400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің қолымнан бәрі де келеді..."

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің қолымнан бәрі де келеді..." атты мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, жан-жақтылыққа үйретіп, өз бетінше еңбектенуге баулу мақсатында жүргізілген профилактикалық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің қолымнан бәрі де келеді...»

(мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілген профилактикалық сабақ).

Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойларындағы қабілетін ашу, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. Жан-жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбек етуге баулу.

Психолог сөзі: қайырлы күн, құрметті оқушылар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Шаршап отырған жоқсыздар ма? Қазір сіздермен әр түрлі ойындар ойнаймыз. Қалай, ойнағыларың келе ме?

І жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр».

Мақсаты: иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар). Содан кейін жәй жаңбыр сіркірей бастады (көршіңнің арқасын саусақтарыңмен түртіңдер). Нөсер жауын басталды (жоғары-төмен алақан, саусақтарыңмен сипайсың). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңмен түртесіңдер). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.

ІІ жаттығу: «Жұмсақ» ойыны.

Жұмсақ ойыншықтарды балалар өздеріне ыңғайлы түрде қолданып, кейін сезімдерімен бөліседі.

ІІІ жаттығу: «Бірлесіп сурет сал» арттерапиялық жаттығу.

Мақсаты: қарым-қатынасты дамыту.

Қажетті құралдар: бояулар (гуашь), ақ парақ, қылқалам.

Қатысушылар жұптасып, бір параққа саусақтарымен сурет салады.

ІҮ жаттығу: Релаксация.

Уақыты: 5 минут.

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшықеттерінің шаршағандығын басу.

Нұсқау: ал, қазір сәл бой жазып алайық. Ол қорқыныштан арылу деп аталады. Бұл бой жазуымыздың мақсаты қорқынышты, мазалануды жою болып табылады. Ыңғайланып отырыңдар. Еркін дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар және көз алдарыңа елестетіңдер: сендер жасыл алаңда, ашық күннің астында дем алып отырсыңдар... Оның шуақтары сенің басыңды жұмсақ және еркелетіп қыздырады. Денеңе кіреді. Ол өн бойыңа төгіледі. Осының бәрі сенің сезімің, барлық жағымсыз ойларың мен сезімің, сенің ренішің және мазасыздануыңның бәрі ериді. Оның орны тазартылған жарықпен толтырылады. Сен қорқыныштан арылдың. Саған жарық түсті және сен көңілдісің.

Талдау:

  • Қалай, тренинг ұнады ма?

  • Қандай әсер алдың?

Қорытынды.

Психолог сөзі: балалар, бүгінгі ойынымыз ұнады ма? Жарайсыңдар! Ойынның жақсы болуы сендердің арқаларыңда екенін ұмытпаңдар. Әрдайым көңілдерің бүгінгідей шуаққа толы болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі