15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
менің сәбилік кезім
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: №26 |
|||
Күні: 16.05.16 |
Мұғалімнің аты-жөні: Улукпанова М.М |
|||
Сынып: 1 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы: Менің сәбилік кезім |
||||
Оқу мақсаттары:
|
Тыңдалым: 1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау) Айтылым: 1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру; Жазылым: 1.4.1.1. Берілген суретке (зат)қатысты сипаттау сөздерін жазу.
|
|||
Сабақ мақсаттары: |
Мұғалімнің көмегімен сөз тіркестерін құрастырады, кластерге сүйеніп өзінің сәби кезі туралы әңгімелейді, өлең оқиды, сөздікті қайталайды. |
Барлық оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша сөздерді атайды. |
||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сөз тіркестерін құрастырады. |
||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Тірек сөздер арқылы қарапайы сөйлемдер құрастырады. |
||||
Тілдік мақсаттары: |
Сәби, ұйықтайды, жылайды, сүт ішеді, ойнайды. |
Оқушылар орындай алады: сөз тіркестерін құрастырады, өзінің сәби кезі туралы әңгімелейді. |
||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сәби, ұйықтайды, жылайды, сүт ішеді, ойнайды. |
||||
Диалог құруға /шығарма жазуға пайдалы тіркестер: Мен ұйықтадым. Мен жыладым. Мен сүт іштім. Мен ойнадым. |
||||
Талқылауға арналған сұрақтар: - Сәби не істейді? Сәби ұйықтайды. Сәби жылайды. Сәби сүт ішеді. Сәби ойнайды. |
||||
Алдыңғы оқу: |
"Менің киімім" |
|||
Жоспар: |
||||
Жоспарланған уақыт: |
Жоспарланған жаттығу түрлері : |
Ресурстар: |
||
Басы |
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. "Шаттық шеңбері" тренингін өткізу. (Мұғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, ән айтады). -Ризамын, ризамын, ризамын өмірге, Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге. 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Дыбыстық жаттығулар: -ім, -ім, -ім-киім -лек, -лек, -лек- көйлек -бар, -бар, -бар-шалбар 2."Менің киімім" суреттерімен жұмыс жасау бойынша оқылым әрекетін іске асыру. -Бұл суретте нелер бар? -Мынау не?Қандай көйлек (шалбар, қолғап, етік)? 3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: "Менің сәбилік кезім" |
Оқулық, дәптер,суреттер, мультфильм, тірек сөздер, доп, аудио.
|
||
Ортасы |
3.Жаңа сөздермен танысу: Сәби-малыш Ұйықтайды-спит Жылайды-плачет Сүт ішеді-пьет молоко Ойнайды- играет (Сөздерді хормен қайталау) -Балалар, ал енді "Балалар қалай өседі" деген мультфильмді тамашалаймыз. -Балалар, бұл мультфильм не туралы? -Сәбилер не істей алады? (Мұғалім суреттегі балалардың іс-әрекетін айтады) Мұғалімнің көмегімен тірек суреттер бойынша сөйлемдерді құрастыру: Сәби ұйықтайды. Сәби жылайды. Сәби сүт ішеді. Сәби ойнайды. 4. Жұптық жұмыс. Кластерге сүйеніп, бір-біріне өзінің сәби кезі туралы айтып беру: Мен ұйықтадым. Мен жыладым. Мен сүт іштім. Мен ойнадым. (Сөйлемдерді құрастырып, тақтаға, дәптерлеріне жазу). 5.Сергіту сәті. Бала, бала, баламыз, Өсеміз біз күліп-ойнап, Бақшаға барамыз. Он саусақтың саласындай. Күні бойы қызыққа, Өсеміз біз күліп-ойнап, Батамыз да қаламыз. Бір адамның баласындай. 6.Өзі туралы әңгімелеу -Сендер өстіңдер, ал енді қазір не істей аласыңдар? (Балалар мұғалімнің көмегімен тірек сөздер арқылы өзі туралы әңгімелейді): Сөйлейміз, сурет саламыз, би билейміз, секіреміз, өлең, ән айтамыз, жүгіреміз. 7. Өлең оқу Сенің атың балапан, Менің атым балақан. Балапандар шоқуда, Балақандар оқуда. (М.Жаманбалинов) 8. "Доп" сөздік ойыны (Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз менгерген оқушы алғыр атанады). |
Бейнематериал |
||
Соңы |
9.Бекіту. 1."Өрмекшінің торы" ойыны (Балалар шеңберде тұрып, өзінің нәрестелік кезеңі туралы бір сөйлемнен айтады). 2. Ән тыңдау "Әрқашан күн сөнбесін" Әрқашан күн сөнбесін! Аспаннан бұлт төнбесін! Қасымда болсын анам! Болайын менде аман! 10. Кері байланыс. Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі. Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына смайлик жапсырады. 11. Бағалау. 12. Үй жұмысы. Өздерінің сәбилік кезеңі туралы сурет салып келу. |
|
||
Қосымша ақпарат: |
Видео, аудио. |
|||
Бағалау критерийлері |
Қалыптастырушы бағалауға арналған дескрипторлар
|
Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету |
Қимыл, ым-ишараны қолданды, іс-әрекет жасады |
Сұраққа жауап беру |
Жүппен жұмыс істеуде белсенділік танытты, сурақтарға жауап берді |
Сөздерді дұрыс жазу |
Таныс емес сөздердің мағынасын түсінді, қайталап жазды |
Сөздік жұмыс:
Сәби - малыш
Ұйықтайды - спит
Жылайды - плачет
Сүт ішеді - пьет молоко
Ойнайды - плачет
Дыбыстық жаттығулар:
-Ім, -ім, -ім - киім
-лек, -лек, -лек - көйлек
-бар, -бар, -бар - шалбар
Сәби ұйықтайды. Сәби жылайды. Сәби сүт ішеді. Сәби ойнайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген