400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің Қазақстаным!» тақырыбындағы мерекелік спорттық шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
25 Қазан – Республика күніне орай : «Менің Қазақстаным!» тақырыбындағы мерекелік спорттық шара. (ересек топ) Мақсаты: – Балаларға Отанын сүюге, патриоттық тәрбие беруге ықпал ету; – Ұлттық ойындар арқылы спортқа қызығушылықты арттыру; – Топпен бірлесе жұмыс істеу, ұйымшылдыққа баулу. Өткізу формасы: Спорттық эстафета, ұлттық ойындар элементтерімен
Материалдың қысқаша нұсқасы

25 Қазан – Республика күніне орай : «Менің Қазақстаным!» тақырыбындағы

мерекелік спорттық шара.

(ересек топ)



Мақсаты:

– Балаларға Отанын сүюге, патриоттық тәрбие беруге ықпал ету;

– Ұлттық ойындар арқылы спортқа қызығушылықты арттыру;

– Топпен бірлесе жұмыс істеу, ұйымшылдыққа баулу.

Өткізу формасы:

Спорттық эстафета, ұлттық ойындар элементтерімен

Қатысушылар:

Ересек топ тәрбиеленушілері

Іс-шара барысы:

Тәрбиеші: балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан деп аталады.

Тәрбиеші: Ия, балалар,біздің Отанымыз- кең-байтақ Қазақстан!Біз Отанымызбен мақтанамыз!Кәне, кім Отанымыз Қазақстан туралы тақпақ немесе мақал-мәтел біледі?

Ақнәзік:

Елім – туған Отан,
Мен – кішкентай ботаң,
Отан менің анам,
Отан менің атам!

Әли:

«Отан отбасынан басталады»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!Балалар сіздер білесіздер ме, жақында мереке 25 қазан-Республика күні мерекесі!Сіздерді кішкентай Қазақстандықтар осы айтулы меркемен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін міне ,айтулы мерекеге орай бізде спорттық мереке өтеді!Мерекемізді еліміздің әнұранынан бастайық!

Әнұран орындалады .

Тәрбиеші дене тәрбиесі жетекшісімен музыкалық сергіту жаттығуын жасайды.

Негізгі бөлім – Спорттық жарыстар:

1. «Көк туды желбірет!» – ту ұстап жүгіру

2. «Тәуелсіздікке жол» – кедергілерден өту

3. «Арқан тарту» – топтық ойын

4. «Кім шапшаң?Кім мерген?» – ұлттық нақыштағы жарыс ,асықты белгілі қашықтықта ,арнайы ыдысқа дәл түсіру.

5. «Киіз үйді құрайық!» – ойын-жаттығу.

Дене тәрбиесі жетекшісі екі команданың қоржынына, әр бөлім сайын асық салып отырады.Аяқталғасын балалармен бірлесе санап,жеңімпаз топты анықтайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,сіздер бүгін керемет ойнап,жарыстыңдар!

Дене тәрбиесі жетекшісі: Балалар,енді марапаттау сәтіне көшейік!Бүгін жарадыңдар!



Қорытынды:

* Барлық балалар марапатталады (грамота, медаль, тәтті сыйлықтар)

*«Жаса, Қазақстан!» әнімен қорытынды флешмоб

Күтілетін нәтиже:

*Балалар Республика күні жайлы түсінік алады .

*Ұлттық ойындарға деген, қимыл-қозғалыс ойындарына қызығушылықтары артады.

*Команда болып ойнауға дағдыланады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қазан
89
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі