Материалдар / Менің сүйікті мамандығым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің сүйікті мамандығым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сүйікті мамандығым. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең негізгі, ең маңызды қабылдаған шешімдерінің бірі. Оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» - деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, МЕН де осы өмірде өз орнымды тауып, өз ізімді қалдырғым келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2021
653
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің сүйікті мамандығым.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең негізгі, ең маңызды қабылдаған шешімдерінің бірі. Оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» - деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, МЕН де осы өмірде өз орнымды тауып, өз ізімді қалдырғым келеді. Бала күндерімнен бастап  ұстаздарымнан үлгі алып, олардың сөйлеу мəнеріне, өзін ұстауына, сабақты түсіндіру шеберлігіне ғашық болдым. Есейе келе, бұл арман - алға қойған мақсатқа айналды. Мамандығым – бұл менің өмірім. Оны үш бетке сыйғызу маған оңай болмады. Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу – жай ғана мамандың иесі емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Ұстаздық ету – ол өмір бойы үздіксіз оқу. Ұстаздық сынды ұлағатты істі рухы мықты, көңілі ояу, ұлтын сүйетіннағыз шеберлер ғана істей алады. Алдымыздағы әрбір бала, білім алушы қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – менің ұстаздық борышым деп білемін. МЕН сүйікті мамандығыма бірден қол жеткізе алмай, ұзақ жүріп келдім. Біз адамдар барлығын жоспарлап, кесіп-пішіп, жасап жүрміз деп ойлаймыз. Алдымызға мақсат қоямыз. Соған жету жолында күш-жігерімізді сарқып, аласұрамыз. Бүкіл өміріңнің бір сәтте тас-талқан болатынын біле бермейміз. Әкем мен анамның кезектесіп аурухана паналауына байланысты 1999 жылы Шымкент медицина колледжіне «Емдеу ісі» мамандығына түсуіме тура келді. 2002 жылы «фельдшер-акушер» біліктілігін үздік дипломмен бітіріп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Оқу үздігіне» арналған қол сағаты және мақтау қағазымен марапатталдым. Сол кездегі колледж директоры Е.А.Момынов мақтаулы қызды жібергісі келмеді ме, мені колледждің өркендеуіне үлес қосуға алып қалды. Содан тұрмысқа шығып, екі балалы болдым. Ол кезде еліміз еңсесін көтеріп, жан тану ілімі елімізде оқытылып, қарқын алып жатқан кез. 2004 жылы арманым мені жетелеп Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне «Педагогика және психология» мамандығына түстім. Содан, МЕН, Егембердиева Динара Бахтияровна өз еңбек өтілімді 2006 жылы Шымкент медицина колледжінен бастадым. 2007 жылдан бастап «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы қызметін атқара жүріп, колледжішілік «Үздік фельдшер», «Үздік мейірбике» сайыстарына дайындаған топтарым үнемі жүлделі орындар алатын.

Қарым-қатынасқа көп көңіл бөліне бастаған нарықтық заман талабы сезілді. Колледжімізде білім алған әрбір орта буынды медицина қызметкерінің қарым-қатынасты пациенттермен дұрыс орната білуіне көп мән берілді. 2011 – 2012 жылдар аралығында орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілік арттыру бөлімінің әдіскері қызметін атқарғанда, қаламыздағы емдеу ұйымдарында жұмыс жасап жүрген медицина қызметкерлерінің қарым-қатынас мәселелерімен бетпе-бет келіп, жай-күйлерімен жіті танысып зерттедім. 2012 жылдан бастап «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» пәнінің оқытушысы қызметін аға оқытушы қызметімен қатар атқарып келемін. МЕН өміріме қажет болады деп оқыған әрбір кәсіп, мамандығымды жақсы көремін. Қосымша алған маман куәліктерім де өз өмірім де көп септігін тігізді: 1991-1994 жылдар аралығында домбыра үйірмесіне қатыстым (тоқырау заманда жабылып қалды). Содан 1995-1996 жылдар «Әйелдер көйлегін тігу» мамандығынан 2-класс/категория алдым. 2002 жылы «Уқалаушы» мамандығын да қосымша оқып меңгердім. МЕН өз ісімді, өз мамандығымды сүйемін. Менің бала арманым орындалды. Колледжде МЕН ең бақытты оқытушымын. Себебі, өз ұстаздарыммен (кезінде дәріс берген) және кейінгі ұрпақ өз студенттеріммен әріптеспін (оқуын жалғастырып колледжге қайта келген). «Мен кеше кім едім?» - деп ұстаздарыма қараймын. «Бүгін кім болдым? Не тындырдым?» - дегенде алдымдағы шәкірттеріме қараймын.

МЕН өз мамандығыммен мақтанамын. Себебі ақ халатты абзал жандарды білім нәрімен сусындата отырып, рухын жігерлендіремін. Бірде бір шәкіртімнің айтқаны бар еді: «Сіздің балаларыңыз бақытты шығар, Сіздей педагог-психолог анасы бар». Сонда мені: «Кісі баласына беріп жүргенімді ұрпағыма бере алдым ба?» - деген ой мазалады. Содан: «Ана-ұстаз» бола алдым ба және ертең қандай «Әже-ұстаз» боламын? «Салиқалы ұстаз» бола аламын ба? - деген ой мазалады...

«Абайың мықты болса, өзінен асқан ұл тудырсын», - деген Құнанбай Өскенбайұлының айтқаны есіме түседі. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрыстығын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлде қашан айтып кеткен. Өз халқын: «Жұрт болсын, өссін, өнсін», - дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, құлақ салсын. Абайдың әрбір қара сөзі тұнып тұрған психология, жан тану, өзін-өзі тану. Білгеніңді біреуге үйрету – мұсылманның парызы. «Психология», «Коммуникация» ілімдерінің түп төркіні біздің салт-дәстүрімізде. Сондықтан МЕН өз ұлттық психологиямызды дәріптеп жүремін. 2017 жылдан бастап Шымкент өңірінде жұмыс бабымен жүрген американдық және голландық ұлт өкілдерімен тағдыр жолықтырды. Олар қазақ тілін (қазақ тілі мамандарынан) үйреніп, енді қазақтың ұлттық қарым-қатынас ерекшеліктеріне қызығушылық танытып, менен көмек сұрады. Осы 5 жыл төңірегінде МЕН оларды қарым-қатынас жасау қағидаларына және ұлттық салт-дәстүріміздің түпкі ойын түсіндіріп, сабақ жүргізіп келемін. Елінен жырақта жүргендегі оларды МЕН жігерлендіріп, қолдау сөздер айтып жүрмін. Менің ендігі арманым Қазақстанның әрбір қаласында «Отбасы институтын» немесе орталығын ашу және оны бір ыңғайлы жүйеге қою. Мысалы, шет елдердегідей жай медитация жасау, бұл біздің менталитетке тура келмейді. Менің мақсатым осы орталықтарда түп сананы детокс жасап тазалап болған соң, оның орнын жақсы дүниелермен толтыру. Мысалы: құрақ құрау, ілмекпен тоқу, киім тігу, жыртығын жамау, ескі затты кәдеге жарату, балшықпен ыдыстар жасау, ағаштан бұйымдар жасау (оқтау-тақтай), тігістерге үйрету және т.б. үй тұрмысына қолдануға қажетті заттар. Сонымен қатар домбыра шерту т.б. жаны қалаған аспаптарда ойнауды үйрену. Қажет жағдайларда уқалау техникаларына үйрену т.б. «Рухани жаңғыру», «Ұлттық код» қалыптастыру. Менің осы бастамамды қолдаймын деушілер болса немесе басқа да ұсыныстар болса, МЕН шын жүрегіммен қолдау көрсетуге әзірмін. МЕН бүгінде басқа адаммын. МЕН ешкіммен жарыспаймын, таласпаймын. МЕН жай ғана қуанышты сәттерімнің болғанын қалаймын.

Өмір МЕНІ соған үйретті!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!