400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүйікті балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-Өзі тану пәні мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта


Өзін – өзі тану пәнінің ұйымдастырылған оқу іс қызметі


Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»

Балаларға сүйіспеншілік құндылығын құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне арқылы ашу. Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Тыныштық сәті,нақыл сөздің мәнін ашу, сұрақ – жауап, жағдаяттық әңгіме, сурет салу, ән айту.

Міндеттері:

  • балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

  • Татулық, ұжымдық қарым – қатынас дағдылары дамыту;

Риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құндылық: «сүйіспеншілік» Қасиеттер: «достық, татулық, жақсы көру»

Ресурстар: баяу музыка, мазмұнды суреттер, түрлі-түсті қарындаштар

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Ихсанова К.Б.

Іс-қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметті

Балалардың іс-қызметті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңi

Жағымды күйге келу

Дәйек сөз


  • Амансыңдар ма, достарым! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.


Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

  • Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қалай?



Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

  • Нені сезіндіңдер?


Дәйексөз

«Сәбиіңмін сенің, балабақшам менің» -

деген нақыл сөзді дәйексөз ретінде алу .

  • Келіп жүрген балабақшаң ұнайды ма?

  • Неліктен ұнайды?

  • Әр кішкентай бала 3 жасқа толғанда балабқшаға барады. Ол өз балабақшасын жақсы көріп, ондағы достарын, тәрбиеші апайларын сыйлап, әдептілік танытуы қажет.
















Көздерін жұмып отырады.


Балалардың жауаптары


Дәйексөзді қайталап айтады.

Сұраққа жауап береді.


Ұйымдастырушылық іздестірушілік

Әңгiмелеу (сұхбат)







Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сергіту сәті «Біз кішкентай баламыз».

Біз кішкентай баламыз, өсіп – өніп толамыз.

Күнге қарай талпынын, көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз, қарлығаштай самғаймыз.


Мұғалімнің сыйы

С.Оспанов

Балабақшада

Балабақшасында балалар

Іні, әпке, аға бар.

Ойыншықтар мол онда,

Машина, арба, шана бар.

Жазатұғын тақта бар,

Кісінейтін «ат» та бар.

Үйретеді тақпақ та,

Жаңылыспай жаттап ал.

Айтып ертек, әңгіме,

Үйретеді әнді де.

Беріп кәмпит, тамақ та,

Оқытады сабақ та.

Онда жақсы апа бар,

Киноға да апарар.

Кеште алып қайтады

Үйімізге папалар.


  1. Сіздер келетін балабақша /топ/ қалай аталады?

  2. Балабақшадан қандай жақсы істер үйрендіңдер?

Ғажайып сөздер.

Жақсылық жасау - әдептілік.

Үлкен кішіге қамқорлық көрсету – жақсылық.

Шығармашылық жұмыс:

Өз балабақшаның суретін салып, әңгімелеп беріңдер.


Сергету сәті. «Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз»












Педагогты мұқият тыңдайды.




















Сұрақтарға жауап береді.



Сурет салып, бояйды.

Рефлексивті- түзетушілік

Топпен ән айту

Соңғы тыныштық сәтi


Топпен ән айту.

Балабақшаға барамыз


  1. Таңертең біз тұрамыз,

Жарқын күндей күліп.

Бақшамызға барамыз

Ақ көйлекті киіп.

Қайырмасы:

Бақшамыз балаларға

Есігін ашады,

Тәрбиеші баршаға

«Қайырлы таң» айтады.



  1. Күнде біз бақшамызда,

Көңілді ойнаймыз,

Әдемі суреттерді

Зер салып қараймыз.


  1. Қандай біздің бақшамыз

Айтамыз таң қалып,

Бақшамызға барамыз

Сәл ерте жиналып


Қорытындылау

Тыныштық сәті

  • Көзімізді жұмып, бүгінгі оқу іс-қызметін есімізге түсірейік. Келіп жүрген балабақшамыздағы достарымызды сыйлап, олармен дос, әрқашан татулықта болып, жақсы көру қасиетін бойымызға сіңірейік. Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Жүректен жүрекке.

Біздін топта үл – қыздар

Тату – тәтті ойнаймыз!

Айналаға, бар адамға,

Тек мейірімді сыйлаймыз!

-Кездескенше сау болыңыз!



Ән шырқайды.






















Көздерін жұмып, еркін отырады.



Күтілетін нәтиже:



Біледі: Балабақшада бір-біріне деген достық, татулық қарым қатынаста болу керек екенін біледі.

Игереді: достарына деген сүйіспеншілік сезімін игерді.

Қолданады: бәрін жақсы көру қасиетін қолданады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.04.2020
979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі