Материалдар / Менің сүйікті балабақшам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің сүйікті балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашык сабак
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Менің сүйікті балабақшам»                          

Білім саласы: Таным. 

Бөлімі:Өзін-өзі тану.

Мақсаты:Балаларды балабақшадағы сыйластық қарым-қатынас туралы түсінік беру.Онда жұмыс жасайтын қызметкерлер жайында әңгімелеу.Тілдік қорларын дамыту.Балабақшаларын сүйюге тәрбиелеу.                                                                                

Амандасу.

Шаттық  шеңбері:

            Бала  бала  баламыз

            Бақшамызға  барамыз

            Күні  бойы  қызыққа

            Батамызда  қаламыз

            Бір  шаңырақ  астында

            Бірге  сайран  құрамыз.

Сәлеметсіздер  ме, құрметті  апайлар!

 Хормен  жатқа  айтады.

 2.  Әңгімелесу:

 Бүгін  біз   «Сүйікті  балабақшамыз» туралы  әңгімелейтін  боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер  сәби  болып  келдіңдер,  ересек  болып  кетесіңдер. Балабақша сендерге  білім береді,  тәрбиелейді. Әдептілікке,  достыққа,  ұйымшылдыққа  үйретеді.

Балалар мұқият тыңдайды.

3. «Иә  ма,  жоқ  па?»

( ойланайық,  пікірлесейік )

Кел  бәріміз  ойланып,

       Иә  ма,  жоқ  па?  Ойналық

       Мен  бастайын  ойынды

       Түрлі  сұрақ  қоюды.

а)  Бұл  кімнің  суреті?

Ол  кісінің  қызметі  қандай?

ә) Мынау  кімнің  суреті?

Аспазшы апайдың  қызметі қандай?

б)  Ал  бұл  кім? 

Бұл  апай  не  істейді?

в) Мынау кім? Қандай  қызмет атқарады?

г) Мынау  кім апай?

ғ) Мынау  суреттегі кім? Ол кісінің қызметі не?

-Бұл дәрігер апай. Бізге дәрі береді,  емдейді, жарақатты таңады, тазалықты тексереді.

- Ол аспазшы апай. Бізге тамақ пісіріп  береді.

-Кір  жуушы апай.Қол орамалды,  төсеніштерді жуып,  үтіктейді.

-Тәрбиеші әлия  апай.

-Сабақ үйретеді,мультфильм көрсетеді,ойнатады, серуенге шығарады,  ұйықтатады.

-Ол тәрбиеші көмекшісі.Бізге тамақ береді,  ыдыстар жуады, шаң сүртеді, төсек  жинайды.

-Аула сыпырушы апай.Ойын   алаңын қоқыстан  тазартады, сыпырады,  жинайды.

Сендер балабақшаға сәби болып келгеннен,ересек болып мектепке кеткенше,осы апайлар қызмет етеді.Олай болса мынадай дәйексөз үйренейік.

4.   Дәйексөз:

«Сәбиіңмін сенің балабақшам менің»

 Хормен қайталап айтып, жаттайды.

5.  Тыныштық  сәті:

Барлығымыз  ыңғайланып  отырайық, көздерімізді  жұмайық.Әрқайсысымыз  өзіміз  тұратын  үйімізді, отбасымызды, көз алдымызға  елестетейікші.  Енді  балабақшадағы  достарыңды,  ондағы  апайларды,  балабақшада  күні  бойы  немен  айналысатындарыңды  естеріңе  түсіріп,  көздеріңе  елестетіп көріңдерші. Көздеріңді  ашсаңдарда  болады.  Енді  мынау  гүлді  кімге  ұсынып,  сұрақ  қоямын, сол  бала  жауап  беру  керек.

1.Балабақшада  немен  ойнағанды ұнатасың?

2.Балабақшаның   қандай  тамағы ұнайды?

3.Балабақшада  нені  тыңдап үйрендің?

4. Балабақшаның  аты қалай  аталады?

5. Балабақшадан  не үйрендің?

Исмира:  -Қуыршақпен

Арсен: -Катлет

Альфараби: -Ертегі, әңгіме

Самира: - Рауан.

Әлімжан: - сурет салуды, ән айтуды, билеуді.

6.  Дидактикалық  ойын:

«Балабақшада  саған  не ұнайды?

Күн  тәртібі  бойынша,  балабақшада  не  ұнайтындары   сұралады

Әлімхан: - серуендеп ойнаған

Ару:  - ән  айтқан

Дәулет: - ойыншықпен ойнаған

Аяна:  - сабақ  оқыған  т.б.

 Сергіту  сәті:

 Балабақша  есігін

Үшке  толып  ашқанбыз

Мәпелейді  бақшамыз Бұл  екінші  үйіміз

Бір  туғанбыз  бәріміз

Біз осы үйдің  гүліміз

Біз  осы үйдің  сәніміз. Қимыл  қозғалыспен,  хормен, жатқа        айтады

 

Ғажайып  сөздер: (ой  қозғау)

 

«Балабақша  бізді неге үйретеді?»

 

-Татулыққа, шыншылдыққа, достыққа, әдептілікке, т.б.

 

Қимылдық  ойын:            

«Сүйікті   балабақшам»     

Балабақша  суретін жапсырмалап  құрастыру керек.                                                                                                

 

Магнитті  тақтаға кезек  жапсырып,  құрастырады.

Қорытындылау.

-Бүгін біз не  туралы әңгімеледік?

-Балабақша  аты  қалай  аталады?

-Балабақшада кімдер қызмет етеді?

-Қандай дәйексөз  үйрендік?

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 Жүректен  жүрекке.

«Балабақша»  әні.

Жылы жүзбен сіздермен жүздесейік

Балабақша шаңырағында кездесейік

Біздің топқа қонақтар келе берсін

Өнерімізді әрқашан көре  білсін

Алаңсыз ойнап күлеміз

Бәріңді біз сүйеміз.

 

Музыкасымен қосылып айтады

Хормен  жатқа  айтады

                                                

Күтілетін  нәтиже:

Нені біледі: Балабақша өз үйлері екенін, сәби болып келіп, ересек болып шығатынын  біледі.

Қандай түсініктерді игереді:Сұрақтарға  толық жауап  беру арқылы, сөйлеу мәдениетін игереді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!