Ашылуы: «Күй»
Жүргізуші: Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын
болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ, ұстаздар және құрметті
қонақтар. Сіздердің назарларыңызға
« Менің
Қазақстаным» — атты патриоттық өлеңдер байқауын ұсынамыз. Бүгінгі
байқауға қош келіпсіздер!
Жүргізуші: Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер»
тақырыбында тақпақтар айтуы керек және сахна мәдениетіде қаралады.
Байқау жеңімпаздары әділ қазылар арасындағы келісім бойынша
анықталады.
Енді әділ қазылар алқасымен
таныс болайық!
1.
Оқу ісінің
меңгерушісі: Анбиянова Жанар апай
2. Тәрбие ісінің
меңгерушісі:Қожияронова Қымбат апай
3. Тәлімгер: Абуюрова Арай апай
Жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың мәнерлеп оқу шеберлігі және
сахна мәдениетін меңгеру бойынша бағалайды. Жоғары ұпай 10
балл.
Жүргізуші:
Қазақстан-көк байрақты нұрлы елім,
Сендегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Өзің менің тынысым
да тірегім
Шарамызды бастамас бұрын
байқауға қатысушы үміткерлерімізбен таныс
болайық.
Даярлық сынып
оқушылары: Дастанқызы Айару Рустембекова
Айзере
1- сынып оқушылары:Даниялхан Парасат,Серік Гүлбақыт,
Қабілханқызы
Әсемхан
2- сынып оқушылары:Әскербекова Дильназ,Маралбекқызы Дильназ
Алмас Кәусар,Сайболат Гаухар
3-сынып оқушылары: Мадияқызы Нұрай,Сауыт Нұрайым ,Ахметбекқызы Еркеназ
4-сынып
оқушылары: Мұратбекова Ақбота,Даулетова Дильназ,Серік Марала,Ерболқызы Нұр,Бебенов Ернұр,Қабиқызы Асылжан
Жүргізуші: Қатысушылар кезекпен реттік нөмерін
алайық.
-Қатысушыларымызды шығарып
тастайық.Қатысушыларымыз дайын болғанша 2-сынып оқушыларының әніне
кезек берейік. «Құйғаным»
Жүргізуші:
Рухынан жақсылардың нұр
саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің
маған
Байқауға қатысушыларға кезек
берейік.
Қатысушыларымызды реттік
нөмерлері бойынша ортаға
шақырайық.
Жүргізуші: Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау
қойнауында
Қазылар алқасы
ақылдасқанша
3 сынып оқушыларының «Қара жорға» биін ортаға шақырамыз
Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
Қатысушыларымызды марапаттау үшін сөз қазылар алқасына
беріледі.
Жүргізуші: « Менің
Қазақстаным» — атты патриоттық өлеңдер байқауы өз мәресіне
жетті.Қош сау болыныздар!
Құйған орта мектебі»
КММ
«Менің-Қазақстаным»
(патриоттық өлеңдер
байқауы)
Сынып
жетекші: Қамзина
Ә.Қ
2017-2018 оқу
жылы