Материалдар / "Менің Қазақстаным, менің Отаным"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің Қазақстаным, менің Отаным"

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2018
711
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің Қазақстаным, менің Отаным »

атты тарихи – танымдық ойын

Мақсаты:

  1. Қазақстан тарихы пәнінен оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру

  2. Оқушылырды ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын мәдениетті түрде жеткізуді қалыптастыру.

  3. Қазақ жерінде тұратын өзге ұлттарды Қазақ халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.


Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакаттар, шарлар, ҚР картасы, буклеттер, телевизор, т.б. безендіру құралдары


Қатысушылар: 9 «б», 9 «в»сынып оқушылары .

Өткізу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарлама негізінде

Ашылу сәті


І жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!

Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген –жүрек тебіреніп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.


ІІ жүргізуші: «Менің Қазақстаным, менің Отаным » тақырыбы аясында өтетін интеллектуалдық тарихи – танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.

ХХІ ғасырдың, тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер!


І жүргізуші: Әділқазы алқасымен таныстырып өтейік


ІІ жүргізуші: сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын топтарды таныстырайық.

Ойынымызға қатысып отырған ойыншылар:

«Бірлік» тобы «Достық» тобы

1. Сымбат 1. Маржан

2. Абзал 2. Нұрайлым

3. Ботакөз 3. Аман

4. Досжан 4. Махаббат


Жоспар

  1. «Қанат қақты» бөлімі - капитандар 2 минут ішінде 5 сұраққа тез жауап беру

  2. «Самғау» бөлімі- ұпайы көп команда бастайды. Қосымша көмек беріледі .

  3. «Шарықтау» бөлімі - жанкүйерлер сайысы.

  4. «Тіл-өнер» бөлімі

  5. «Шырқау» - сұрақ – жауап бөлімі

  6. «Жерұйық»- бөлімі соңғы сайыс


І Жүргізуші: Ал, іске сәт деп отырып,ойынымызды бастайық.

1 тур «Қанат қақты» деп аталады, мұнда әр команда капитандары 1 мин. ішінде 5 сұраққа тез жауап береді.


«Бірлік» тобының сұрақтары :

  1. Қазақстанның ең биік шыңы /Хан тәңірі/

  2. ҚР жылы болған астанасын атаңыз? /Орынбор/

  3. ҚР территориясы көлемі жағынан нешінші орында? /9/

  4. Абылай хан қай жылы хандық билік құрды? /1771-1781/

  5. Қазақстан қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымыныа мүше болды? /1992ж/


«Достық» тобының сұрақтары :

  1. Қазақстанның оңтүстігіндегі шеткі үстірт /Шардара/

  2. «Ақтабан шұбырынды» қай жылдары болды? /1723-1728/

  3. Қазақ хандығының негізін қалағандар? /Жәнібек,Керей/

  4. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? /130 дай ұлт бар /

  5. Қазақстанның шығысындағы өзен? /Ертіс/


Ұпай санын белгілеу.


І жүргізуші: Келесі бөлімге көшейік

.Бұл бөлім-«Самғау» деп аталады

ІІ жүргізуші: Бұл бөлімді көп ұпай жинаған топ бастайды. Әр топқа 3 сұрақ беріледі. Жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі.


І жүргізуші: «Бірлік» тобы

  1. «Алаш» партиясының негізін қалаған, автономиялық қазақ үкіметінің басшысы. «Айқап», «Қазақ» газеттеріне мақалалар жазып тұрған.

Бұл тарихи тұлғаны атаңыз?

/қосымша көмек/ -1894 ж Петербург орман шаруашылығы институтын бітірген. Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903жж. Дала генерал-губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада банк директоры болған. /Ә.Бөкеханов/


ІІ жүргізуші:

  1. мына әуенді тауып, атын және авторын атаңыз.

музыка қосылады. «Адай-Құрманғазы»


І жүргізуші: «Достық » тобына қосылатын сұрақтар:

  1. Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түрікстанда Орта Азияны зерттеген ойшыл, кемеңгер ғалым. 1853 ж. оқуды бітіріп, офицерлік атақ алып, Сібір генерал-губернаторлығы жанында Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрді. 1856 ж Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірді.

Осы тарихы тұлға кім? /Ш.Уәлиханов/


ІІ жүргізуші:

  1. мына әуенді тауып, атын және авторын атаңыз.

музыка қосылады. «Атамекен Е.Хасанғалиев»


І жүргізуші: Келесі бөлімге көшейік

3 бөлім «Шарықтау»- жанкүйерлермен сайыс.

1.Қала Есілдің оң жағасына, өте маңызды екі темір жол магистралінің қиылысында орналасқан. 1824 жылы Есілдің әскери бекініс ретінде пайда болған. 1868 ж қала мәртебесі берілген. 1954 ж. тың игеруге байланысты Целиноград деп аталған.

/Қосымша көмек/: Орта ғасырларда қыпшақтардың Бозоқ деген қаласы болған.

2. Бұл ХІХ ғасырдың басында қоқандықтар тұрғызған бұрыңғы шағын Ақмешіт бекінісі. Оны орыстар жаулап алған соң 1853 жылы Перовск қалашығы деп аталды. 1925 жылдан қазіргі атымен аталады. /Қызылорда/

/Қосымша көмек/:1925 жылдан Қазақ Автономиялы Республикасының астанасы Орынбордан осында көшірілуіне байланысты ол осылай деп өзгертілген.

3.Қала Іле әскери бекінісі ретінде 1854 ж пайда болды. Бірақ қаланың тарихы ғасырлар тереңінен басталады. Бұл жерде орта ғасырдың басында Алимату деген елді мекен болған. Ортағасырларда Алмалық қаласы болған.

/Қосымша көмек/:1921 жылы қалаға қазіргі атауы берілген.

4.бұл қала Шымкент қаласына жақын жерде орналасқан. ІХ-Х ғасырларда ол қалалар қатарына қосылып, гүлденеді, осы кезден бастап қала Яссы деп аталады. Ал ХІ ғасырдан бастап қазіргі атымен аталады. /Түрікстан/

/Қосымша көмек/:Көп уақыт бойы Қазақ Хандығының орталығы болған,қазіргі таңда рухани астанамыз деп те атауымызға болады.


І жүргізуші: сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл-өнер» деп аталады. Мақал-мәтелден жасырын сөзді немесе жұмбақтың шешімін кім бірінші болып, тапса, сол сайыскер бұл сөздің орысша,ағылшынша аудармасын табу керек. Әр дұрыс жауап-10 ұпай, орысша дұрыс аударылса-20 ұпай, ағылшыншаға дұрыс аударса-30 ұпай алады.


І жүргізуші:

... баласы болма,

Адамның баласы бол. /Атаның –дедушка-grandfathr/


ІІ жүргізуші: жұмбақ

Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. /қаламсап-ручка-knovledge/


І жүргізуші:

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. /кітап-книга-book/


ІІ жүргізуші:

Таулардан ... ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп, жарқыраған /өзен – река-river/


І жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

... болса қолыңда. /өнер-талант-scaeie/


І жүргізуші:

... басыңа қарайды,

Дұшпан аяғына қарайды. /дос-друг-frand/


ІІ жүргізуші: Келесі 5 бөлім «Шырқау» деп аталады.

Сайыскерлерге жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген.

Осы сұрақтарды таңдау әр сайыскердің өз таңдауында.


20

20

20

30

30

30

40

40

40


  • 20/1 – ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы ,қай күні Президент болып сайланды? /1991 ж 1 желтоқсан/

  • 20/2 – Парламент қанша бөлімнен тұрады? /2 бөлім парламент, мәжіліс/

  • 20/3 – Ұлттық валютамыз теңге қашан,қай жылы енгізілді? /1993ж 15 қараша/

  • 30/1- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қашан құрылды? /1991 ж. 21 желтоқсан Алматы қаласында./

  • 30/2-Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді? /1997ж /

  • 30/3- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы,Әнұраны қашан бекітілді? /1992ж/

  • 40/1- Қазақстан 2030 стратегиясы қашан жарыққа шықты? /1997ж 10 қазан/

  • 40/2- Жаңа Конституция қай жылы қабылданды? /1995ж/

  • 40/3- Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? /1990ж25 қазан /


І жүргізуші: Келесі 6 бөлім «Жерұйық» деп аталады. Бұл кезеңде жеңіске жеткен топқа сұрақ қойылады.

Сұрақ: Жазба деректерде бұл қала ҮІ ғасырдан бастап белгілі ,568 жылы Истемидің қол астындағы осы қалаға Византия императоры ІІІ Земарх Киликиийский басшылық еткен елшілігі келген.

ҮІІ ғасырда Ұлы Жібек жолы торабының орталығы болған.Х ғасырда араб географы Әл-Максиди бұл қаланың үлкен екендігін атап өтеді. Қала алдымен Түргеш, кейіннен Қарлұқ қағанатының орталығы болған. Грек деректерінде бұл қала Таласо деп аталған. Бұл қай қала?


ІІ жүргізуші: сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазы алқасына сөз береміз.

Сонымен қатар, сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазы алқасына сөз береміз. Ендеше бүгінгі «Менің Қазақстаным, менің Отаным »

интеллектуалдық тарихи – танымдық ойынымыз аяқталды. Ең білімді, тапқыр, дарынды білімдарлар бәсекесі –ХХІ ғасырда өз үлестеріңді табуларыңды тілейміз!

Қатысқандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар !
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!