жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің сиқырлы әлемім
№ --- « » тамыз 2018ж Бекітемін : ------------Е.А.Тұрғанғазин Келісілді : -------------------
Педкеңесте қаралды Мектеп
директоры Ойыл аудандық білім бөлімінің
басшысы Е.М.Тлепов
№ хаттама « » -------------- 2018ж
Тақырыбы : «Менің сиқырлы әлемім »
( Мектеп компоненті)
Сыныбы : 2
Орындаған : Мұхтарова Жадыра
Серикбаевна
Бисенғалиева Шаттық Жұмақызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ә/Б отырысында қаралды : ----------------- Ж.С.Мұхтарова
( Ә /Б жетекшісі )
№ ------хаттама ------ тамыз 2018ж
Тексерілді : ------------------ С.Б.Ұзақбаева
Оқу ісі жөніндегі орынбасары
2018- 2019 оқу жылы.
Түсінік хат.
Қазір ел болып егемендік алып,
көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең
өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы
жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді-2030 жылы «Ақ
барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де
анық.
Сапалы білім берумен қатар өз әлемін зерттей білуге үйрету
аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен
әсерін тигізеді .
Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол
жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы
қалыптасқан бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды
тәрбиелеу.
"Менің сиқырлы әлемім " үйірмесі өнер мен білім беру ісін
бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол
мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, адамгершілік ,
зерттеушілік ,дүние танымын қалыптастыруға үйретеді.
Жоспарланған жұмыстың түрлері: өз ойын еркін жеткізу ,әңгімелесу,
талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, жұптық , пікірлесу ,
үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады.
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін
көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық
қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету,
белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау,
іскерлігін дамытады.
Бұл бағдарламаны жасауда
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 2- класта оқитын
оқушыларға арнап құрастырылған.
Бағдарлама мақсаты :
Оқушылардың бойында әлем
туралы түсінігін кеңейтуге ,қоршаған ортаны зерттеуге , баланың
бойындағы « Мен» деген ұғымды бойына дарытуға көзделген.Балалар
көргенін және бақылаған құбылыстарды сипаттайды. Қоршаған әлем
туралы ,әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы білімдері қалыптасады
және дамиды. Оқушының еркін пікір алмасуын көздейтін диалогке
құрылды. Оқушының білімін,
шеберлігін көрсетуге негізделді. Оқушыны шығармашылық жұмысқа
тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру,
жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру,
өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамытуға
қалыптастырады.
Бағдарлама міндеті
:
Оқушылар белгілі бір жұмыс
орындаған кезде керекті мәліметтерді таңдап жинақтайды. Кейбір
жұмыстарды топта бірігіп орындайды. Балалар алған білімдерімен
бөліседі,талқылайды одан соң жұмыстың нәтижесін талдайды.
Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталғандықтан , жұмыстың басым бөлігі өз бетінше
орындалады.
Оқушыларды шығармашылыққа
тарта отырып , он саусағынан өнері тамған дарынды баланы
тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін
көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік
дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін
жеткізу. Тапсырмалардың барлығы
шығармашылық сипатқа ие және оқушылардың қиялын дамытуға
бағытталады.
Өз жұмысыңды
бағала.
Балалардың орындаған шығармашылық жұмысының дұрыстығын үш түрлі
қарындашпен бояп бағалайды.Ол әр сабақ соңында берілген үш дөңгелек
-шартты белгі арқылы жүзеге асады:
«жасыл түс» - «Бәрекелді ! »
«көк түс»- «Жарайсың ! »
«қызыл түс» - «Ойлан !»
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып , он саусағынан өнері тамған дарынды баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
Әрбір жетекші оқушыны үйірмеге
қызықтыру үшін үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға
қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден,
ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты
элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе
компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі
материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура
келеді.
Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, сурет салу
икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге
тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі
әдіс-тәсілдер қажетілігінің туындауын шығармашылық іс-әрекеттерімен
көрсетуде.
Бағдарлама -34 сағат, аптасына 1сағат.
Күтілетін
нәтиже .
Бұл бағдарлама бүгінгі
талаптарға сай қажетті көрнекіліктер мен жабдықталып іске қосылған
кабинетте жүзеге асырылады. Сонымен қатар дидактиқалық
материалдар,суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспа
қолданылады. Әр сабақта оқушы сурет салумен қатар, ұлттық
тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді . Сонымен бірге оқушы салт
–дәстүріміздегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы
тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.
"Менің сиқырлы әлемім" үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге
жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін салып үйренеді.
Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа
жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан , "Менің
сиқырлы әлемім " үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін,
өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.
Оқушылардың жұмыстарын бағалай келе, «Алтын күз», «Қыс қызығы»,
«Көңілді көктем» апталықтарына да шебер оқушыны түрлі бейнелеу
өнерімен мүсіндеу, жапсырмалау,т.с.с жұмыстарымен қатысуға
мүмкіншілігі мол.
Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар біледі :
-
Саусақ, жіп, тамшуыр, далап, лак, көкөніс бастырмасы,т.б. жұмыс жасауды;
-
Техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;
-
Құрал-жабдықтарды қолдана білуді;
-
Түстерді дұрыс сәйкестендіре білуді;
-
Сурет сала білуді;
-
Бұйымның эскизін салуды біледі;
-
Шаблон үлгілерін дайындауды біледі;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аруана баспасы «Сен білесің
бе?» атты тарихи этнографиялық кітаптар топтамасы.
2. Салт-дәстүрлер«Асыл сөз аталары» Автор: Сейітжанов.Автор: К.
Матажанов.Автор: Ж.Ш. Барымбеков.
3 .Балаларға арналған «Бала би» танымдық журналы.Бас редакторы:
Гүлсім Мұқышева.
4. Ай сайын шығатын Республикалық әдістемелік журналы. 2007 №3,
2007 №7, 8.
5. Бас редакторы: Әбиева Фарида Бейбітқызы.
6.«Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж
7.«Технология» Республикалық әдістемелік журналы.
8. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология
Менің сиқырлы әлемім
/34 сағат.аптасына 1сағат/
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Практикалық жұмыс |
Оқу мақсаты |
Уақыты |
|
Менің мектебім. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері . |
|
||||
|
1. |
Техниалық еңбек. Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. |
1 |
Бояудың маңыздылығы, қасиеттері,ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау. |
Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) анықтау |
|
|
2. |
Терек бұталарын акварель бояумен саусақпен салу. |
1 |
Терек бұтасының сұлбасын саусақпен бояу |
қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қарапайым тәсілдермен бейнелеу |
|
|
3. |
Қүзгі орман сұлбасын саусақпен бояп салуЖобалық жұмыстар. |
1 |
Ормандағы ағаштар сұлбасын саусақпен бояп салу |
қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу |
|
|
4. |
Тостаған бейнесін қылқаламмен салу. |
1 |
Ыдыстар сұлбаларын бейнелеу. |
қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру |
|
|
5. |
Ұлттық ыдыс торсық бейнесін поролонмен бейнелеу. |
1 |
Ұлттық ыдыстар торсық бейнесін поролонмен бейнелеу. |
бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын анықтау |
|
|
6. |
Қоржынды сәндеу.Бастыру әдісімен қоржын бейнесін салу. |
1 |
Қоржынды сәндеу.Бастыру әдісімен қоржын бейнесін салу |
шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) өнердің визуалды суреттеу құралдармен көрсету |
|
|
7. |
Құмған бейнесін далаппен бейнелеу. |
1 |
Құмған бейнесін далаппен бейнелеу. |
қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қарапайым тәсілдермен бейнелеу |
|
|
8. |
Сазбалшықтан тәрелке бейнесін сомдау. |
1 |
Ыдыстарды сазбалшықтан сомдау. |
қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу |
|
|
9. |
Алтын күз.Көрме |
1 |
Не үйрендік ,не білдік ? |
өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін түсіндіріп, таныстыру |
|
|
Менің туған өлкем. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы |
|||||
|
10 |
Күз бейнесі.Жаңбырлы күн. Нүктелер арқылы сурет салу. |
1 |
Күз бейнесі.Жаңбырлы күн.Нүктелер арқылы сурет салу. |
қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) суреттеу және түсіндіру |
|
|
11 |
Егіншілікте қолданылатын құрал-саймандар.Астық жинау. Нүктелер арқылы салу. |
1 |
Астық жинау. Нүктелер арқылы салу. |
шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдармен көрсету |
|
|
12 |
Төрт түлік .Мал шаруашылығы. |
1 |
Төрт түлік жануарларды майлы бояумен салу. |
әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу |
|
|
13 |
|
1 |
Бәйтерек,ханшатырын нүктелер арқылы бейнелеу |
қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу |
|
|
14. |
Ертегідегі құс бейнесін тамшуырмен бейнелеу. |
1 |
Ертегідегі құс бейнесін тамшуырмен бейнелеу. |
өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін түсіндіріп, таныстыру |
|
|
15. |
Менің сүйікті ертегім .Ертегі кейіпкерлерін бастыру арқылы салу. |
1 |
Менің сүйікті ертегім .Ертегі кейіпкерлерін бастыру арқылы салу. |
әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу |
|
|
16 |
Аң аулауда қолданылатын құрал –жабдықтар. |
1 |
Арқан,пышақ,мылтық,қаақпанның суретін салу. |
қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу |
|
|
17 |
Қолғап сұлбасын алақанмен бейнелеу. |
1 |
Қолғап сұлбасын алақанмен бейнелеу. |
өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін түсіндіріп, таныстыру |
|
|
18 |
Қыс қызығы.Көрме |
1 |
Қыс бейнесін бейнелеу. |
көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, |
|
|
Менің мәдениетім. Қазақ халқының салт- дәстүрлері. |
|||||
|
19 |
Мерекелік отшашу.Бастыру әдісімен бейнелеу. |
1 |
Мерекелік отшашу.Бастыру әдісімен бейнелеу. |
отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру |
|
|
20 |
Қазақтың төрт тойы |
1 |
Далаппен мерекелік көңіл-күйді бейнелеу. |
қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу |
|
|
21 |
Менің мерекем.Саусақпен бейнелеу. |
1 |
Менің сүйікті мерекем.Саусақпен бейнелеу |
нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру |
|
|
22 |
Менің туған күнім." Көкөністер " бастырмасымен бейнелеу. |
1 |
Мерекелік дастархан Менің туған күнім."Көкөністер бастырмасымен бейнелеу. |
шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау |
|
|
23 |
Қысқы ағаштарды "Жіп" графикасы арқылы бейнелеу. |
1 |
Қысқы ағаштарды «Жіп» графикасы арқылы бейнелеу. |
нақты дәлдігіне жетіп материалдардыжәне компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру |
|
|
24 |
Арқан тартыс.Асық ату. |
1 |
Ермексаздан сомдау. |
әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау |
|
|
25. |
Бесік .Далаппен бейнелеу. |
1 |
Бесіктің суретін салу..Далаппен бейнелеу. |
қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану |
|
|
26. |
Сүйікті анама сыйлаймын.Акварельмен,саусақпен ашықхат бейнелеу. |
1 |
Сүйікті анама сыйлаймын.Акварельмен,саусақпен ашықхат бейнелеу. |
өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияларды пайдаланып, таныстыру |
|
|
Мені қоршаған орта. Қазақтың байырғы өлшемдері |
|||||
|
27 |
Тәулік мезгілдерінің атаулары |
1 |
Таң,кеш,түс мегілдерін бейнелеу. |
табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау |
|
|
28 |
Көрікті көктем.Поролонмен көктем бейнесін бейнелеу. |
1 |
Көрікті көктем.Поролонмен көктем бейнесін бейнелеу. |
шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дереккөздерден (АКТ-ны қосқанда) ақпаратты іріктеп алу |
|
|
29 |
Ғажайып ұшақ. Саусақпен ұшақ сұлбасын бейнелеу. |
1 |
Ғажайып ұшақ. Саусақпен ұшақ сұлбасын бейнелеу. |
тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай отырып, өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру |
|
|
30 |
Бақтағы алма гүлдері.Алақанмен бейнелеу. |
1 |
Бақтағы алма гүлдері.Алақанмен бейнелеу. |
әртүрлі тәсілдермен және үйлестірілген материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) |
|
|
31 |
Жаз келді ,алақай. |
1 |
Жаз келді ,алақай. |
қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану |
|
|
32 |
Экологиялық уақыт өлшемдері. |
1 |
Ай туғанда. Күн батарда.Күн шыққанда. |
көркем жұмысты орындау үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдау |
|
|
33 |
Мезгілдерді бейнелеу. |
1 |
Күн шыққанда . |
шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дереккөздерден (АКТ-ны қосқанда) ақпаратты іріктеп алу |
|
|
34 |
Көрме. |
1 |
Не үйрендік, не білдік ? |
ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау |
|
Мазмұны
Түсінік хат -----------------------------------------------------------------------------2 бет
Бағдарлама мақсаты мен міндеттері---------------------------------------------3 бет
Өз жұмысыңды бағала ---------------------------------------------------------------4бет
Бағдарлама түрлі әдіс- тәсілдер арқылы жүзеге асырылады----------------4 бет
Күтілетін нәтиже ---------------------------------------------------------------------5 бет
Құрал - жабдықтарды пайдалану барысында оқушылар біледі ------------5 бет
Тақырыптық жоспар ------------------------------------------------------------------6 бет
I бөлім. Менің мектебім
II бөлім . Менің туған өлкем.
III бөлім. Менің мәдениетім.
IV бөлім. Мені қоршаған орта.
Пайдаланылған әдебиеттер---------------------------------------------------------- 11 бет
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген