400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүйікті - Ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың дамуына жағдай жасаған менің сүйікті ұстазым!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Менің сүйікті -Ұстазым

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап бізді жылы шыраймен, мейірімді жүзбен қарсы алатын, тәрбиесі мен білімін онымен қоса қамқорлығын қатар беретін, әрбір оқушысын «балам» деп қарайтын ол әрине Ұстаз. Өмірдегі ең маңызды әрі жауапкершігі жоғары істердің бірі адам тәрбиелеу, яғни жеке тұлға қалыптастыруда басты рөл атқаратын ұлы тұлға. Ұстаз ол еркелете отырып тәрбиелейтін, сабаққа деген ынтасын арттыра отырып, білім беретін, өзің бойыңнан байқамайтын қасиеттерді ашатын, саған үнемі сенім артып сені қолдайтын жан. Оқушылардың жүрегінен орын табу және сүйікті ұстазы болу, ұстаздың ерең еңбегінің нәтежесі. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар қашанда дегендей», ұстаз білімнің отын жағып, бал шырын нәрін, шәкіртінің бойына сіңіруде әдіс тәсілдерді жетік меңгерген, ұстаз болу- мұғалімнің бойындағы ең ұлы қасиет.

Мен де үшін ұстаз қасиетті де, қадірлі ұлағатты ұғым. Бұл сөзді естігенде көңілім жылып, жүрегімде жылулық нұры пайда болды. Себебі көзалдыма мектептегі жүздері жылы, мейірімді, қамқор, тұлғалық дамуыма үлес қосқан, мені үнемі шабыттандырған, менің әрбір ісімді қолдаған, ардақты да аяулы ұстаздарым елестейді. Мен бұл сезімді қанатымыз қатайып мектептен кеткенен кейін барып сезіндім. Мектеп қабырғасында білім мен тәрбиені қатар ала жүріп, уақытымыздың көп бөлігін мектепте өткізгеніміз соншалық, ұстаздарым анамдай жақын болып кеткен жандар.Тіпті айтқан ақылдары, береген кеңестері санамда мәңгі сақталып қалғандай. Соның бірі орта буын кезінде орыс тілі пәнінен сабақ береген Раушан Ерімқызының мына айтқан сөзі: «Мектеп-сенің үлкен өмірде, бойыңда кездесетін қасиеттеріңнің қалыптасатын кезеңі, сондықтан қазірден бастап бойыңызға жақсы қасиеттерді жинауға, санасы дұрыс толық жетілген, тұлға болуға қазірден бастап дағдыланыңыздар»-деген терең мағыналы сөзі жадымда сақталып қалыпты. Сол сәттен бастап айтқан ұстаздық кеңесінен кейін өз бойымды дұрыстауға санасы биік тұлға болуға тырысып келемін. Міне, осынадай ұстаздың бір айтқан кеңесі адамның өмір бойына азық беріп, өмірге деген құлшынысын арттырады. Бастауыш сыныпта төрт жыл бойы бір ұстазға үйреніп қалғаннан кейін, бесінші сыныпқа келгенде әр пәннен әртүрлі мұғалім сабақ берегенде алғашында әрбір орта буынға өткен оқушыға қиынға соғатыны анық. Бірақ, уақыт өте келе әртүрлі мұғалімге үйреніп тіпті бауыр басып, әрбір оқушыда өзінің сүйікті ұстазы және сол ұстазына ерекше сыйластығы қалыптасады. Ал,жоғары сыныпқа келгенде ұстаз бен оқушының арасында ерекше байланыс орнап, ұстазы оқушысының тұлғалық дамуына







үлкен үлес қосып, қарым-қатынастың дамуы жоғарғы деңгейіне жетіп, сыйластық пен құрмет және жақсы көру сезімі арта түседі. Жоғары сыныпқа яғни 11-сыныпқа келгенде менің тұлғалық дамуыма үлкен септігін тигізген, менің жақсы көретін, менің сүйікті ұстазым ол-Ләйлі Науайқызы болды. Ләйлі Науайқызы ең алғаш он бірінші сыныпта қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен сабақ берді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- деп айтқандай, Ләйлі Науайқызы мені шабыттандырған ұлы мұғалім, яғни сол сәттен бастап менің әдебиетке деген сөнген қызығушылығымды ашты және одан әрі арттыра түсті. Ләйлі Науайқызының әрбір өткізген сабағы ерекше жаңашылықдықпен жаңа әдіс тәсілдермен өтетін. Өз өлкеміздің ақын, жазушылары Фариза Оңғарсынова, Рахымжан Отарбаев сияқты ұлы тұлғалардың өмірімен жақын таныстырып, ғылыми зертттеу жұмыстарын жиі өткізетін. Сабақтан кейін ерекше әдеби сезімге толып рухани бай болып қайтатынбыз. Ләйлі Науайқызы тек қана әдебиетке деген қызығушылығымды арттырып қана қоймай тұлғалық дамуыма үлес қосты. Дәлірек айтқанда, қазіргі таңда білім беру саласында жиі өткізілетін оқушылардың білімін, ойлау деңгейін арттыратын пікірсайыс «дебат» ойнауға үйретті. Соның нәтежесінде мен көрермен алдында еркін сөйлеуге,өз ойымды еркін жеткізуге, өз пікірімді талқыға қосуды үйрендім. Ләйлі Науайқызы мен ешқашан істеп көрмеген іске сенім білдірен, сабақтан тыс уақытта маған үнемі ұстаздық кеңесімен қолдауын жиі білдірген, тіпті мектептен кеткенен кейін де үнемі қолдауын жеткізіп отырған менің сүйікті ұстазым. Ләйлі Науайқызының маған ұнайтын қасиеті- оқушының таңдауын, шешімін өте жоғары деңгейде сыйлауы және сол қасиеті менің оған деген сыйластығымды одан әрі арттыра түсті. Ләйлі Науайқызы аз ғана уақыттың ішінде нағыз Ұстаздықтың үлгісін көрсеткен, білімділігі мен біліктілігі қатар ұштасқан мен үшін ұлы тұлға. Ләйлі Науайқызы, мен өзім білімділігі мен біліктілігінен, жас ұрпаққа ұлы тұлғаларды дәріптеуінен, сабақ өткізудегі жаңашыл идеяларынан, үлгі алатын, мені ұстаздық жолда шабыттандыратын менің сүйікті ұстазым.

Қорытындылай келе айтарым «Жүрегің дархан,өзіңнің арқаң,биікке шықсам егерде», деп өлең жолдарында кездесекендей біз қандай шыңды бағындырсақта, қандай биік жетістікке жетсекте барлығы ұстаздарымыздың арқасы. Ұстаздардың бізге білдіреген үлкен сенімі мен қолдауы және адал еңбектері.Тәрбие мен білімді қатар берген ұстаздардың еңбегін ұмытпау біздің басты міндетіміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.09.2023
403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі