Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің сүйікті ісім. Қажет заттар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: |
Менің сүйікті ісім. Қажет заттар. |
Мектеп: Көкөзек ОМ |
|||
Күні: 12.09.2018ж |
|
Мұғалімнің есімі: Толенова Жулдыз |
|||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаты: |
|
||||
|
|
||||
|
|||||
Тірек сөздер: |
cүйікті іс – любимое занятие – hobby; таңдау – выбор – choice; қалау – предпочтение – preference. |
||||
Ресурстар: |
Үш арал орналасқан теңіз картасы, 6 желкені бар қайықтың суреті, теңіз шуы естіліп тұрған дыбыстық жазба, туған күн иелерінің санына қарай түрлі түсті телпектер, «Қызықты ойын өткіз», «Сүйікті сусын және тағам таңда», «Қызықты кітап таңда», «Тосын сый ойлап тап» деген тапсырмалар жазылған үлестірме парақшалар, ашықхат жасауға арналған заттар, асықтар, «Спорт», «Ән мен би», «Кітаптар», «Сурет» сөздері жазылған түрлі түсті тақтайшалар.Интернет ресурстар http://education4children.ru |
||||
Сабақтың мақсаты: |
1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау |
||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабақ |
||||
Оқушыларды жан-жақты дамыту шарттарының бірі оларды әр алуан қызмет түрлеріне тарту болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін мұғалім өз оқушыларының қызығушылығы мен сүйікті ісі туралы білуі тиіс. Бұл сыныпта қолайлы жағдай туғызуға көмектеседі. Әр адамның қалауы және сүйікті ісі – әртүрлі. Өз сүйікті және әуес ісі бар адамдармен араласқан қызықты. Оқушының алдымен мұғалімнің басшылығымен, содан кейін өз бетінше өз қажеттілігін анықтауға үйреніп, дұрыс таңдау жасай алуы маңызды. Оған өз сүйікті ісін таңдауға көмектесуге болады. Ол үшін қызықты адамдар, олардың сүйікті істері туралы әңгімелеу, қызығушылығы бойынша үйірмелерге немесе секцияларға жазу, құрастырғыштарды қуыршақ театрын қолдана отырып, оқушыны шығармашылық жұмысқа бейімдеу қажет. Сүйікті іске айналуы мүмкін заттарды сыйлыққа беруге болады. Мысалы: фотоаппарат, микроскоп, аквариум. Оқушыға қызықтыратын іс таңдауға көмектесу және оның сүйікті ісін қолдау баланың өмірде өз орнын табуға және өзіне деген сенімін көмектеседі.
Сенің сүйікті ісің қандай? Әңгіме құрастыр.
Әрқайсымыздың өз сүйікті ісіміз бар. Олар бізге қуаныш сыйлайды. Олардың біреуі біздің күшті, епті болуымызға көмектеседі. Басқалары жаңа, қызықты іспен таныстырады.
2-жұмыс парағы Мен .......... жақсы көремін Ө зің ұнататын заттың суретін сал. |
Сабақты «сүйікті істер теңізіне» саяхат. Оқушылар бір аралдан екінші аралға саяхат жасайды. Тақтаға үш арал орналасқан және желкенді қайықтың суреті бар теңіз картасы ілінеді. Бұл аралдар «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деп аталады. Сабақтың соңында оқушылар өздері қалаған аралды таңдауы тиіс. Сабақты оқушылардың портреттері ілінген галерея. Содан кейін оларға алған өз әсерлерімен бөлісіп, тұжырым жасайды. Жауабы: Әрқайсымыз әртүрліміз. Оқушылардың жауаптарын толықтырамын. Бізге бірге жүрген көңілді, себебі әрқайсының өз сүйікті ісі бар екенін айтамын. Сүйікті істер теңізі – 1-бөлім. Оқушыларға бұл сабақта бір-бірі туралы маңызды мәліметтер біледі, «Сүйікті істер теңізіне» саяхатқа шығады. Содан кейін «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деген аралдардың суреттері салынған теңіз картасын көреді. Оқушылар көздерін жұмып, қайықпен тыныш теңіз бетінде жүзіп келе жатқанын елестетеді. Теңіз дыбысын, шағала дауысын тыңдайды. Картаның жанына барып, оқушылардан көздерін ашады. Кеменің бірінші бағыты «Сүйікті істер» аралы екенін айтамын. Менің сүйікті істерім. Оқушылар оқулықтың 8-бетін ашып, тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы жұпта орындасын. Оқушылардың жауабын тыңдаймын. Оқушылардың эмоциялық қалауына қызығушылық таныту. Белгі бойынша жұмысты аяқтайды. Екі жұпты бір топқа біріктіру. Оларға бір-бірінің суреттерін талқылауға мүмкіндік беру. Спикер сыныпқа өз тобындағы оқушылардың сүйікті істері туралы хабарлайды. Жауабы: Алма мен Ғалия балмұздақты жақсы көреді, Әмір футболмен әуестенеді және т.