МЕНІҢ
СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫМ
Ібнажіп
Шұғыла, 3 курс студенті. Әркім өзіне бір
мақсат қояды. Менің мақсаты бағдарламашы
болу, яғни белгілі бір бағдарламалау
тілінде жұмыс жасайтын адам болуым
керек. Телефондағы, компьютердегі
әртүрлі бағдарламалар барлығын да
бағдарламашылар құрастырған. Қазіргі
таңда бағдарламалау тілдері өте көп,
саны шексіз-ау. Менің білетінім Java, PHP,
C++, HTML, OBJECTIVE C, Adobe Photoshop т.б. Соның ішінде
апайым ең соңғы бағдарламаны жақсы
үйретуде, яғни компьютерлік графика.
Ол пәннен Ләззат апайым береді. Ол
кісінің сабақ беру тактикасы керемет
ғой. Сөйлеу мәнері, жасаған қадамы,
студенттің алдында өзін қалай ұстауы,
барлығы да 100 пайызда. Менің тобымдағы
балалардың барлығы осы пәнді жақсы
көреді. Неге екенін қайдам?! Бірақ мен
үшін бұл пәннің ерекшелігі біріншіден
ұстазым ұнағаны үшін, екіншіден пәнге
деген қызығушылық.
Adobe
Photoshop бағдарламасы медицинада үлкен
сұранысқа ие. Бүгінгі күндері медициналық
клиникалар өз жұмыстарында графикалық
мүмкіндіктеріне жүгінуде. Біз сабақта
эксперимент жасадық. Адамның суретін
Adobe Photoshop-та жасап, пластикалық отаға
жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен
фотоға түсіріп, суретті компьютерде
сақтап алдым. Adobe Photoshop бағдарламасы
арқылы операция жасалатын жерлерге
өңдеу жұмыстарын жасайды, «дейінгі»
және «кейінгі» нәтижесін апайым
көрсеткенде, мен барлығын ұмытып сол
жұмысты жасау үшін, барлық мүмкіншілікті
жасадым. Adobe Photoshop бағдарламасы адамның
сыртқы келбетін әдемі етіп өзгертуге
мүмкіндік беретін программа. Бұл
бағдарлама арқылы әр адам минимум
дегенде өз фотосын қалауы бойынша
өңдеуіне мүмкіндігі бар.
Adobe
Photoshop-полиграфия мамандарына өте қажетті
программа. Полиграфиялық өнім кез келген
кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі
болып табылады. Енді менің өз жұмыстарымды
келесі суреттерден көріңіздер.
Сурет
1. Менің аулам
Сурет
2. Астана, дәл ортасында Мекке.
Сурет
3. Компьютерлік желі
Сурет
4. Компьютерлік класс
Сурет
5. Менің кабинетім
Adobe
Photoshop бағдарламасының аспаптарының өзі
тамаша. Адам сенгісіз суреттерді
дайындау, оларды редакторлеу және өңдеу
қоғам игілігіне қызмет етеді. Бұл
бағдарламаның кең ауқымда дамып келе
жатқанын өзіміздің жердің өркендеуінен
де көруге болады.
Бұл
пән ұнайды, бұл пән арқылы мен көп нәрсені
үйрендім, үйренетін жерім әлі де көп.
«Үйрен де жирен» дегендей, үйретуден
жалықпайтын ұстазым сияқты адам болса,
мен үйренуден жалықпаймын.
Ібнажіп
Шұғыла-3 курс студенті