жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің қоршаған ортам.
Тақырыбы: Менің қоршаған ортам.
Мақсаты: оқушылардың табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара байланыстылығы туралы түсінігін қалыптастыра отыра экологиялық білімдерін дамытую.
Міндеттері: табиғаттың негізгі құрама бөліктері ауа, су, өсімдіктер мен тірі ағзалар туралы жалпы түсінік беру; оқушыларды табиғатты сүйе білуге, қорғауға, аялауға, оған қамқор болуға тәрбиелеу; өлкеге деген сүіспеншіліктерін арттыру; салауатты өмір салтын насихаттау.
Көрнекілігі: эмблема, плакаттар
Барысы
Жүргізуші мен Күн сәулесі шығады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аға тәлімгерлерге, қымбатты балдырғандар мен ұландар!
Күн сәулесі: Сәлем достар!
Көзімді таңмен ашамын,
Әлемге нұрын шашамын.
Мен алтын күннің сәулесімін. Сендер маған қуаныштысыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине, қуаныштымыз. Солай ма, балалар? Бүгінгі мерекеміз «Мен – табиғаттың бір бөлшегімін» деп аталады. Сен «Күн» әлемінен келіп, біздерге жылулық пен мейірімділік сыйлайсың.
Күн сәулесі: Мен – күн әлемнің сыйлығымын. Достар, мен ұсеап көріңдірші. Көздерінді жұмындар, бастарыңды көтеріндер, мен сендердің беттеріндемін. Мені сипап көріндер.
Енді мұрындарыңа жеттім, мұрындарынды сипаңыздар. Көздеріндермін, бастарындамын. Жарайсыңдар, достар!
Жүргізуші: Қызықты сергіту жаттығуы ұнады ма? Ал енді барлығымыз бір – бірімізге күлкілерімізді сыйлайықшы. «Сәлем, досым» деп қолдарамазбен амандасайықшы;
-
аяқтарымызбен амандасайық;
-
құлақтарымызбен – қастарыңда отырған көршілеріңіздің құлақтарына тигізесіндер;
-
кішкентай саусақтарыңызбен;
-
бастарыңызбен, жарайсыңдар достар!
Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлшегі. Біз табиғат анамен үндес ғұмыр кешкміз. Табиғат – адамға қажет, баға жетпес байлық. Ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана деуге болады.
Дала Аруы сәулесі: Достар, мен аспан әлемінен келіп, жер табиғатын көрейін деп едім.
Жүргізуші: Жақсы, дала аруының елшілігіне аттанайық. Тез жету үшін бізге ойын көмектеседі. Барлығыңыз тұрындар, ойын ойнайық.
-
Асфальтпен жүреміз (аяқтарын тарсылдатады)
-
Енді құмдақ жерге келдік (аяқтарымен тырпылдатады)
-
Алда өзен, жүзу білесіңдер ме? Ал жүзіп көрейік. Шаршадыңыз ба?
-
Енді қайыққа отырайық, есуді бастаймыз.
-
Желкеннің көмегімен жүрейік, желкенді көмерейік.
-
Барлығымыз желге көмектесейік, үрлейміз.
-
Дүрбімен қарайық.
Қараңызшы, бір елге де келіп қалдық.
Дала Аруы шығады
Дала Аруы: Мен – Дала Аруымын! Қош келдіңіздер! Менің қойнауымда тау, өзен, су, жануарлар мен аң, құстар, адамен жансыздар бар! Енді менің төрт құдіретіммен таныс болыңдар.
Күн: Әлемге қуатты,
Сәуле мен шуақты
Алып күн беріп тұр.
Жарық күн – көрік нұр.
Жер: Аялып анамыз,
Саялар панамыз,
Құлпырығын тірлікпен
Жер құтты гүл біткен
Су: Өңірдің өзені –
Өмірдің өзегі.
Сусыз жер - өмірсіз
Нусыз өр, өңір түз.
Ауа: Жер шары – «дәу» әлем
Қошаулы ауаммен.
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар.
Күн: Күн – барлық тіршілікке нұр – сәуле шашып тұрған құдіреті күшті от. Халқымыз Күнге қарап мезгілді аықтап, уақытты мөлшерлеген, келер күннің ауа райын болжаса, айға, жұлдызға қарап жол жүрген, оған тәу етіп, оз бойына ерекше бір күш алып отырған.
Жер: Жер тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жер үшін сан рет төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай тер төккені өткен тарихтан аян.
Су: Жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған судың өмірге қажеті қымбат, әулие екендігі барлығына мәлім. Халық судың шығып жатқан жерін «Әулие бұлақ» деп тегін айтпаған.
Ауа: Ауа – барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. «Ауа - өмір тынысы» деп бекер айтпаған.
Дала Аруы: Жақсы, рахмет құдіреттеріме.
Жүргізуші: Дала Аруы, тқрт құдіреттеріңмен таныс болдық. Ал жағдайын қалай?
Дала аруы: Уа, адам баласы,
Құлақ салшы сөзіме.
Мен шаршадым,
Осы менің жайымнан
Боларсыңдар хабардар.
Жүрегімнің дүрсілін
Естіңдер, адамдар.
Күн сәулесі: Сонда қалай, Неліктен?
Екі оқушы шығады.
1 – оқушы: Адам, адамдар кінәлі! Олардың рахымсыхз істерінен қоршаған ота зардап шегуде. Ол кімнен көмек күтеді, әрину балалардан. Балалар! Сендер қоршап тұрған таибиғатты сақтаңдар, оны аяландар, қоолдан келген жақсылықтың бірін жасаңдар. Қамқорлық жасағанлы таьиғат та түсінеді, рахымшылығын жасайды, шапағатын береді.
2 – оқушы: О, табиғат! Мен не деген жомартсың, не деген дархансың, әлемді жайқалтып, тербелтіп тұрасың. Сенің бізге, адамдарға берген байлығың ұшан - теңіз. Ата – бабалардың өсиетін сақтап, сені қоғауға, сақтауға, еңбекпен жақсылықтар жасап, сенің жанашырың болуға баолық балаларды шақырамын.
Күн сәулесі: Сендер кімсіңдер?
1 – оқушы: Біздер – жвс табиғат қорғаушылармыз. Табиғат қамқорлықты ең әуелі балалардан күтеді. Балдырғандарғы арналған «Балалар әлеміндегі пайдалы істер» бағдарламасының «Жасыл әлем» бағыты жас экологтар арналған. Біздің мектептерде «Жас эколог» топтары құрылып жұмыс жүргізуде. Табиғатты қорғауға, экологияны жақсартуға көңіл бөлуде балдырғандар мен ұландпр өз үлестерін қосуда.
2 – оқушы: Табиғаттың бауырысың, досысың,
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің араңдағы байланыс
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.
Дала Аруы: Рахмет, балалар! Сендерге сенім артамын, балалар, сендерсіңдер – болашақ, сендерсіңдер – келешек. Табиғатты қорғау – Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзінді қорғау екенін естеріңізден шығармаңыздар! Аман-сау болыңыздар!
Дала Аруы кетіп қалады.
Жүргізуші: Жас досым, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Енді табиғаттың тоғыз емшісімен таныс болайық.
Сахнаға оқушылар шығады...
1 – оқушы: Шат көңіл адамдар,
Ақ көңіл адамдар!
Денсаулық – зор байлық,
Жан саулық – мол байлық.
Амандық үшін де
Адамдық ісінде
Қолданып ел сынар,
Табиғи емші бар.
2 – оқушы: Егер денім сау болсын десең...
Егер көңілім жай болсын десең...
Табиғатқа табын адам!
Табиғатта тоғыз емші бар.
Күн: Нұр сәуле шуақты,
Беретін қуатты
Ұлы емші анамыз
Күннін күш аламыз.
Жылытып, қыздырып,
Нұрына жүздіріп,
Күн ана шуағы
Сырқатты қуады.
Ауа: Болмасын ауа ешкімнің арман – мұңы,
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы, кімге керек боламыз біз?
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Су: Сусын да, әрі дем
Су емші бәрінен.
Суынан берді жер, жұынсың сергітер,
Су - өмір жүрегі, денсаулық тірегі.
3 – оқушы: бойды тік ұстау.
Тік ұста дененді сапқа тұр сен енді,
Жанға сеп шынығу, жаттығу, тынығу.
Сымбатты болу да өзіңнің қолыңда.
4 – оқушы: Дене жаттығулары.
Спорттық ойын да күш берер бойыңа,
Спортта ем болар, жпттықсың ем қонар.
5 – оқушы: Ашығу.
Ас же, іш сіміріп, асқазан сіңіріп
Жақсартып қыңынды, жақсартар жанынды.
Асқазан жұмысын аяла бұл үшін.
Ас ішсең толасың, аман – сау боласың.
6 – оқушы: Табиғи тағам.
Жеміс пен көкөніс,
Нан, сүт, ет берер күш.
Витамин тағам – нәр,
Оны жұрт бағалар.
Ас – адамның арқауы, аспен күш артады.
Тағам іш жағымды, тазартар жанынды.
Дертінді қуады денеңнің қуаты.
7 – оқушы: Демалыс.
Еңбекпен шынықтың, сен енді тыныққын.
Серги біл, құр жатпа, сейілде гүл бақта.
Ұйқыны қоя тұр, көр кинотеатр,
Жаназық әманда күш берер адамға.
8 – оқушы: Ақыл – ой.
Ой салып ақылға, оң істі мақұлда.
Табиғат сайлаған емдерді мақұлда.
Талпынсаң құрыспай емдерді пайдалан.
Ие боп атаққа, жетесің мақсатқа.
9 – оқушы: Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен.
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер ана, көл, теңіздер!
Жүргізуші: Табиғаттың тоғыз емшісімен таныс болдыңдар. Көңіл – күйлерін қалай? Сендерге бір қызықты ойын ұсынамыз. Маған және күн сәулесіне қарап, қимылдарды қайталаңдар. Барлығымыз тұрамыз.
Ойын ойналды.
Бұғының үйі үлкен,
Ол терезеден қарайды.
Қасынан қоян өтіп,
Есігінен қағады.
«Тық, тық, есікті аш,
Орманда аңшы атады».
Қоян, қоян, бері қаш,
Үйге кіріп жат.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Екі оқушы шығады.
Күн сәулесі: Елік қырда ауырса,
Жоқ қой ауруханасы.
Көк өкпесі қабынса,
Қайдан табар дауасын?
1 – оқушы: Ағаш өзін қиғанды
Ат сияқты тебе алмас.
Гүд де жұлқып жұлғанды
«Неге өйтті?» деп сөге алмас.
2 – оқушы: Аю байғұс аяғын
Алса жырып, қанатып,
Жарасын кім таңады,
Кім бар бағып қағатын?
Күн сәулесі: Қыста бар ма шымшықтың
Жемге толы қоймасы?!
Дала кезген тұмсықты
Достар жайын ойлашы...
3 – оқушы: Түйіп айтар сөзіміз:
Табиғаттың панасы –
Біздің мына өзіміз
Адамзаттың баласы!
Мұңлы әуен ойнап тұрады.
Ақ қайынның: Орман едік бір кезде біз жайқалған,
Аң мен құстың әсем әнін сайраған.
Әні кеткен, бұл өлкенінң сәні кеткен,
Аң мен құстың бассауғалап бәрі кеткен,
Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп,
Анам, әкем, бауырларым, қайдасың?
Кей адамдар жаныздықпен асырып жүр айласын.
Жалғыздықтың мұңы көп
Соны айтуға адамзатқа тілі жоқ...
Көрініс
Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырқып болдық қой.
Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой.
Әкесі: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой.
Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрасың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
«Арлекино» қуыршықтар театры.
Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайынға, ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы
Әкесі: Мына қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай – ақ қояықшы.
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сенде, нәзік жүрек. Мә, саған.
Құс: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала.
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын
Не көрінді? Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қйыңнуң құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдады жылығаның
1 – оқушы: Табиғаттың тпрылтпайық мөлдір кәуәсәр тынысын.
Пәк, табиғат, әр жүректің тымылжыған жырысың.
Ей, адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама.
Өзіңдағы содан тудың, табиғаттың ұлысын.
Қорытынды: Міне оқушылар бүгінгі сабағымыздан бізді қоршаған ортаның қаншалықты құдіретті екнін түсіндік. Біз әрқашан өзімізді қоршаған ортаны қорғауға міндеттіміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген