400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің құқығым мен міндеттерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
"менің құқығым мен міндеттерім" тақырыбындағы ашық ойын іс-әрекеті "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспары бойынша ұйымдастырылып жасалған. Ойын іс әрекет барысында ойындар арқылы бала құқық пен міндетті ажыратып, білімдерін толықтырады. Сабақта ұлттық ойындар мен элементтер кіріктірілген. Іс әрекет балаларға жеңіл қызықты өтіледі. Ойын іс әрекеті мектепалды сыныптар мен мектепалды топтарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

Тақырыбы: «Менің құқығым мен міндеттерім»

Мақсаты:Балаларға заң мен тәртіп, құқық пен міндет туралы түсінік беру. Ойын арқылы өз мңндеттері мен құқықтарын танып ажырата алуға, өз пікірін ашық айта алуға үйрету.Балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Құқығын біліп, міндетін атқара білуге, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс‑тәсілдер: ұлттық ойын, Сюжеттік‑рөлдік ойын, Сқрақ‑жауап, баяндау.

Ресурстар; Астана туралы бейнежазба, слайд «Құқық пен міндет», Сюжетті суреттер сары, көк түсті асықтар, қоржын, «Бәйге» ойынының макеттері.

Күтілетін нәтиже: Балалар заңның құдіретін, құқық пен міндетті ажырата алады, заңға бағыну керектігін түсінеді.

Барысы:

Шаттық шеңбері Бақыт деген‑ Осы шақтың шеңбері Қол ұстасып Тұрайықшы, кел бері. Бақыт деген‑ көрмей қалса сағынып, Мені іздейтін Адал достар осындай! –Қандай керемет сөздер! ‑Балалар, сендер шыныменде бақыттысыңдар ма? ‑Олай болса бүгінгі іс‑ірекетімізді осы бақытты болу себебімізге арнаймыз. –Айтыңдаршы бала қай кезде бақытты болады? –Енді айта қойыңдар, біз қай елде тұрамыз? –Астанамыз қай қала? –Рәміздеріміз не? ‑Президентіміз кім? –Біздің елде адамдар қалай тұрып жатыр? –Дұрыс айтасыңдар, тату‑тәтті. ‑Оның себебі неде екенін білесіңдер ме? Өйткені елімізде Ата заңымыз бар. Онда біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз жазылған. Біз сол заңға бағынғандықтан осылай тату да тәтті өмір сүрудеміз. Және де дүниежүзі бойынша балаларға арналған конвенция да бар екен. Онда балалардың құқығы қорғалады екен. Енді сол құқығымыз бен міндетімізді анықтап ажыратып алайық. Ол үшін екі топқа бөлінейік. Мына қоржыннан асықтар аламыз, сары асық бірінші топ, көк асық екінші топ болады.

1-ойын: «Бәйге» Мақсаты: Бала міндеттері мен құқықтары туралы білімдерін бекіту. Саусақ бұлшық етін дамыту. Ұлттық ойынға қызығушылыққа тәрбиелеу. Шарты: Екі топтан екі екіден төрт бала шығады. Қатарымен тұрып бәйге атының жібін әр міндет пен құқықты атап отырып орайды. Қай топ тез атап, тез мәреге жетсе сол топ жеңімпаз атанады.

2-Ойын: Сюжеттік‑рөлдік ойын.

1-топ: Астанаға қыдырып келген отбасының баласы ауырып қалып, жедел жәрдем шақырады. Баланың анасы біз басқа қаладанбыз ғой бізді қарамайтын шығар деп күдңктенеді. Әкесі оған керісінше елдің қай түкпірінде жүрседе тегін медициналық көмек ала алатынын айтып жедел жәрдемді шақырады. Жедел жәрдем дәрігері балаға ота жасау керектігін айтады және емді осы Астанада жасау керек кейінге шегеруге болмайтынын айтады.

2-Топ Балалар топ болып киноға барады. Кинозалда отырғанда бір бала жеген тәттілерінің қоқысын жерге тастай салады. Оған досы неге олай істейсің дегенде тазалайтын адам бар сенің жұмысың не дейді. Сол кезде тазалайтын адам келіп сен таза жерге келіп отырдың енді өз айналаңда тазалықты сақтап отыру сенің міндетің деп түсіндіріп кетеді.

Қойылған екі көріністі талдау: ‑Көрініс не туралы болды? ‑Қандай құқық (міндет) көрсетілді?

Сергіту сәті Ойын: «Кім жылдам?» Шарты: екі топ екі қатарға тұрады. Екі қатар қойылған орындықтар арасынан балалар жүгіріп өтіп ортада тұрған орындыққа келіп отырады. Қай бала тез отырып қалса сол жеңімпаз болады.

3. Ситуациялық жағдай: «Сен не істер едің?» Мақсаты: Сурет мағынасын түсініп, қысқа әңгіме құрау қабілетін дамыту, өз ойын айта білу. Шарты: Екі топқа екі түрлі мағынадағы суреттер беріледі. Балалар суретке әңгіме құрап, бұл оқиға адам құқығына ма, міндетіне ма арналғанын ажыратып айтып береді. Және соңында оның орнында өзі болса не істейтінін айтады.

4. Шығармашылық жұмыс. Мақсаты: Суреттерді үйлестіріп жапсырып, алған білімдерін көрсете алу. Шарты: Дайын берілген суреттерден топ «Менің құқықтарым», топ «Менің міндеттерім»тақырыбында плакат жасау.

Қорытынды. –Міне балалар, біз өз мәремізге жеттік. Бүгінгі алған білімдеріңнен қандай қорытынды шығара аласыңдар? ‑Құқық деген не? ‑Міндет деген не? ‑Бала құқығы деген не екен?

Соңы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі