелсіздік таңымен туған жырлар»
(Оқушылар тәуелсіздік жайлы жазған үздік өлең, эсселерін оқиды)
2-жүргізуші Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты.
Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік.
Бейне көрініс
Ән : Отаным
1-жүргізуші:
Біздің Отанымыз-Қазақстан.Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер танығын ел. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан күллі әлемге тек қана өзінің табиғи байлығы емес, ең алдымен конфессияаралық келісіммен төзімділіктің,достық пен ынтымақтың ордасы,бірліктің алтын бесігі ретінде танылды. Қазіргі әлемдегі ұлтаралақ,дінаралық ахуал шиеленісіп тұрған кезде біздің еліміз адамзат баласының ұлтына,нәсіліне,дініне,тіліне қарамастан бір шаңырақтың астында бейбітшілік пен төзімділікте өмір сүре алатындығын дәлелдеді.Қазақстан дәл қазір өзге ұлттар үшінде құтты қонысқа айналып отыр.Ол-қазақтар ғана емес,өзге бауырлас ұлттар өкілдерініңде туын тіккен Отаны.
Достық биін тамашалаңыздар (Түрлі ұлт өкілдерінің билерін билейді)
Көрініс
Б -
білімімді арнайтын
Қ
- қазаққа қызмет ететін
О
- отанымды қорғайтын
А
- арманына жететін
Л
- лаңкестікті даттайтын
З
- заңды жақсы білетін
А
- адалдықты жақтайтын
А
- алға қарай жүретін
Ш
- шуағымды шашатын
Қ
- қайырымды елімнің
А
- асулардан асатын
С
- салтанатты жерімнің
Ғ
- ғарыш сырын меңгерген
Т
- толықтырам сенімін
Ы
- ынтымақты тең көрген
А
- абыройын, жігерін
М
- менмендікті жек көрген
Н
- намысын қолдан бермейтін
Бәрі:
Мен
боламын қорғаны,
Болашағы
елімнің!
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік-ұлт мерейін танытқан күн.
Тәуелсіздік-елдігімнің айғағын танытқан күн
Тәуелсіздік-қайғы бұлтты арылтқан күн
Тәуелсіздік-әлемге қазақты танытқан күн.
Ән: Өз елім
2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына
Жас өрендер желбіретіп нық
ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ
түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге
аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі
еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің
ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Менің
Қазақстаным-менің болашағым»
атты мерекелік кешімізді
аяқтаймыз.
1-жүргізуші:
Қаймықпаған қиындықтың
Өздеріңе сыйлап қырдың
гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген