"Менің қолымнан бәрі келеді!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің қолымнан бәрі келеді!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ҰБТ-ге даярлау барысында жүргізілетін психологиялық сабақтың жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» КММ

Уақыты:

24.04.2025

Мұғалім:

Жанбырбаева Айгерим Анбигаевна

Тақырыбы:

Менің қолымнан бәрі келеді!!!

Мақсаты:

Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету,бойларына сенімділік орнату.

Міндеті:

-Өзіндік сенімін болуға баулу;

 -Оқушыларға ҰБТ - ні сенімді тапсыруға дайындау.

Формасы:

Тренинг

Тренингтің барысы:

Мұғалім: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын.

1.«Ну ормандағы жауын» 

Нұсқау: Қанекей, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталады, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 айналып, ойынды жалғастырыңыздар. Талдау : Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз ? Жағымды болды ма ? Әлде, тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма ? Өз сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

2. «Стрессті қалай жеңуге болады?»

 

Ойын барысы: Оқушыларға шар үлестіріледі, мұғалім, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.

Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.

Мұғалім: Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ - ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.

3.«Балық аулау» жаттығуы

 

Нұсқау: Аяқталмаған сөйлемдерді суыру арқылы , оқушы ойды аяқтауы қажет.

Ең үлкен қорқыныш –бұл   ..........

Мен мынадай адамдарға сенбеймін .......

Мен ренжимін, егер   .........

Мен ұнатпаймын, егер........

Маған көңілсіз, егер ........

Егер маған дауыс көтерсе , мен  .......

Егер мен сенімсіз болсам, онда  ......

Менің қолымнан ….. келеді


4. «Тілек-сандықшасы»

 

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, 

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

 Үлкен арман керек екен адамға -деп М.Шаханов жырлағандай Әр шәкірттің жүрегінде «Үлкен арман-тілегі бар». Сол тілектеріңізді алдарыңыздағы парақшаларға жазып ,құпия түрде «Тілек –сандықшасына» саламыз. Осы сандықшаны оқушылардың қалауы бойынша ата-аналарыңа осы тілектеріңді жеткіземін. 

5. «Мен басқара аламын», «Мен басқара алмаймын» жаттығуы

Нұсқау: Алдарыңызда бірінің ішіне бірі салынған бір үлкен, бір кіші шеңбер берілген. Үлкенінде: «мен басқара алмаймын», кішісінде: әмен басқара аламын» деп жазылған. Сіздер, үлкеніне нені басқара аласыз, кішісіне басқара алмайтыныңызды жазасыз. Мыс: өткенді басқара алмаймыз. Ал,алдағы күдерімізді басқара аламыз,т.б.

Кері байланыс: Сіздерге қалай әсер етті? Нені басқара , нені басқара алмайды екенбіз? Алдағы уақытта жоспар құрып, немесе, өмірлеріңізде тұрақсыздық, назардың бөлінуі болғанда осы әдісті қолданып, бір жинақталдып қалуымызға болады.

«Қария мен жылқы» туралы тәмсіл.

 

Белгілі бір ауылда өте кедей қарт адам өмір сүрген екен. Оның тіпті байлар оған қызғанышпен қарайтындай әдемі ақ аты болған екен. Байлар атқа көп ақша ұсынса да, бірақ қарт адам әрдайым: «Бұл ат жай ат емес, маған адам сияқты. Ал адамды, досты қалай сатуға болады»деп жауап береді екен.
Бір таңертең ол аттың қорада емес екенін анықтайды. Бүкіл ауыл жиналып, адамдар: «Сен қандай ақымақ едің! Жылқының бір күнде ұрланғанын білдік. Оны сату керек еді. Қандай қателік!»
Қарт адам « Кім білген, бұл бақытсыздық немесе бақыт па?» деп жауап береді.
Адамдар қарт адамға күледі. Бірақ он бес күннен кейін түнде ат кенеттен қайтып оралады. Ол ұрланбаған, жай ғана жабайы табиғатқа қашып, оның үстіне өзімен бірге ондаған жабайы жылқы ертіп әкеледі.

Халық тағы жиналып, «Қарт адам, сен дұрыс болдың. Бұл жаңылтпаш емес, керісінше, бата болып шықты».

Қарт адам « Тек аттың қайтып келе жатқанын айтыңыз... Кім біледі,бұл бақыт па, жоқ па?. Бір сөйлеммен бүкіл кітапты қалай бағалай аласыз?» дейді.

Бұл жолы халық ештеңе айтпады, бірақ
ол дұрыс айтпады деп ойлайды. Қарт адамның жабайы жылқыларды үйрете бастаған жалғыз ұлы болады. Бір аптадан соң аттан құлап, ұлы аяғын сындырады. Адамдар қайта жиналып, төрелік ете бастады. Олар: «Сен тағы да дұрыс жасамадың! Бұл қателік еді. Сіздің жалғыз ұлың енді жүре алмайды, ал сен өте кәрісің, қолдауың жоқ енді не істемексің? Енді сіз бұрынғыдан да кедейсіз». Қарт адам «Сендер пайымдауға құмар екенсіңдер. Тек ұлымның аяғын сындырғанын айтыңыздар. Оның қателік пе, әлде бақыт па екенін ешкім білмейді. Өмір оқиғалардан құралған, бәрін бірден көре алмайсың». Бірнеше аптадан кейін елде соғыс басталып, ауылдың барлық жас жігіттері әскер қатарына алынды. Тек қарт адамның баласы ғана қалды, өйткені оның аяғы сынғандықтан соғысуға жарамайтын еді. Олар қарт кісіге келіп, «Сенің ұлың – қаріп болып, сендермен бірге қалды. Біздің балаларымыз енді келе ме, келмей ме, кім білген.»-дейді.

Сонда қария: «Бір оқиғамын бақыт пен бақытсыздық туралы төрелік етпеңіз. Сіз пайымдау жасағаннан кейін өсуіңіз тоқталады. Шындығында саяхат ешқашан аяқталмайды. Бір жол бітеді, екіншісі басталады; Бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Биікке жетесің, бірақ тағы да одан биік шығады.» деп жауапбенріпті.

Қытайда: «Таудың артында жаңа таулар көрінеді» дейтін сөз бар. Өмір - шексіз саяхат екенін әрдайым естен шығармаңыздар!

Мұғалім: Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір - бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар. «ҰБТ- да жетістікке жетейік!»


 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2025
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі