400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің құқықтарым» викториналық сайыс ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Викториналық сайыс ересек тобы балаларымен өткізілді. Викториналық ойын сайыс арқылы балалар өз құқықтарын білуге, негізделген. Осы конспектті мектепке дейінгі мекемеде еңбек ететін педагогтарға балаларды құқықтық тәрбиелеуде қолданылатын материал ретінде жіберіп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің құқықтарым»

Ересек тобында викториналық сайыс


Оразбаева Мархаббат Балталиевна –

«№33»Күншуақ бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі


Мақсаты: Балаларға олардың құқықтары туралы түсінік беру. Балалардың негізгі құқықтарын білуге жетелеу. Өз пікірлерін білдіруге, тұжырым жасауға үйрету. Құқықтық дүниетанымдары мен адамгершіліктерін дамыту.

Балалардың отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін, өзін өзі құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу.



Ойын-викторина барысы:

- Балалар, біз бүгін өте маңызды тақырыпты талқылаймыз. Жер планетасында адамдар мың жыл бұрын пайда болды. Сол кезде-ақ адамдарда

көптеген сұрақ туындады. Келісімді, бейбіт өмір сүру үшін «Адам құқықтарының декларациясы» деген кітап жарық көрді.Бұл кітаптарды үлкендер өздеріне арнап жазды. Ал, балаларға қамқорлық жасай отырып, балалар бақытты өмір сүруі үшін « Бала құқықтары туралы конвенцияны» жазып шығарды. Сонымен осы кітаптағы құқықтарымыз жайында сөз қозғаймыз. Құқық дегеніміз не ? 

Құқық – әділеттілік, еркіндік, ізгілік. Бір сөзбен айтқанда - Тәртіп. 

Жай ғана бұл кітап емес, 

Не керек, не керек емес. 

Ашқанда ғана көресің, 

Мазмұнын сонда білесің. 

- Бүгінгі викторина-ойынға екі топ қатысады.

1-топ «Құлыншақ»

2-топ «Ботақан».

Сайыс 3 кезеңнен түрады. Әр дұрыс жауапқа топ жүлдызшаға ие болады.


1-ші кезең.

Әр топқа бір-бір суреттен көрсетіледі. Балалар сурет бойынша балалар құқықтарды айтады.

1- сурет. Өмір сүруге деген құқық.

2-сурет. Есімге ие болу құқық.

3-сурет. Ата-ананың қамқорында боу құқығы.

4-сурет. Емделуге деген құқық.

5-сурет. Білім алуға деген құқық.

6-сурет. Дем алуға деген құқық.

7-сурет. Толыққанды тамақтануға деген құқық.

8-сурет. Бостандыққа деген құқық.


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір торып,

Біз бір дем алайық.



2-кезең.

«Ертегіні танып, құқықты атау».

Тәрбиеші ертегілердің суреттерін көрсетеді. Балалар ертегіні атап, кейіпкерлердің бүзған құқығын табады. Қай топ бірінші жауап берсе, сол топ жұлдызша алады.

1. «Жеті лақ» ертегісі – өмір сүру құқықы.

2. «Маша мен аю» ертегісі – бостандық құқығы.

3. «Қоянның үйшігі»- баспаналы болу құқығы.

4. «Бауырсақ» ертегісі – өмір сүру құқығы.

5. «Қызыл телпек» ертегісі – өмір сүру құқығы.

6. «Бармақтай бала» ертегісі – бостандық құқығы.


3-кезең.

Топ басшылар сайысы.

Тәрбиеші топ басшыларын ортаға шақырады. Үстел үстіндегі корапшаның ішіндегі заттарды топ басшылары кезекпен алып, алған затты қай құқыққа байланысты екенін айтады.

1. туу туралы куәлік – баланың туылғанда берілетін куәлік. Ол құжатта баланың аты-жөні жазылады. Есім алу құқығы.

2. Кітап – білім алу үшін қажет. Білім алу құқығы.

3. Дәрігердің жұмысына қолданылатын құрал. Емделу құқығы.

4. Йогурт. Толыққанды тамақтану құқығы.


- Міне, балалар, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Екі топ та сайысқа жақсы қатысты. Ал енді әр топтың жұолызшаларын санап, жеңімпаз топты анықтайық.

Тәрбиеші топ басшыларына өз тобының жұлдызшаларын санатады. Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
3429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі