400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүйікті жануарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мекпепалды даярлық сыныбында беретін ұстаздарға күнделікті қолданылатын оқу іс-әрекетіндегі шығармашылық саласындағы сурет салу сабағына қажетті қысқа мерзімді жоспар. Мұнда барлық кезеңдер қамтылған.Мақсаты көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен және саусақпен заттардың текстурасын бейнелеу. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті көркем материал мен құралдарды қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті жануарым





Мектеп

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен және саусақпен заттардың текстурасын бейнелеу.

0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-жануарды бейнелеу үшін негізгі геометриялық формаларды қолданады

-дымқыл қағаз бетінде дәстүрлі емес сурет салу тәсілін меңгереді;

-затты бейнелеу үшін қажетті көркем материалдар мен құралдарды таңдайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

-жануардың сипатты нышандарын жеткізеді;

-жануардың сыртқы нышандарын жеткізу үшін дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері.

-салынатын нысанның түсі мен көлемін іріктеу

Кейбір тәрбиеленушілер:

-суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді;

-қолданылатын материал мөлшерін реттейді, суретті салады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

  • сұрақтарға жауап береді, бұрын меңгерілген іскерліктерді еске түсіреді;

  • орыс және ағылшын тілдеріндегі таныс сөздерді естіп таниды;

  • ауызша түсіндіру арқылы орындау тәсілін нақтылайды;

  • оқу міндетін түсінеді және оны орындауға ұмтылады;

  • түс пен пропорциялық қатынастардың ерекшелігін ауызша формада

айқындайды.

Көптілділік: мысық–кошка–сat.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

  • сүйікті жануар, үй жануары, мысық.

талқылауға арналған сұрақтар:

-Қандай жануарларды үй жануарлары деп атайды?

-Қандай географиялық пішіндерден жануар бейнесін жасауға болады?

-Дымқыл қағаз бетінде сурет салу нені білдіреді?

Бастапқы білім

Заттың дұрыс пішіні мен өлшемін ескере отырып, олардың кеңістіктік қатынастарын суретте жеткізу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар


Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі: Жумадилова Динара Жетписбаевна

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Сурет салу


I. Жақсы көңіл күй

қалыптастыру.

0–1 минут




II. Өмірлік тәжірибені















III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут














(Ұ) Сабақта жақсы көңіл күй қалыптастыру,балалар шеңберге тұрғызу. Өлең жолдарын қайталау.

(Ұ) Педагог жабық себет әкеледі.Балаларға онда не тығылып қалғанын табуды ұсынады. Сұрақ-жауап ойынын ойнайды: Балалар сұрақтар қояды. Педагог тек қана «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді. Мысалы:

Бұл тірі ме? – Иә. Бұл жануар ма?

–Иә. Орманда өмір сүре ме? – Жоқ.,т.б.

Балалар тапқаннан кейін педагог ойыншық мысықты алып шығады.Оны қарап шығып, оны сипаттауды

ұсынады (үлпілдек, сұр, жасыл көзді, т.б.), неліктен үй жануарларын сүйікті жануарлар деп атайды?

Балаларға сүйікті жануарларын дымқыл қағаз бетінде дәстүрлі емес тәсілмен салуды ұсынады. Ол үшін

таза дымқыл қылқаламды қолдану керектігін түсіндіреді.

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.Педагог әліппе-альбомдағы тапсырманы орындауды ұсынады.

Жануардың суреті мен тағамды салыстырады.

Балалармен бірге негізгі түстерді араластыру кезінде жаңа түстер алу туралы білімді бекітеді

(Ж) Балалар жұппен жұмыс жасайды, түстерді палитрада аралас-тырады, қай түстерді араластыру керек екендігі туралы кеңеседі.

(Ұ) Сергіту сәті «Марғаулар» Бейне жаттығуын қосады.

Балалармен бірге жаттығуларды орындайды.

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы. Педагог қылқаламды қолда қалай дұрыс ұстауды, оны қауіпсіз қолдануды еске салады. Жеке гигиена ережелерін сақтауды сұрайды.

(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Балалармен

бірге жұмысты орындау тәртібін талқылайды.)

Әліппе-альбоммен жұмыс Мысықтың нобайын саламыз – екі шеңбер, бір-бірінің үстінде, бір-бірімен біріккен. Бұлар – басы (кішірек болуы керек) және денесі (көлемі үлкенірек). Аяқтарын қосамыз – екеуі алдында, бір-бірімен қатар және екеуі екі шетінен көлбеу. Міндетті түрде құлақтар – бастың үстіне екі үшбұрыш, құйрығы жанынан. Енді беті мен мұртын салу керек. Мысықтың мұрны, көздері мен жақтарының қандай геометрия-лық пішіндерге ұқсайтынына қараңдар. Мұртты қалай салуға болады? Оны екі шетінен бірдей етіп салу керек.Ең қызықты жеріне кірісеміз,қазір мысығымызды үлпілдек етіп жасаймыз. Қылқаламды суға батырамыз да, мысықтың бейнесін толықтай сумен бояймыз. Қағаз дымқыл болуы керек. Артынан қылқаламды палитрада жасалған түске батырамыз да, нобайды кескін бойынша саламыз. Жолақтар қосуға болады. Сурет құрғаған соң бетін фломастермен аяқтауға болады.

Педагог мысықтың суретін салу техникасын негізге ала отырып, сүйікті жануарларын салуды ұсынады.

Музыкалық сүйемелдеу.

«Үлпілдек мысық»

ойыншығы бар себет.

Дымқыл қазғаз бетінде сурет салу техникасымен

орындалған мысық бейнесі бар иллюстрациялар.






Әліппе-альбом.

Палитра, акварель,

қылқаламдар.













Әліппе-альбом.

Жай қарындаштар, акварельді

бояулар, қылқалам

төгілмейтін стақан, палитра,

мақта майлықтар




IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

рефлексия.

26–30 минут

(Ұ, Ө) Балалардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады. Педагог балаларға өз жұмыстары туралы әңгімелеуді және аттар ойлап табуды ұсынады. Балалар жұмысты талдайды:

– Кімнің жануары ең қызықты болып шықты?

Бүгін достарың сендерді, сендердің жетістіктеріңді бақылайтын болады. Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды;бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; тапсырманы

орындай алмадым деп ойласаңдар,бір қылқаламды бояңдар.

Балалардың жұмыс-тарын орналастыруға арналған стенд.

Әліппе-альбом.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі