жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің құқығым мен міндеттерім
Мектепалды даярлық тобы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
Тақырыбы: «Менің құқығым мен міндеттерім»
Мақсаты:Балаларға заң мен тәртіп, құқық пен міндет туралы түсінік беру. Ойын арқылы өз міндеттері мен құқықтарын танып ажырата алуға, өз пікірін ашық айтаға, сурет бойынша әңгіме құрай алуға үйрету. Балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Құқығын біліп, міндетін атқара білуге, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс‑тәсілдер: ұлттық ойын, Сюжеттік‑рөлдік ойын, Сұрақ‑жауап, баяндау.
Ресурстар; Астана туралы бейнежазба, мультфильм, слайд «Құқық пен міндет», сюжетті суреттер, сары, көк түсті асықтар, қоржын, «Бәйге» ұлттық ойынының макеттері.
Күтілетін нәтиже: Балалар заңның құдіретін, құқық пен міндетті ажырата алады, заңға бағыну керектігін түсінеді.
Барысы: Шаттық
шеңбері
Бақыт деген‑ Осы шақтың
шеңбері Қол ұстасып Тұрайықшы, кел бері. Бақыт деген‑ көрмей қалса
сағынып, Мені іздейтін Адал достар осындай! –Қандай керемет сөздер!
‑Балалар, сендер шыныменде бақыттысыңдар ма? ‑Олай болса бүгінгі
іс‑ірекетімізді осы бақытты болу себебімізге арнаймыз. –Айтыңдаршы
бала қай кезде бақытты болады? –Енді айта қойыңдар, біз қай елде
тұрамыз? –Астанамыз қай қала? –Рәміздеріміз не? ‑Президентіміз кім?
–Біздің елде адамдар қалай тұрып жатыр? –Дұрыс айтасыңдар,
тату‑тәтті.
‑Оның себебі неде екенін
білесіңдер ме? Өйткені елімізде Ата заңымыз бар. Онда біздің
құқықтарымыз бен міндеттеріміз жазылған. Біз сол заңға
бағын-ғандықтан осылай тату да тәтті өмір сүрудеміз. Және де
дүниежүзі бойынша балаларға арналған конвенция да бар екен. Онда
балалардың құқығы қорға-лады екен. Енді сол құқығымыз бен
міндетімізді анықтап ажыратып алайық. Ол үшін екі топқа бөлінейік.
Мына қоржыннан асықтар аламыз, сары асық бірінші топ, көк асық
екінші топ болады.
1-ойын: «Бәйге»
Мақсаты: Бала міндеттері мен
құқықтары туралы білімдерін бекіту. Саусақ бұлшық етін дамыту.
Ұлттық ойынға қызығушылыққа тәрбиелеу.
Шарты: Екі топтан екі екіден төрт
бала шығады. Қатарымен тұрып бәйге атының жібін әр міндет пен
құқықты атай отырып бір қадам алға жылжып отырады. Қай топ тез
атап, тез мәреге жетсе сол топ жеңімпаз
атанады.
Міндеттер: ҚР ның ата заңын құрметтеу; ҚР қорғау; ҚР ның рәміздерін құрметтеу; Әрбір азаматтың құқығы мен ерекшеліктерін құрметтеу; Табиғат және табиғи байлықтарды қорғау; Тарихи мәдени мұраларды сақтау; Тарихи ескерткіштерді қорғау; Ата анаға қамқор болу; Үлкенге ізет, кішіге қамқор болу; Құқықтар: Өмір сүруге; Ата тегін алуға; Отбасында тәрбиеленуге; Білім алуға; Азаматтық алуға; Жеке бас бостандығына; Демалуға; Денсаулықты сақтауға; Сөз бостандығына; т. с. с.
2-Ойын: Сюжеттік‑рөлдік ойын.
1-топ: Астанаға қыдырып келген
отбасының баласы ауырып қалып, жедел жәрдем шақырады. Баланың анасы
біз басқа қаладанбыз ғой бізді қарамайтын шығар деп күдңктенеді.
Әкесі оған керісінше елдің қай түкпірінде жүрседе тегін медициналық
көмек ала алатынын айтып жедел жәрдемді шақырады. Жедел жәрдем
дәрігері балаға ота жасау керектігін айтады және емді осы Астанада
жасау керек кейінге шегеруге болмайтынын
айтады.
2-Топ Балалар топ болып киноға
барады. Кинозалда отырғанда бір бала жеген тәттілерінің қоқысын
жерге тастай салады. Оған досы неге олай істейсің дегенде
тазалайтын адам бар сенің жұмысың не дейді. Сол кезде тазалайтын
адам келіп сен таза жерге келіп отырдың енді өз айналаңда тазалықты
сақтап отыру сенің міндетің деп түсіндіріп
кетеді.
Қойылған екі көріністі талдау: ‑Көрініс не туралы болды? ‑Қандай құқық (міндет) көрсетілді?
Сергіту сәті Ойын: «Кім жылдам?» Шарты: екі топ екі қатарға тұрады. Екі қатар қойылған орындықтар арасынан балалар жүгіріп өтіп ортада тұрған орындыққа келіп отырады. Қай бала тез отырып қалса сол жеңімпаз болады.
3. Ситуациялық
жағдай:
«Сен не істер едің?»
Мақсаты: Сурет мағынасын түсініп,
қысқа әңгіме құрау қабілетін дамыту, өз ойын айта
білу. Шарты: Екі топқа екі түрлі
мағынадағы суреттер беріледі. Балалар суретке әңгіме құрап, бұл
оқиға адам құқығына ма, міндетіне ма арналғанын ажыратып айтып
береді. Және соңында оның орнында өзі болса не істейтінін
айтады. 1-
топ. Арсен автобуста келе жатыр.
Ол бос тұрған орынға отырады. Біркезде автобуста адамдар көбейеді.
Арсеннің жанына бір әже келіп тұрады. Әженің қолында ауыр сөмке бар
екен. Арсен оның сөмкесін алып жанына қоя салды. Ал әже оның
жанында түрегеп тұра береді. ...(Балалар өздері болса не істейтінін
айтады)
2-
топ. Топ бала аулада ойнап
жүреді. Балалардың жасы 4 пен 6 жас арасында. Балалар ойынға қатты
қызығып ойнап жүреді. Біркезде балалар команда болып ойнағысы
келеді. Солкезде бір командаға 1 бала жетпей қалады. Балалар не
істерін білмей кішкентай Зерені ойыннан шығарып тастап команда
мүшесін теңестіргілері келеді. Ал Зере жылап қалады... ...(Балалар
өздері болса не істейтінін айтады)
4. Шығармашылық жұмыс.
Мақсаты: Суреттерді үйлестіріп
жапсырып, алған білімдерін көрсете алу.
Шарты: Дайын берілген суреттерден топ
«Менің құқықтарым», топ «Менің міндеттерім»тақырыбында плакат
жасау.

Қорытынды. –Міне балалар, біз өз
мәремізге жеттік. Бүгінгі алған білімдеріңнен қандай қорытынды
шығара аласыңдар? ‑Құқық деген не? ‑Міндет деген
не? ‑Бала құқығы деген не екен? -Бүгінгі іс-әрекетімізден нені
түсіндік? (Балалар өз түсініктері бойынша сұрақтарға жауап
береді

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген