400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің құқығым және міндетім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда балалардың құқығы мен міндеті жайлы айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар:



Мектеп:Ш.Әбенов атындағы орта мектебі

Күні: 15.10.2020

Машықкердің аты-жөні: Қалиасқарова Толайым

Сынып: 2 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің құқығым және міндетім

Оқу мақсаттары

2.1.5.1.өз өміріне мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату

Сабақ

Мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өз өміріне мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті, жауапкершілікті ажыратады;

  • Баланың қандай міндеттерінің барын, жауапкершіліктің қандай болатынын білетін болады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • Құқық дегеннің не екенін біледі;

  • Конституция не үшін жазылатынын біледі;

Кейбір оқушылар:

  • Міндет дегеннің не екенін, оның орындалуына кімдер қамқорлық жасайтынын біледі;

  • Әр жасөспірімнің өз құқығымен танысады;

Бағалау

критерийлері

  • құқық, Конституция, міндет дегеннің не екенін түсінеді;

  • азамат деп кімдерді айтатынын біледі;

  • өз құқығымен танысады;

  • өз құқығының орындалуына қорытынды жасайды;

  • жауапкершіліктің не екенін түсінеді;

Тілдік мақсаттар

құқық, Конституция, міндет, жауапкершілік;

Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларды әңгімелеуге, өз құқығымен танысуға, ойын ашық жеткізуге тәрбиелеу;

Пәнаралық

байланыстар

Әдебиеттік оқу(оқулықтан тақырыпқа қатысты терминдерді оқып, мазмұнын түсініп, ойында сақтайды), дене шынықтыру(сергіту сәтінде дене қимылын орындайды).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут










Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға жылы лебіз білдіру. Амандасу. Сабаққа дайындау.

Қызығушылықты ояту.

  • Бүгінгі сабақта сендердің қандай міндеттерің барын, жауапкершіліктің қандай болатынын білетін боласыңдар;


Топқа бөлу: 2 минут



Психологиялық дайындық:

« Орамал тастамақ» ойыны арқылы тақырыпты болжап, сұрақтарға оқушылардың жауабын алу:






Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту






Кір жаятын жіптің түрі, түсіне байланысты топқа бөліну




Сынып ішіне жағымды аура орнату

Сабақтың ортасы 30 минут

  • Құқық деген не?

  • Конституция не үшін жазылады?

  • Міндет деген не? Оның орындалуына кім қамқорлық жасайды?

Әр адамның өз құқығы мен атқаратын міндеті бар. Қазақстан азаматтары өздерінің құқығы мен міндетін еліміздің Конституциясынан біле алады. Оны елдің Негізгі Заңы деп атайды.

Құқық – бұл Қазақстанның әр азаматына берілетін заңды мүмкіндік.

Міндет – әр азамат орындауға тиісті абыройлы борыш.

Азамат – бұл сол жердегі тұрғылықты елдің адамы. Азамат тиісті заңға қатысты міндетін орындап, құқығын пайдалана алады. Мемлекет өз азаматтарының құқығын қорғайды. Конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді орындау – әр азаматтың борышы.

- Болашақ жігіттеріміз азамат болса, болашақ бойжеткендерді азаматша деп айтады!

Қ.Б. Қолмен белгі беру техникасы арқылы»


  • Ал, енді «Бала құқығы» туралы бейнематериалға назар аударыңдар. Бейнематериал аяқталғаннан кейін бала құқығы туралы топ бойынша айтып бересіңдер!


Әр жасөспірімнің өз құқығы бар:

  • Өмір сүруге;

  • Ата – ананың қамқорлығында болуға;

  • Денсаулығын сақтай білуге;

  • Тегін оқып, білім алуға.


ҚБ. « Үш шапалақ» әдісі.


Өз құқығыңның орындалуына қорытынды жаса. Сен өз міндетіңді атқарып жүрсің бе? Әр адамның міндеттерімен таныс:

  • Әр азамат Отанын қорғауға міндетті;

  • Айналасындағы табиғатты сақтауға міндетті;

  • Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауға міндетті;

  • Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарауға міндетті.

  • Бірнеше жылдан кейін сендерде осы міндеттерді атқаратын боласыңдар!


Сергіту сәті:

  • Балалар, қазір әуен қосылады. Ал сиқырлы қорапшаны кезекпен бір – біріңе беріп отырасыңдар. Әуен сөніп қалғанда қолында қорапша қалған бала қорапшаны ашып, сөйлемді жалғастырады.

Мен ..... құқылымын.

Мен ..... міндеттімін.



Топтық тапсырма:

1 топ – бала құқығын баяндайды;

2 топ – баланың болашақтағы міндеттерін баяндайды;




Жауапкершілік – бұл саған берілген міндеттерге жауаптылықпен қарау.

  • Егер, оқуларыңды ойдағыдай оқып, үй тапсырмасын уақытылы орындап, ата – аналарың тапсырған істі тыңғылықты орындасаңдар жауапкершілігі мол азамат, азаматша болып өсесіңдер!





Есінде болсын!

  • Басқа да адамдардың құқығын құрметте! Құқық болған жерде міндет пен жауапкершілікте болатынын есіңнен шығарма?









Оқулықпен жұмыс

























https://youtu.be/tKeFMRHCwuY






Өз құқығымен таныстыру

































Топтық жұмыс








Сабақтың соңы

5 минут






«Бағдаршам әдісі »


Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Үй тапсырмасы: Сенің тағы қандай міндеттерің бар? Мысалдар келтіріп жаз.



«Бағдаршам» кері байланысы

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды;


Бүгін оқушылар өз құқығымен таныса отырып, Конституция, жауапкершілік, міндет дегеннің не екенін білді.


Жоспарланған саралау ойдағыдай іске асты;


Уақыт барынша тиімді пайдаланылды;




Жоспарыма бейнематериал енгізілді. Оқушылар бала құқығы туралы тереңірек білді;

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Оқушылардың өз құқығымен танысуы;

2:Конституция, жауапкершілік, міндетті меңгерді;

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Қосымша тапсырмалар;

2:Көптеген ақпараттар;

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Қалыптастырушы бағалаудың 4 компонентінде пайдалануды;

2: Әр тапсырманы саралап, түсінік беруді;


Әдіскер: Калкенова Б.Ж

Мектеп мұғалімі: Төлеубекқызы А

Машықкер: Қалиасқарова Т.Д



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі