Менің сүйікті балабақшам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің сүйікті балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балабақшаға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу. Ой өрістерін, сөздік қорларын молайту. Балабақша қызметкерлерінің атқаратын қызметтерімен танысу. Міндеттері: – үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету; – балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту; – айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу. Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Ашық оқу қызметінің тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам!

Мақсаты: Балабақшаға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу. Ой өрістерін, сөздік қорларын молайту. Балабақша қызметкерлерінің атқаратын қызметтерімен танысу.

Міндеттері:

үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету;

балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту;

айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.

Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.

Тәрбиеші:

Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар амандасады)

Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіміздің  тақырыбы: «Менің сүйікті  балабақшам!»

Ендеше балалар, барлығымыз бір – бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл – күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін құрайық.

«Шаттық шеңбері»

Тәрбиеші балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады.

«Ізгі сөздер»

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!»- тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»- деп кіремін.

Тәрбиеші: Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?

Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?

Қане бәріміз бірге қайталайықшы.-«Қайырлы таң!».

Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».

Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».

Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»

Бүгін  біз   «Сүйікті  балабақшамыз» туралы  әңгімелейтін  боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер  сәби  болып  келдіңдер,  ересек  болып  кетесіңдер. Балабақша сендерге  білім береді,  тәрбиелейді. Әдептілікке,  достыққа,  ұйымшылдыққа  үйретеді.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын сендер  тапсаңдар, сол жануар қонаққа келеді:

Жұмбақ

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа қоян келіпті. Қоянмен амандасып, қоянды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.

Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады.

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып, сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.

(тәрбиеші тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)

Балалар балабақша дегеніміз не?

-Балабақшамыздың аты қалай аталады?

Балабақшада біз не істейміз?

Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?

Бақнұр: Балабақша есігін,

Үшке толып ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің сәніміз,

Біз осы үйдің гүліміз.

Тәрбиеші: 

Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?

Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?

Қане, олар кімдер және не істейді екен?

(Меңгеруші, әдіскер, хатшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы,тәрбиеші көмекшісі, тәрбиеші апайлар).

Бұл балабақшамыздың меңгерушісі: Умарова Күнсая апайымыз!

Балабақшамыздың әдіскері: Зиягүл апайымыз!

Балабақшамыздың хатшысы: Гүлназ апайымыз!

Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды. Ол Балауса апайымыз!

Айару: Тындаушы мойнында,

Өлшеуіші қолында.

Ақ халатты дәрігер

Әрқашан өз онында.

Аспазшы: Біз үшін түрлі  дәмді тамақ әзірлейді.

Ол Шынар апайымыз!

Камила: Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана,

Мен сондай аспазшы

Боламын бақшада!

Тәрбие көмекшісі: Рахила апайымыз. Бізге тамақ береді, ыдыстар жуады, шаң сүртеді, төсек жинайды.

Аяулым:  Киімдерді ілген кім?

Бәрінің жөнін білген кім?

Терезе ашып біз жоқта

Таза ауа болып кірген кім:

-Бұл апайларымыз кімдер  екен?

Эльмира апайымыз, ия балалар!

Даметкен апайымыз!

Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.

      Бақнұр: Мен бақшаға барамын,

Ойнаймын, ән саламын.

Тәрбиеші апайлар!

Досы барлық баланың.

Тәрбиеші:  Біздің ақылды, әрі деніміз сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар еңбектенеді.

Балабақша – біздің екінші үйіміз сияқты екен. Сендер  балабақшаға  сәби  болып  келгеннен, ересек  болып  мектепке кеткенше, осы  апайлар  қызмет етеді.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

Тәрбиеші: Балалар, сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтыңдаршы.

Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Кеш жарық! Рахмет!

1.Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік?

2.Балабақшада  немен  ойнағанды ұнатасыңдар?

3.Балабақшаның   қандай  тамағы ұнайды?

4.Балабақшада  нені  тыңдап үйрендіңдер?

Балабақшамыздың аты қалай аталады?

Балабақшадан не үйрендіңдер?

          Дидактикалық ойын:

«Менің сүйікті балабақшам!»    

Шартты: Балабақша  суретін жапсырмалап  құрастыру керек.

Магнитті  тақтаға кезек  жапсырып,  құрастырады.

1.Балалар,  балабақша ұнайма?

2.Балалар, біздің тобымыздың аты қалай аталады?

3.Біз ненің суретін құрастырдық?

4.Шапағат балабақшасының суретін құрастырдық.

Тәрбиеші: Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы көреміз.

          Бүлдіршіндердің тәрбиешілерге жылы лебізі!

          Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығармыз.

Бізді жақтап отырған,

Сендерге де мың алғыс!

Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!

Сау болыңыздар!

Күтілетін  нәтиже:

Білуі тиіс:  Балабақша өз үйлері екенін, сәби болып келіп, ересек болып шығатынын  біледі.

Игеру  керек:  Сұрақтарға  толық жауап  беру арқылы, сөйлеу мәдениетін игереді.

Меңгерді: Балабақша  қызметкерлерін танып,  әрқайсысының  жұмысын  меңгерді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі