Менің қызығушылықтарым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің қызығушылықтарым

Материал туралы қысқаша түсінік
шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы


Менің қызығушылықтарым


Адамзат бойындағы асыл қасиеттердің бірі – өнер. Өнердің сан алуан түрі болса, оның бірнешеуін меңгере білсең, тұрмысың сәнді болмақ. «Жігітке жеті өнер аз» демекші, ол пенденің қызығушылығынан, ықпалынан туады. Ерінбеген адамда өнер көп. Еңбектің жауы – жалқаулық. Әр күніңді, әр сағат, әр минутыңды тиімді пайдаланып, пайдалы еңбекке жұмсасаң, мағыналы өмір сүргенің.

Алдымен, ата-анадан, одан соң бала бақша, сосын мектептен, теледидардан алған өнеге баланы сан алуан дағдыларға тәрбиелейді. Өз басым кішкентайымнан жақсы нәрсеге еліктегіш болдым. Жақсы көрген нәрсемді тез үйреніп алғым кеп тұратын. Ата-анам бос уақытымда қолыма әдеби кітаптарды ұстата қоятын. Ол маған дағды болып қалыптасты. Қолым боста кітапқа үңілемін. Әдебиет әлемі менің әдебиетші болуыма ықпал етті. Жақсы кейіпкерлердің мінез-құлқына еліктей жүріп, соларға ұқсауға тырыстым.

Анамның «Зингер» тігін машинасы бар. Анасынан қалған. Баптап, күтіп ұстайды. Құрақ құрау, жеңіл-желпі халат сияқты көйлектерді тіге білу де – менің ермек істерімнің бірі. Әр алуан түсті қиынды маталарды түріне қарай үйлестіру маған қызық. Немесе үлкендерден қалған ескі киімдерден майда балаларға шалбар, қалпақ, сарафан, т.б. тігу де қызықтырады.

Көктем келсе, аулаға гүл егу менің мойнымда. Оларды баптауды да үйреніп алдым. Интернеттен, арнаулы кітаптардан гүлдердің аттарын, егу мерзімдерін біліп, уақытылы суарып, жаз бойы аулаға әр түрлі гүлдердің бірінен соң бірі ашылып, гүлдеп тұруын әдет еттім. Хош иісті райхан, қызыл, сары, ақ, қызғыш раушан гүлдері, аппақ түймедақ, майда басты ақ, көк түймедақ, көкшіл, сия түстес қашқаргүл, күтімді онша тілемейтін, тез өнетін цинга, гүлі ірі баршынгүл – менің көзімнің қуанышы. Сол сияқты бөлме гүлдерін өсіру – менің хоббиімнің бірі. Кіре берістегі үлкен бөлмемнің үлкен терезесі алуан гүлге толы. Дала аппақ қарға оранып жатқанда олардың бас жағын қызыл, сарғыш, қызғыш гүлдері кімді болмасын сүйсінтеді.

Тауық бағу – біздің үйдің шаруасы. Жұмыртқадан түрлі пирогтар пісіру де – ермегім. Пирогтің де бабын келтіріп пісірмесең, сүйкімсіз болып қалары анық. Жұмыртқаның сары уызына иленген қамырды какао қосып , иректетіп әр түрге салу да ыждаһаттылықты керек етеді. Сондай-ақ география саласын да жақсы көремін. Әлемдегі керемет жерлер, әсем туындылар кімді де болсын қызықтырмай қоймайды. Өзінің таңғажайып табиғаты, тарихы, аңызын білу менің хоббиіме айналды. Ол туралы деректе киофильмдерді де ерінбей көремін.

Өзіме-өзім есеп берсем, білетін өнерім әлі аз сияқты. «Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз» дегендей, алдағы уақыттарда уақытымды мағыналы өткізу үшін талай нәрсені үйреніп, талай нәрсеге қызығып, күнделікті өміріме жақсыларын серік етсем деймін.

Мені қызықтырған әуес істердің түбі – тәрбие. Ата-анам, мектебім мені еңбекке, өнерге, әдемілікке, үй шаруасына т.б. баулыды. Ол қаныма біліммен бірге сіңді. Тәрбие мен білім егіз. Ұстаз бола жүріп, балаларды бос жүрмеуге, пайдалы істермен айналысуға бағыттасам, менің ұстаздық мақсаттарымның бір парасы орындалғаны деп білемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
1599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі