400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің сүйікті мамандығым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы эссемді Абай атамыздың мына сөзімен бастағым келіп отыр «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан». Бұл өмірде өзіңнің мамандығыңды таңдап алып, оны сүйе білмесең онда өз жұмысыңның рақатын да, жемісін де көре алмайсың. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезіне алады. Мен тәрбиеші мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бөбек лүпілі»жеке меншік балабақшасы









Эссе тақырыбы:

«Замануи мектепке дейінгі ұйымның әдіскері»













Дайындаған: Бекишева М.А

























«Замануи мектепке дейінгі ұйымның әдіскері»



Бекишева Маржан, «Бөбек лүпілі» жекеменшік балабақшасының әдіскері: Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылы

Мен сөзімді Абай Құнанбайұлының мына сөзімен бастағым келіп отыр «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан».Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезіне алады. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.

«Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай осы үш қасиет педагогтің бойынан табылуы керек. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, әдіскердіңде әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын түрде тәрбиелеу – елдік мәселе.

«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деген сөз бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі тәуелсіз еліміздің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады.

Адамға ең бірінші керегі – білім емес, тәрбие. « Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп Әл-Фараби айтқандай, жас ұрпақ бойына бірінші кезекте тәрбие берілуі керек. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын ала адмның рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды.

Балғын сәбидің қиялы әр нәрсеге еліктегіш келеді емес пе? Олай болса, таза бұлақтай мөлдір осы бір сәби жүрегін ата-бабамыздан бүгінге жетіп отырған асыл мұрасымен таныстырып, өмірге баулу мына біздің басты парызымыз деп ойлаймын.

Жұмысымыздағы алдыма қойған түйінді мәселем – балалардың танымдық қабілетін жан-жақты дамыту, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өз-өзіне деген сенімін нығайту, ұлттық сана сезімін тәрбиелеу және де ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту. Менің алға қойған мақсатымның бірі халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке, инабатылыққа, ұлтжандылыққатәрбиелеу. Осы тұрғыда « Ұлттық тәлім-тәрбие» тақырыбында әр түрлі іс-шаралар,тәрбие сағаттары,ата-анамен бірлескен жұмыстарды жоспарға сай өткізіп отырамын.

Мемлекттік стандарт талаптарын орындау барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің ойын, пысықтау, кіріктірілген түрлерін жиі қолданамын.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының бес с әр бөлімдерінің ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінде, ұлттық салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңіру. Мысалы: бесікпен таныстыру, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу т.б. Өз тәжірибемде халық ауыз әдебиетінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланамын.

Баланы оқыту мен тәрбиелеу «Бөбк лүпілі» балабақшасында да өз жадғасын табуда.

Қортынды: Сөзімді қортындылай келе,«Замануи мектепке дейінгі ұйымның әдіскері»қандай болу керек?деген сұраққа заман талабына сай жаңа технологияны меңгерген,қабілеті жоғары,жаңалыққа,өзгеріске жақын жаңашыл әдіскер болу керек деп ойлаймын.

Қызығы да, қиындығы да мол жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай Құнанбаевтің:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегңің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деген қасиетті қағидасын менің әрдайым жүрегімнің

түкпірінде ұстаймын, ұстанамын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі