400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүйікті жануарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жануарларға деген сүйіспеншілік қамқорлық жасауға дағдыландыру. Жануарлардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Мырзашева Н.С



Құрастыру (Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

Тақырыбы: "Менің сүйікті жануарларым!"

Мектеп: №49 ЖОББМ

Күні: 29.11

Педагогтың аты жөні: Исаева Д.Т

Даярлық сыны:

О "В"

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-ның

оқытылу мақсаттары


0.1.1.3. Заттарды ортақ белгілері бойынша топтау, геометриялық фигураларды сипаттау және салыстыру.

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану.

0.2.2.1. Жұмыс алгоритміне сәйкес құрастыру.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

Күтілетін нəтиже


Барлық тəрбиеленушілер:

- заттарды әртүрлі белгілеріне қарай топтай алады, геометриялық фигураларды сипаттайды және салыстырады;

- әртүрлі материалдармен, құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

- жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

- құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен әдіс-тәсілдерді қолдана алады;

- жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыра алады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

- жасаған заттарының ұсақ бөліктерін толықтырып, шығармашылықпен жұмыс істей алады;

- өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

Тілдік мақсат


Дағдыларын дамыту:

• қағазды үлгіқалып бойынша дөңгелектеп қиып алу туралы, үлкен және кіші конусты жасауда графикалық сызықтардың шартты белгілері туралы түсінеді.

Көптілділік: мысық – кошка – cat.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Үй жануарлары, сенің сүйікті жануарың, конус жасау, қағазды қию, желімдеу.

Пікір алысуға арналған сұрақтар.

Өзіңді қоршаған орта туралы әңгімелеп бер?

Ауладағы төрт аяқты достарыңды ата. Олардың атын айт. Сен үйіңде не асырайсың? Олар сенің сенімді досың бола ала ма?

Үй хайуанаттарын қалай күту керек?

Оларды күту үшін саған қандай заттар қажет?

Неліктен:

...үй хайуанаттарын күту, өсіру қиын екенін айта аласың ба?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Қағаздың қасиеттері, қағаздан үлкен және кіші конус жасайды, бүктеудің негізгі тәсілдері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс

əсерлі көңіл

күй орнату.

0–2мин.

II.Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой,

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме,


Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Тәрбиеленушілердің үй жануарларына деген қызығушылықтарын ояту.

"Үй жануарлары" видеоролик көрсету

Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

Қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?

Олар сендермен дос бола ала ма? Неліктен?

Таңғажайып сәт.

Мысықтың қонаққа келуі

Міне балалар бізге қонаққа мысықтың баласы марғау келген екен. Қараңдаршы ол сондай кішкентай ,жүні үлпілдек, жұмсақ.

Ол сүтті және етті жақсы көреді.

Бүгін біз қатты қағаздан осы мысықты жасап үйренеміз.



Шаттық шеңберге тұрып өлеңге сәйкес қимылдарды жасайды






ҰОҚ-ның

ортасы

III.

Тақырып

бойынша

жұмыс

6 – 27мин.





Әліппе-дәптермен жұмыс.





І-топ

Жұмыстың орындалу реті:

Үлкен дөңгелек қағазды қиып алып,оны бүктеп конус жасап желімдейді.Мысықтың басын жасау үшін кішкентай дөңгелекті қиып алып, одан конус жасап желімдейді.

Үлкен конустың үшкір бөлігін сәл кесіп, оны ашып кіші конусты

көлденең қойып желімдейді, бұл мысықтың басы болады.

Ұсақ дене бөліктерін: құлағын, көзін, мұртын және құйрығын түрлі түсті қағаздан қиып алып желімдейді.







ІІ-топ

Геометриялық пішіндерден мысықты құрастырып шығару.











ІІІ- топ


Қалдық материалдан (тәрелке) мысықты жасау.










Сергіту сәті

Ойға батып мысық,

Отыр көзін қысып.

Өзі бірақ ояу,дейді

Мяу-мяу-мяу.

Мысық сүтке тойып,

Мұртын сипап қойып.

Әндетіп бір баяу дейді

Мяу-мяу-мяу.


Жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.


Өзі жасаған мысығына ат қояды, оған қандай

Қамқорлық жасайтынын айтып береді.

Мысық туралы білетін тақпақтарын айтады.





Көптілділік: мысық – кошка – cat.

Желім және қайшымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ойланыңдар.


"Шалқан" ертегісін сахналау.


Балалар ертегі де ата мен әжеге кімдер көмектеседі?


Дұрыс айтасыңдар үй жануарлары көмекке келіп ата мен әжеге шалқанды жұлып алуға көмектеседі.

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады деген осы балалар. Барлығы бірігіп шалқанды жұлды.

Сендерде осылай бірігіп , тату болыңдар.

Әліппе- дәптер,

қатырғы-қағаз,

үлгіқалып,

түрлі түсті

қағаздар,

желім, қайшы.

Мысықтың

суреті.




Shape2 Shape1

Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3








IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия. 28-30м

-Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметімізде қандай ақпаратты білдіңдер?

– Бүгінгі ҰОҚ-де қызықты өтті ме?

– Сендерге не ұнады?

Сен өзіңнің сүйікті жануарларыңа қандай қамқорлық жасайтыныңды әңгімелеп бер.

Үйіңде мысығың бар ма?

Оған қандай қамқорлық жасайсың?

Дайын болған жұмысты тәрбиеленушілермен бірге талдау жасалады, өздері жасаған мысықтарының атын айтады.

Балаларды сиқырлы қобдишаның ішіндегі жұлдызшалармен бағалау

















№49 Жалпы орта білім беретін мектеп



Тақырыбы:

«1-ден 20-ға дейінгі сандар»

(0 "Ә" Мектепалды даярлық тобы )

Қарапайым математика ашық ұйымдастырылған оқу қызметі



Тәрбиеші: Кенжегалиева Н.С



Орал - 2019 ж

Қалдық материалдан жасалынған мысық

«Шалқан» ертегісін сахналау

Конус түріндегі мысық

Геометриялық пішіндерден құрастырылған мысық



Анықтама

0 «В» Мектепалды даярлық тобында 29.11.2019 жылы «Таным» саласы бойынша

ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.

Білім беру саласы: « Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Менің сүйікті жануарым»

Мақсаты: Заттарды ортақ белгілері бойынша топтау, геометриялық фигураларды

сипаттау және салыстыру.Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде

техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі

техникалар мен тәсілдерді қолдану. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын

ретке келтіру. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және

бағалау.

Шаттық шеңбері кезінде балалар өздерінің сүйікті жануарларын айтты. Балаларға

үй жануарлары туралы видеоролик көрсетілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде

балаларға марғау қонақққа келді, балалар марғауды ұстап көрді.

Балалар үш топқа бөлінді:

І топ – Конус түріндегі мысықты

ІІ-топ Геометриялық пішіндерден мысықты

ІІІ- топ Қалдық материалдан (тәрелке) мысықты жасады. Олар топтық жұмыс

кезінде белсенділік танытты. Балаларға шығармашылық жұмыс қатты ұнады.

Балалар үш тілде жануарларды айтты. Жануарларды төлдерімен қосты.

Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалар ертегісін «Шалқан» сахналады.

Балаларға ұйымдастырылған оқу қызметі қатты ұнады. Балалар

ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде белсенділік таныта білді. Балалар үй

жануарлары туралы түсінік алды. Кері байланыс кезінде тәрбиеленушілер

сұрақтарға толық жауап берді. Өзіме қойған мақсатыма толық жеттім.



Анықтама

0 «А» Мектепалды даярлық тобында 28.11.2019 жылы «Таным» саласы бойынша

ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.

Білім беру саласы: « Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: «1-ден 20-ға дейінгі сандар»

Мақсаты: Түрлі жағдаяттардың фигуралардың уақыттың(күн,апта,ай,жыл) тізбегін

орнатып, жалғастыру.1-ден 20-ға дейінгі сандардың реттік қатарында қалып қойған

санды атау. Заңдылықты талдап, қатені мұғалімнің көмегімен табу.

1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура жәәне кері санау және бір таңбалы екі

таңбалы сандарды ажыратып айта алуға үйрету. Қарапайым математикалық жұмбақ

шешу арқылы логикалық қабілеттерін дамыту. Пішіндерді пайдалана отырып,

орналастыру ретін жалғастыру.

Балаларға ұйымдастырылған оқу қызметі қатты ұнады. Балалар

ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде белсенділік таныта білді. Балалар 1-ден 20ға

дейін сандарды тура және кері санай алды. Қалдық материалдардан сан

таңбаларын жасауға дағдыланды. Кері байланыс кезінде тәрбиеленушілер

сұрақтарға толық жауап берді. Өзіме қойған мақсатыма толық жеттім.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі