Менің сүйікті мамандығым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүйікті мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген мамандық иесінің өз борышы бар.Сол борышымызды өтеу бәрінің міндеті. Ал ұстаздың міндеті, алдында отырған баламен сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын жалықпай, шыдамдылықпен тыңдай білу. Сонымен қатар терең білім беру үшін тәрбие де дұрыс болуы керек. Тәрбиесіз берген білім құмға сіңген судай емес пе?!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті мамандығым

«Ұстаз» жай айтыла салатын сөз емес.Ол болашақ елі үшін аянбай қызмет ететін үлкен тұлға.Өйткені , ұстаз бала бойына дән егіп, сол дәннің өнуіне,өсуіне, жемісін беріп, сол жемістің елге,қоғамға пайдасы тиетіндей етіп өсіруші. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демей ме?!

Иә,шәкірт жолында тынбай ізденіс үстінде жүріген ұстаз «Балаға не үйреттім, мен оған бүгін қандай жаңа ақпарат бердім?» деген сұрақтар төңірегінде ойланады. Осы сұрақ төңірегінде менде көп ойланамын. Өйткені мен- ұстазбын. Келешек ұрпақ өмірінің суретшісімін. Бұл менің сүйікті мамандығым. Олай дейтінім ұстаз жолында жүрген әр бір адам жалаң білім беріп қоюмен шектелмейді.Олар үнемі ізденіс үстінде жүріп, білім мен тәрбиені қатар беруге тырысады.Болашақта ол баланың қандай болып өсуі ұстазға байланысты. Олай дейтінім әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол баланың зерттелмеген құпиясына тереңірек үңіліп, баланың ерекше қабілетін танып, оның жүрегіне жол тауып, жан дүниесін аша білу де біздің борышымыз.

Кез келген мамандық иесінің өз борышы бар.Сол борышымызды өтеу бәрінің міндеті. Ал ұстаздың міндеті, алдында отырған баламен сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын жалықпай, шыдамдылықпен тыңдай білу. Сонымен қатар терең білім беру үшін тәрбие де дұрыс болуы керек. Тәрбиесіз берген білім құмға сіңген судай емес пе?!

Бірінші білімнен емес тәрбиеден бастау керек. Бүгінде біздің қоғамда жаһандану үрдісімен қоса қиыншылықтарда көбейіп жатыр. Смартфонан, теледидардан жаулап алған көптеген арзанқол сериалдар, әуендер,ойындар жастарымызды улап барады. Осындай жағдайлар баланың психикасына әсер етеді .

Сондықтан тәрбие жұмысы көп жұмыс жасауды қажет ететін сала. Осындай келеңсіз істермен жұмыс жасай отырып баланы оқу, білімге шақыру. Көптеген іс-шараларға қатыстырып, қолдап отыру керек.

Егер адам өмірге, қоғамға бейім, білім нәрімен сусындаған тәрбиелі де, ізгі жүректі мақсат етіп қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға ұмтылса, онда оның жүріп өтер жолы айқын

Ендеше сіз бен біз бірлесе отырып жұмыс атқарсақ биік белестерді бағындыратынымыз анық. Ұсатаз жолы-ауыр жол. Оқушымен қоса өзіңде оқып ,ізденіп жүресің. Міне, сүйікті мамандығым осындай жұмысты талап етеді.

.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2023
256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі