400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Менің қолымнан келеді!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білімдерін, ой-өрістерін кеңейту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагог-психологтың ашық ұйымдастырылған сабағы

Педагог-психолог: Ратбекова А.О.

Күні: 21.10.2020ж.

Тақырыбы: «Менің қолымнан келеді!»

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білімдерін, ой-өрістерін кеңейту;

  2. Түзете – дамытушылық: Таным процестерін нығайту, қызығушылықтарын, ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өздеріне деген сенімділіктерін арттыру.

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу. Балалардың бір-бірімен қарым қатынасын нығайта түсуге, достыққа баулу. Кез-келген жағдайда өзін дұрыс ұстай алатын, өзіне сенімді тұлға тәрбиелеу.

  4. Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, бақылау, психологтың және баланың іс - әрекеті, ойын, мадақтап отыру.

Көрнекілігі: Пәндік және иллюстративтік құралдар. Суреттер, қима суреттер, дидактикалық құралдар.

Сабақ түрі: топтық сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу рәсімі;

  • Ауа – райы, жыл мезгілдерін сұрау;

  • Шаттық шеңбері:

Аспанға  қараймыз,

Қайтқан құсты санаймыз,

Үшбұрыш боп тырналар

 Көк жүзінде сырғанар



ІІ. Өткен сабақты пысықтау: «Күз мезгілі» тақырыбы бойынша пысықтау жұмысын жүргізу. Сұрақ – жауап арқылы қайталау:

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата!

  • Күз мезгілінің айларын ата!

  • Неліктен күз мезгілін «алтын күз» деп атайды?

ІІІ. Жаңа сабақ: Тақырып бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Сабақ барысында адам мүмкіндіктері, қиындыққа қарсы тұрып мақсаты жету жолдары туралы әңгімелесу.

ІV. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары, төмен қарайық,

Қос аяқтап секіріп,

Бойымызды жазайық.


. Сабақты бекіту: Тапсырмалар арқылы бекіту.

1 – тапсырма: «Өз менін көтеру» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың өзіне деген сенімдерін ояту
Оқушылар, мұғалім шеңбер бойымен тұрып өз менін көтеруге ықпал ететін жаттығуларды жасайды.
Мен күштімін
Мен ақылдымын
Мен әдемімін
Мен өнерлімін
Менің қолымнан бәрі келеді
Мен күштімін
Мен өзіме сенемін

Мен тәрбиелімін
Бәрі жақсы болады.
2 – тапсырма: «Менің қолымнан келеді» жаттығуы

Балаларға шығармашылыққа байланысты барлық заттарды алдарына қойып, өздерінің қалауымен қолдарынан келетін зат жасау. Соңында барлығының жасаған заттарын ортаға шығарып таныстыру.

3 – тапсырма: «Артығын тап»

  1. Кітап, портфель, чемодан, әмиян.

  2. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.

  3. Қайық, қол арба, мотоцикл, велосипед.

  4. Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш.

  5. Ата, мұғалім, ана, әке.

  6. Қырау, шаң, жаңбыр, шық.

  7. Су, жел, көмір, шөп.

  8. Алма, кітап, тоң, раушан.

  9. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.

  10. Қайың, қарағай, жеміс, емен.

  11. Минут, сағат, секунд, кеш.

  12. Ақерке, Айдын, Зере, Баубекова.

4 – тапсырма: : «Ойын-жұмбақтар»

1. Қармағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Балықшы)

2. Бүркіті бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аңшы)

3.Ұстара бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Шаштараз)

4. Бір аң бар- Ақ түсті,

Қара түсті.

Қоңыр түсті,

Мекені - тау мен орман,

Мұздың үсті. (Аю)

5. Көлге ілгегін салған,

Телмірген де қалған. (Қармақ)

VI. Сабақты қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Бүгінгі сабақта не өттік?

  • Сендерге қандай тапсырма ұнады?

VII. Үйге тапсырма беру: Нейрожаттығулар жасау

Мадақтау!





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.02.2021
924
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі