Т
Менің сүйікті
балабақшам
ақырыбы: Менің сүйікті
балабақшам
Мақсаты:
Балаларды балабақшаға деген
қызығушылықтарын арттыру, тәрбиеші мен балалар арасындағы достық
қарым – қатынас орнату балабақшаның екінші үйі екенін
сезіндіру.
Міндеттері:
Өзгенің еңбегін бағалау арқылы
өзіне және өзгеге көмектесу, ұқыптылыққа, жинақылыққа
үйрету.
Әдістері:
Түсіндіру,
әңгіме,ойын.
Көрнекілік:
Безендірілген бөлме, пазл
ойындары.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме
балалар!
Біздің бүгінгі сабақ ерекше
сабақ болғалы тұр. Бүгін бізге көптеген қонақтар келіп қалыпты,
ендеше сабағымызды бастамас бұрын өанақтарымызбен сәлемдесіп
алайық.
Балалар:
Сәлем беріп
сіздерге,
Бас иеді ұл мен
қыз.
Болашағы
сіздердің,
Азаматы
біздерміз.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар! Балалар
сендер күнде таңертең қайда
келесіңдер?
Балалар:
Балабақшаға
Тәрбиеші:
Иә, балалар, біз күнде
таңертең балабақшаға келеміз. Ал, енді күні бойы балабақшада не
істейсіңдер?
Балалар:
Біз мұнда білім аламыз,
ойнаймыз, тынығамыз, тәтті тағамдар
жейміз.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар! Мінекей,
балалар өздерің айтып өткендей, барлығымыз таңертеңнен кешке дейін
балабақшада уақытымызды өткіземіз. Балабақша біздің екінші үйіміз.
Олай болса бүгінгі сабағымызды біздің сүйікті балабақшамызға
арнайық. Қонақтарымызды балабақшамызбен
таныстырайық.(Тақтаптар)
1.Нұрсәттей балабақшам
бар,
Деп мақтанам
бәріне.
Меңгерушісі
балабақшамның
Көріктіде
сәндіде,
Шаршамайды Анар
апай,
Бізге тәлім беруге!
Айару
2.Тәрбиеші
бақшамның
Жайдары жүз, ай
қабақ.
Тәрбиеші
Алтынай
Жүреді бізді аймалай.
Айшолпан
3.Тыңдауышы
мойында,
Өлщеуіші
қолында.
Ақ халатты
дәрігер,
Әрқашанда өз орнында.
Асылжан
4.Бала, бала,
баламыз,
Бақшамызға
барамыз.
Оңды, солды
үйреткен,
Тәрбиешіге мың алғыс.
Самира
5.Біздің гүл
бақшада
Бар әсем
асхана
Бар онда
аспазша,
Ақкөңіл, жақсы апай
Аякөз
6.Әлде майқұймақ
па,
Көже ме, сорпа
ма,
Әлде балқаймақ
па,
Тұрады ортада.
Нұрдана
7.Тәп – тәтті
тамағы,
Апай – ас
маманы.
Пісіре
білгенге
Астың жоқ жаманы.
Сауран
8.Көп өнеге
үйретеді,
Ән салдырып,
билетеді.
Домбырамен тартып
берем,
Тыңдайтының күй ме тегі.
Ансар
9.Тілашар мен
Әліппеден
Сауат аштық
әріптермен.
Түрлі бояу
қарындашпен
Суретті де салып берем.
Мадина
10.Денемізді
шынықтырып,
Ұйықтатады
тынықтырып.
Балабақша
жібереді
Үйімізді ұмыттырып.
Амина
11.Балабақша
есігін
Үшке тола
ашқанбыз.
Балапандай
өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Аиша
12.Бұл- екінші
үйіміз,
Бір туғандай
бәріміз.
Біз-осы үйдің
гүліміз,
Біз-осы үйдің сәніміз.
Ильшат
13.Балабақша базарлы
үй,
Ауылдағы ажарлы
үй.
Күлкісі бар
шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Ясмина
14.Барар едім
бақшаға,
Жаяу жүрер жоқ
шама
Мені мұнда ,көке,
мен
Ұшақпенен әкелсең!
Латифа
15.Нең кетеді,
немене
Алып келсең
кемемен
Көңіл үшін
желікпе
Машина да көлік пе?!
Шахсұлтан
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар
балалар!
Орнымыздан
тұрайық,
Оңға,солға
қарайық,
Тақпақ айтып
шаршадық,
Біраз сергіп алайық, - дей
отырып біз сендермен сәтін
өткізейік.
Балалар теледидарға
қарап музыкалық сергіту сәтін
өткізеді.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар
балалар!Қонақтарымызды балабақшамызбен жақсылап таныстырдық. Ендігі
кезекте пазлдар арқылы тобымызбен де таныстырып өтейік. Мына
суреттердің бөлшектерін біріктірсек тобымыздың аты
шығады.
Балалар бөлшектерді тез
арада құрастырып, топтың атын
шығарады.


Тәрбиеші:
Бәрекелді балалар! Бұл суретте
не бейнеленген екен?
Балалар:
Бәйтерек.
Тәрбиеші:
Біздің
тобымыз?
Балалар:
Бәйтерек.
Тәрбиеші:
Ал,енді балалар, ойынымызды
ары қарай жалғастырайық.
Мына жемістерде (алма, алмұрт,
апельсин) сұрақтар бар. Өздеріңе ұнаған жемісті таңдап, сұрақтарға
жауап берейік.


Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!
Сендердің балабақшаны жақсы көретіндерің көрініп тұр. Осымен
бүгінгі « Менің сүйікті балабақшам» тақырыбында қызықты сабағымыз
аяқталды. Сабаққа белсене қатысқандарыңызға
рахмет.
«НұрСәт1»
балабақшасы
Бекітемін
Балабақша
меңгерушісі
А.Д.Баскамбаева
Тақырыбы: «Менің сүйікті
балабақшам»
Ашық
сабақ
Өткізген: «Бәйтерек» тобының
жетекшісі Таутанова А.О
Рахат – 2018
ж