400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүйікті ісім

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптың «Менің сүйікті ісім» сабағының жоспары пән мұғалімдеріне қосымша ретінде өз сабақтарына қолдануға болады деп санаймын. Себебі өзім 3 деңгейлік курстан алған білімім бойынша сабақ жоспарын 8 пункт арқылы таблицада жасаймын. Сол себепті сабақтын өту барысында әр кезең жүйелі түрде өз орнымен қойылғандықтан сабақтын мазмұндылығы өз деңгейінде тұрады деп білемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Жарқын орта мектебі Мерзімі:

Мұғалім: Шибитова Кульларай Булатовна

Сынып: 3 Оқушылар саны:

Тақырып: Менің сүйікті ісім Сабақ № 4

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, еңбексүйгіштік



Сабақ мақсаты: Өмірдегі сүйікті істің маңызын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Оқушыларға мейірімділік қасиетінің мәнін ашу;

Оқушылардың бойына мейірімділік, жауапкершілік қасиетін дамыту

Оқушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар,мәліметтер)

АКТ мүмкіндігі,оқулық,дәптер,түрлі-түсті қағаздар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.. (Баяу «Орманға саяхат» тақырыптық музыка қойылады)

«Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз,

сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз.

Сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді

ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

Оқушылармен тыныштық сәтінен алған әсерлері туралы пікір алмасу.

5 Т-ны еске алу.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық


2.Үй тапсырмасын тексеру.

№3 сабақ. Дәптермен жұмыс. 6 беттегі І тапсырманы талқылау.

«Білім мен байлық» әңгімесі бойынша білімнің байлықтан артықшылықтары туралы жазған ойларын оқыту

Сұрақ:

-Білімді адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?



3.Дәйексөз.

Сүйіп істеген іс шаршатпайды

Халық мақалы

3.1. Дәйексөзді хормен оқыту.

(қыздар, ұлдар, бәрі бірге)

3.2. Дәйексөздің сөздін мәнін ашу.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3.3.Дәптерге жатқа жазу.


4. Оқиғаларды әңгімелеу.


Өнерлі балалар

А.Қайырханова

Бұл күнді балалар асыға күткен еді.Өйткені бұл күн,басқа күндерден өзгеше болмақшы.Осыдан біраз уақыт бұрын ұстаздарды Зәуреш апай:

-Балалар,алдымызда қандай мереке келе жатыр?- деп сұраған.

Оқушылардың бәрі бірдей: «8 наурыз мерекесі,аналар мейрамы»,-деп шу ете түскен.

-Ендеше,осы мерекеге арнап,әр оқушы өз өнерін,іскерлігін ортаға салсын.Бұл біздің анамызға арнаған үлкен сыйымыз болсын,-деген ұстаздары.

Міне, бүгін сол күн де келіп жетті.

Белгіленген уақытта сынып бөлмесіне аналар,әжелер толып кетті.Сынып жетекшілері оларды мерекелерімен құттықтап,жақсы тілектерін айтты.Сонан соң:

-Енді, балаларыңыздың сіздерге деген өнерін қабыл алыңыздар,-деді.

Ең алдымен ортаға сыныптың бұлбұл дауысты әншісі Ақбота шықты.

Ол өзінің жаңадан үйренген «Анаға сәлем » әнін орындады. Отырған аналар,әжелер де қол шапалақтап, ризалықтарын білдіруде.

Алмас анасына арнап шығарған өлеңін оқыды.Әйгерім де отырғандарды таң қалдырды. Ақ матаға әр түсті жіппен кестеленген гүлдердің суреті көз тартады.Ажар мың бұралған биімен қонақтарды риза етсе,Әділет ақ қағазға өз анасының бейнесін салып әкеліпті.Суреттегі бейне анасынан ауай ұқсатып салынған.Асқардың еңбегі тіпті ғажап болды. Ол таңертеңнен бері газетпен бүркеп,ешкімге көрсетпей жүрген қомақты заттың орауын ашты.Міне,ғажап! Өз мектептерінің кішірейтілген бейнесі тұр.Тіпті мектептің жанындағы балалар футбол ойнайтын спорт алаңына дейін бар.Барлығы шырыннан босаған бос қорапшалардан жасалып,әдемілеп боялған.

Осылайша балалардың бәрі өз дайындықтарын көрсетіп,аналарын,ұстаздарын риза етті.

-«Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын» деген осы екен,- деп жиналғандар көңілді тарасты.

Сұрақтар:

1. Балалар үлкендерді қандай істерімен қуантты?

2. Адамның бойында қандай қасиет болуы керек?

3. Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет?


5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

5.1.Топқа бөлу (мейірімділік, жауапкершілік сөздері арқылы, сабақтың міндеттеріндегі қасиеттер бойынша бөлу)

5.2. Топтың жұмысын түсіндіру.

1-топ. Өздерінің сүйікті істерін туралы айтып беріңдер.

(балалар өз ойларын айтады)

2-топ. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

5.3. Топтық жұмыстарын қорғау.

5.4. Дәптермен жұмыс..........................









6. Топпен ән айту.

Сөзі мен әнін жазған: Бота Бейсенова

Ата – ананы тыңдаймыз.

1. Әрқашанда тыңдаймыз

Әке мен ананың

Еңбек етіп шыңдаймыз

Білім мен сананы

Қайырмасы

Біз тәртіпті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әке мен анамыз 2 рет

2.Мейірім мен шапағат

Анашымнан тарайды

Әділдік пен парасат

Әкешімнен арайлы

Қайырмасы

Біз бақытты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әке мен анамыз 2 рет

3.Ата анамның айтқанын

Жадымызда сақтаймыз

Жарқыратып әр таңын

Сенімдерін ақтаймыз

Қайырмасы

Біз бақытты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әке мен анамыз 2 рет








7.Үй тапсырмасы

№4-сабақ. «Менің сүйікті ісім» эссе жазу. ..

№ 5-сабақ. «Ана қиялы» аңыз әңгімені оқып келу.




8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті . Баяу әуен қойылады.

-Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімелестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік.Сондықтан да айналаңды сүйсінтер,өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді. Сау болыңыздар. Рахмет!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі