Материалдар / Менің қызығушылық әлемім

Менің қызығушылық әлемім

Материал туралы қысқаша түсінік
өйткені белсенді өмірлік ұстанымы бар әрбір адам әрқашан өз өмірін қызықты, жарқын нәрсемен толтыруға ұмтылады және оң істерімен өмір кеңістігінің көкжиегін кеңейтуге тырысады және тіпті бұл кеңістік тек оның жан дүниесінде, сана-сезімінде ғана өсіп отырса да, оның қиялын оятуға да көмек береді. Мақсатқа жетудегі іс-әрекет оң нәтиже бере бастағанда, жан дүниесінде сенім пайда болып, адам (мен сенемін) шын мәнінде өсе бастайды. Рухани кеңістігі бос адам өзінің айналасында жақсылықты, жасампаздықты құра алмайды және дамыта алмайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2020
2983
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің қызығушылық әлемім.

Кітап – ақыл-ойдың кемесі,

уақыт толқындарында тербеліп,

өзінің асыл қазынасын

ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші.

Френсис Бэкон.


Мен тұратын әлем үнемі өзгеріп отырады, қызықты және ерекше болады. Менің ішкі әлемім де айналадағы үлкен әлемнің бір бөлшегі болғандықтан, қоршаған әлемнің сиқырлы айналасын көру өте қызықты.

Мен неге бұл тақырыпты таңдап алдым?..

Иә, өйткені белсенді өмірлік ұстанымы бар әрбір адам әрқашан өз өмірін қызықты, жарқын нәрсемен толтыруға ұмтылады және оң істерімен өмір кеңістігінің көкжиегін кеңейтуге тырысады және тіпті бұл кеңістік тек оның жан дүниесінде, сана-сезімінде ғана өсіп отырса да, оның қиялын оятуға да көмек береді. Мақсатқа жетудегі іс-әрекет оң нәтиже бере бастағанда, жан дүниесінде сенім пайда болып, адам (мен сенемін) шын мәнінде өсе бастайды.

Рухани кеңістігі бос адам өзінің айналасында жақсылықты, жасампаздықты құра алмайды және дамыта алмайды.

Жақсы, жағымды көңіл-күй, өмірге деген махаббат отбасынан басталады, жақсы кітаптар мен дұрыс достардың негізінде мектепте қалыптасады.

Өмірбаяныма тоқталар болсам, есімім – Ділназ, парсы тілінен аударғанда «өмір еркесі», - деген мағына береді. Мен отбасындағы 4 баланың кенжесімін. Қазақ халқы кенже балаға ерекше назар аударған ғой. Ата-анам да мені өмір еркесі болсын деп, есімімді «Ділназ» деп бекерге атамаған болар деп ойлаймын. 5 жасқа дейін ана, әке қамқорлығында болдым. Халқымыз отау құрған жастарға «Шаңырағың шайқалма-сын!», «Отың өшпесін!» деген ырым - тілектерді арнаған ғой.

Бірақ, әттеген-ай?!. Бірақ мен 5 жасқа толар шақта біздің отымыз көмескілене бастады, әкем еркесін тастап, бұл өмірден озды.

Анам есімі – Бақыт, бізді бақытты етуге ұмтылыс жасады...

Бала желге, көбелекке, жаңбырға, бірінші қарға шын жүректен қуанады…және осы қоршаған ортаға деген шынайы махаббат, рухани-жағымды бастау таусылмас үшін бізге кітап керек. Кітап - құмарлық, кітап - біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, рухани байлықты адам кітап оқу арқылы ғана толықтырады. Кітап біздің жайлы бөлмеміз тәрізді болуы керек, онда кез келген өмірлік проблемалар мен "жұмыс" аптасының күлкілі жағдайларынан демалуға болады.

Кітап - кез келген мәселені шешу үшін ойды дұрыс арнаға бағыттайтын дос. Кітап өзінің ерекше сиқырына толы, сіз сезіне алатын, сөзбен жазылғанды суретпен елестетуге жол сілтеуші...

Мүмкін, мені құрбыластарым «көңілсіз адам» деп ойлар, өйткені замандастарымның кітап оқуға қызығатындары өте сирек. Ал менің басты қызығушылық әлемім - бұл кітаптар. Мен 5-жасқа толғанда анам маған «Ертегілер» кітабын сыйға тартты. Оқи білмесем де анам, ағам маған ертегілерді оқығанда мен сол ертегідегі оқиғалар желісіне ілескендей күй кешетінмін. Дүниенің қызық сырлары тек кітапта деп ойлайтынмын. Сол қызығушылық мені кітап әлемімен достастырды. Отбасымызбен кітап оқуды әдетке айналдырғанбыз. Поэзия ма, проза ма мен үшін қызықты кітап болса, міндетті түрде оқуға тырысамын. Қазақ ақындарының шығармаларынан көңіліме медеу болған – Мұқағали Мақатаев шығармалары. Аналар мерекесінде «Шеше, сен бақыттысың!» жырын жан анама арнадым.

Кітаптардан басқа мен табиғатта серуендеуді ұнатамын. Табиғат әсемдігін тамашалай отырып, кітапта оқығандарымның көбін табиғатта шынайы кездестіргенде кітап арқылы табиғатты тани білуге ұмтылыс жан-дүниеме қуаныш сыйлайды. Жыл сайын жазғы демалыста анаммен туған жеріміз Қарқаралы жерінде табиғаттың таза ауасымен демалып, сиқырлы әлемімен сырласып, фотоға түсіріп, бейнекөрініс жасаймын. Күнделікті істердің тірлігіне берілген адамдар өмірдің жаңа, таңғажайып бояуларымен қалай тола бастайтынын жеткілікті көруге болатын көптеген тамаша заттарды байқамай қалады.

Иә, әлі жеткіншек болғандығымнан ба, менің де замандастарым тәрізді бос қыдыруды армандаған кездерім болды, бірақ анам дұрыс түсінік бере отырып, менің әлемімнің кеңеюіне ықпал ете білді. Анам бізді жалғыз өсірсе де, әрқайсымызды тұлға етіп қалыптастыруға жете тырысты. Әлі есімде мені домбыра үні ырғағында ән салып ұйықтататын. Содан да болар мен де ән айтуды жаным сүйеді. Туысқан сіңілім екеуміз би үйірмесіне қатысамыз, тіл үйрену курсына (ағылшын тілі) барамын. Сыныбым жоғарылаған сайын жетекшім – Гайша Файзуллаевна қоғамдық істерді де оқушыларға сеніп тапсырады және дұрыс орындалуына ақыл-кеңесін аямайды. Сыныпта өтетін мәдени, әдеби іс-шаралар сценарийін құруды маған жүктейді. Мен өзіммен бірге 2-3 досыммен қызықты етіп құруға тырысамыз.

5-сыныпта Аналар мерекесіне арнап өткізілген «Қабыл ал балаңның сәлемін жолдаған!» атты іс-шара өте тартымды болды, 6 сыныпта осы мерекеге орай «Отбасы-жылулық ұясы» тренингі де тәрбиелік мәндегі жаңаша дәстүрмен өткізілді. Наурыз мерекесінде «Хош келдің, Әз-Наурыз!» іс-шарасының сценарийін де сынып оқушыларымен ақылдасып, өзіміз құрдық. Сыныптағы іс-шараларды жүргізуші деңгейін де игердім. Ұстазым сахнада өзімізді мәдениетті, еркін ұстауға үйретеді. Сыныпты безендіруді де оқушылар өз қолымызға алдық, түрлі-түсті қағаздан көктемнің бәйшешегін жасауда да қызығушылық танытып, әсем гүлдеріміз өзімізге қуаныш сыйлады. Қазіргі кезде қызығушылық әлемімнің кеңістігі – үй гүлдерін өсірумен кеңеюде. Неден бастау қажет, дұрысы қалай деген ізденіс жолдарын тануда да кітап көмек беруде. Қазіргі заманда ақпарат кеіңстігі кең құлаш жаюда, қажетті мәліметтерді интернет желісінен тауып, ой толғаймыз. Негізгі кітапты электронды кітаппен де алмастырып отыруға болады, бірақ оның пайдалы, зиянды жақтарын да саралай білуге тырысамын. Сол сияқты, қазақ тіліндегі кітаптардың дені электронды нұсқада табыла бермейді.

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға,» - деп ұлы ақын Абай атамыз жырға қосқан ұстаздар еңбегі өлшеусіз! Мен өз ұстаздарыма зор еңбегі мен олардың бізге қосқан білім мен шеберліктері үшін, рухани, адамгершілік жағынан мейірімді, тәрбиелі және білімді адамдардың өсуі үшін ой бөлісіп жүрген сынып жетекшіме шексіз ризамын. Мен өмірімді немен байланыстыратынымды әлі шешкен жоқпын, мүмкін қызығушылық әлемім мені болашақ мамандығыма жетелер, мүмкін ол менің мамандығымның бір бөлігі болар, мүмкін Абай ақын өсиет еткен – «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген сенімнің жетекшісі болар, бірақ мектеп кезеңінде алған, әлі де алатын тәжірибем менімен бірге мәңгі қалады.

Менің өмірім қызықты, себебі мен оны жақсы көремін. Әр бөлшегі қызықты және маңызды. Болашақта мен оларды бөлісе алатын достарым көп болады деп үміттенемін. Мен тұратын әлем үнемі өзгеруде, қызықты және ерекше бола бермек. Менің ішкі әлемім де айналадағы үлкен әлемнің бір бөлшегі болғандықтан, қоршаған әлемнің сиқырлы айналасын көру өте қызықты. Менің ойымша, егер әркімнің сүйікті сабақтары, істері көп болса, әлемде сәтсіздіктер аз болар еді, өйткені оларды ешкім жасамас еді. Сондықтан мен өзімнің барлық таныстарыма жан-тәнімен қызығушылық танытатын істер тауып, қызықты өмір сүруді ұнатуға кеңес беремін.



Қызығушылық әлемімнің негізін қалаған адам – аяулы анам.

Қызығушылық әлемім – кітап оқу.


Мен бір күні жетістікке жеткен адам болармын және сол күндерде өмірбаянымнан – қызығушылықтан туған әлемімнің көптеген қызықты дәйектерінен пікір бөлісермін деп үміттенемін.


Шығарма иесі – 6 «Ә» сынып оқушысы Аипова Ділназ Нұрсерікқызы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