б. Сыныппен кері байланыс жасау үшін маркерлі тақтада идеялар тізімі. Жазбаларды тармақтарға назар аударып, анық құрылымдап орналастырамын. Мысалы: Сүйікті ойындар – тығылмақ, шахмат, фант (жеребе бойынша ойналатын ойын) Барлығын шеңберге шақыру. Әр оқушы өз сүйікті ісін 1-2 сөзбен жеткізсін. Өз сүйікті ісіңіз туралы да айтады. Сүйікті істер теңізі – 2-бөлім. Саяхатты жалғастыру. Кеме «Ойындар» аралына тез жүзіп жеткенін хабарлау. Ойынды жақсы көретін оқушылар қолдарын көтереді. Олардың жақсы көретін ойыны туралы сұраймын. Кел, ойнайық. Оқулықтағы «Кел, ойнайық» тапсырмасындағы суреттерді қарауға ұсыныңыз және оны орындау барысын ұйымдастыру. 1-2 оқушыны тыңдаңыз. Оқушылар өздері қай жерде ойнайтынын айтады. Анықта. Оқушыларға бір-бірінің сүйікті ісін анықтауға тапсырма беру. Бұл бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі. Оларға қызығушылығы бойынша сынып қабырғасында ілінген бір тақташаның жанына баруын сұраймын. Сен білесің бе? Оқушыларға «Сен білесің бе?» айдары бойынша мәлімет беру. Кімде ойыншық аю бар екенін сұрау. Оқушылар әкелген ойыншықтарын көрсетеді. Оларды кеменің жанына сөреге қойып қойады. Ойыншықтарды саяхатқа бірге алып шығады. Ойындар. Оқушылардан топ болып ойнауға болатын ойынды атауын сұраймын. Сүйікті істер теңізі – 3-бөлім. Сабақты жалғастырыңыз. Бұл бөлімде өте жарқын және қызықты «Мереке аралына» жақындағанын айтады. Сабақта ойындар өткіземін. Көрініс. Алдын ала құрылған топтармен рөлдік ойындар ұйымдастырамын. Оқушылар көздерін жұмып, ең қызықты мерекені естеріне түсіреді, ал сбұл уақытта әр топқа бір-бірден туған күн өткізуге арналған ресурстар мен нұсқаулықтар көрсетілген үлестірме парақшаларды тарату.Жауаптарын тыңдау және ең сүйікті «Туған күн» мерекесін көрсетеді .Мерекеге ұсыныстар дайындау үшін 1-2 минут беру. Топтар өз идеяларын көрсеткеннен кейін оларға туған күн иесімен бірге билейді.Бұл оларға қуанышты көңіл-күй сыйлайды. |
||||
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
||||
Сүйікті істер теңізі – қорытынды. Сабақ соңында «сүйікті істер теңізіне» саяхаттың аяқталғанын, бірақ теңізшілеріміздің мектепте өз сүйікті істерін жалғастыратынын хабарлаймын. Оқушылардан сабақта нені үйренгенін сұраймын. Олар қандай аралда болғандарын, қандай жаңа арал ашқысы келетінін айтады. |
Тірек сөздерді қайталау мақсатында «Сөздерді құрастыр» тапсырмасы. Сабаққа дейін түстері әртүрлі екі желкенге бір тілде екі тірек сөз жазу. Әр топ кемеге түсіне қарай үш тілде сөздер жазылған желкен түріндегі үлестірме парақшаларды бекіту. Барлық оқушылар сөздерді атайды. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қосымша тапсырмалар |
||||
АКТ. Оқушыларға Power Point бағдарламасының көмегімен өздерінің сүйікті істері туралы таныстырылым дайындауды ұсынамын. |
Ашықхат жасауға арналған заттарды таратамын. Әр оқушы ашықхатқа досының нені жақсы көретінін жазады. Қабілеті жоғары оқушылар досына тілектер ойлап тауып, жазуына болады. |
||||
Бағалау |
Оқушылар – бір-бірінің сүйікті заттары туралы; – сүйікті істің өмірді қызықты ететіні туралы білді. Оқушылар – бір-бірінің сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтуға; – сабақта алған ақпарат негізінде қалай таңдау жасау қажеттігін түсінуге; – өзіне және өз жетістіктеріне оң көзбен қарауға үйренді. Бағалау үшін оқушыларға сөйлемдерді былайша аяқтауды ұсыныңыз: «Бұны мен жақсы көремін», «Бұны мен жақсы көрмеймін». Іс-қимыл ойындарын ойнау … Цирктағы клоундар мен жолбарыстар … Қиын есептерді шешу … Ертегі тыңдау және оқу … Шуламау, аунамау … Таңертең күнге қарап, күлімдеу … |
||||
Қорытынды бағамдау 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. |