Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін
жетілдіру;құқықтық білім
әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін
дамыту, адам құқығы
туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір
айтуға,
тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау
қабілетін жетілдіріп, сөздік
қорын молайту; балалардың бойына құқықтық,
патриоттық,
адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер:
нақыл
сөздер,суреттер,слайд.
Адам құқығының жалпыға ортақ
Деклорациясында
«Әрбір адамның құқығы мен
қатар міндеті де бар» делінген.
1.Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ
міндет екенін қалай түсінесің?
(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас
тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай
емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті
де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал
техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу
керек)
2.Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы
тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қосаолардың міндеті
дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта
білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу
үшін жағдай
жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер
жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге
керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу –
ата-ананың міндеті)
3.«Кәмелетке толған, еңбекке
қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға
міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай
түсіндіресің? (Баланың адамгершілік парызы – қартайған
әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі
жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға,
адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға
міндетті)
4. Оқушы ретінде қандай
міндеттері білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын
мектебімнің ережесін қатаң
сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып
жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу,
халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю,
қастерлеуге тиістімін.)
«Сөздік турнир»
Берілеген мәліметке нақты атауын
беру.
1.Заң бойынша Қазақстан
мемлекетінің бір мүшесі.
(Азамат)
2.Барлық мемлекетте өз
азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық
жасау. (Деклорация)
3.Жалпы тәртіптік шара.
(Заң)
4.Бала құқығы жөнінде
халықаралық шарт. (Конвенция)
5.Бүкіл заң шығару ісінің
қайнар көзі. (Конститутция)
6.Жер бетіндегі халықтардың
мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.
(БҰҰ)
7.Әрбір адам басқа адамдармен
тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?
(Бостандық)
«Суреттер
әлемінде»
Берілген суреттер бойынша тақырыпқа
сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1.Әркімнің өмір сүруге құқығы
бар. Адамның тұрғын үйіне
сұғылмайды. (Тұрғын үй)
2.Конвенцияда «Баланың білім
алуға құқығы бар деп көрсетілген».
Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы
қажет. (Мектеп)
3. БҰҰ-ның алдына қойған
басты мақсаты – дүниежүзілік бейбітшілікті
сақтау. (Бейбітшілік)
4. Әрбір адам өмр сүруге,
денсаулығын сақтауға құқылы.
(Денсаулық)
5. Адамның, азаматтың
ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де
өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)
6. Кез-келген бала дем алуға,
қыдыруға құқылы, бірақ ол әр адамның қалауынша болуы
тиіс. (Демалу)
7.Кез-келген бала бос уақытын
тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге,
қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)
«Блиц турнир»
1.
Қазақстан республикасын кім басқарады?
(Президент)
2. Жер бетіндегі
халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық
ұйым.(БҰҰ)
3. Адам құқығын қорғайтын
заңдарды кім шығарады?(Парламент)
4. Заң шығарушы парламент неше палатадан
тұрады?(Сенат, мәжіліс)
5. Адамның, азаматтық
қоғамның өзара жауакершілігін бекітетін не?
(Конституция)
6. ҚР мемлекеттік рәміздерін
ата! (Ту, елтаңба, әнұран)
Қорытынды.
20-бап. Баланың
мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа
адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы
мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын
құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи
және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және
мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи
байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай
көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім –
жақындарына, туған-туысқандарына
деген
сүйіспеншіліктен
басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін
орта мектебі
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМ МЕН
МІНДЕТТЕРІМ»
Сынып жетекшісі:
Аубакирова Гүлмира
Кеңесқызы
4 «А»
сыныбы
2018 -2019 оқу
жылы